Менің сүйікті ұстазым!



Дата21.01.2022
өлшемі15,18 Kb.
#112785
Байланысты:
Менің сүйікті ұстазым
Қазақстандық жаңашылдардың іс-тәжірибесі, Қазақстандық жаңашылдардың іс-тәжірибесі

Менің сүйікті ұстазым!


Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады, - деп, Абай атамыз айтқандай, «Ұстаз - ең қастерлі ұғым». Ұстаз барлық мамандық иесін тәрбейлейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. Ұстаздар жасайтын еңбекті ешкім жасамайды, себебі адам өмірін құтқаратын дәрігерде, ел басқаратын президентте барлығы мұғалімнен тәлім тәрбие алады. Жылдың 364 күнінің 270 күнін ұстаздарымыздың жанында өткіземіз. Әр бір адам өмірінде әр түрлі оқытушыларды кездестіреді.

Олар мектепте ең алғаш қалам ұстатқан немесе әр пәннің қыр сырын үйреткен жандары болуы мүмкін. Менің ойымша ең ұстаздардың ішінде қыйыншылығы көп, ол өзіне әріптес тәрбейлейтін ұстаз. Менімен келіспейтіндеріде болар, қарсы шығып ең қыйын жұмыс  ол бастауыш мектептің мұғалімдері деп айтатындары да бар болар. Бірақ менің осы өмірде біліп түйгенім, өмірден көргенім кіші жастағы балаға қарағанда, ой түзеп, ата-аналарынан бөлек кетіп, арман қуып басқа қалаға келген студенттерге тәлім тәрбие беру   қыйын деп санаймын. Өзім тоғыз сынып  бітіріп, арман қуып Ұлы Абай атамыздың атыңдағы “ Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжіне” менде болашақта шәкірт тәрбейлейтін ұстаз боламын деп Информатика пәні мұғаліміне оқуға түстім. Кеше болғандай әлі есімде 1-қыркүйек колледж алды абыр-сабыр, ИЕТ-9-17 деген таяқшамен нұрлы жүзді, нәзік жанды, аяулы ұстазым Абилова Айзада болыспаевна тосып алды. Иә, осы нұрлы жүзді періште жан менің топ жетекшім болды. Ең алғашқы күндерден ақ, өзінің мейрімімен топтағы 15 баланың жүрегін жаулаған асыл жан. Ең алғашқы тәрбие сағатында маған қарап “сенің бойында ұстаздық қасиет бар, сен өзіне адамды баурап ала аласын” деген сөздері маған жылулық берген болатын. Колледждегі ең алғашқы іс- шара “Алло, біз таллантарды іздейміз” деген байқауда менің 1 орын алғанымды көріп, барлық болатын жарыстарға, конкурс пен іс-шараларға мені жетектеп әлі күнге дейін келе жатыр. Колледждегі дарынды және талантты балаларға арналған “Жігер” жастар қозғалысына мені ертіп барған болатын. Павлодар қаласында өткен “Қазіргі замаңғы ғылым” атты конференцияға жетелеп дәрежелі 2 орын иеленіп келгенімде осы топ жетекшімнің арқасында. V ғалықаралық конференцияға қатыстырғанда осы топ жетекшім. “ Жас Дарын” медальімен марапатталып лауреат болғанымда осы асыл жанның арқасында. Барлық жеткен жетістіктерімді жазсам қағаз бетіне симар. Мақтанғаным емес бұл менің ұстазымның жетістіктері. Бірінші кездесуімізден міне тура 4 жыл өтті. Төрт жыл біреуге көп, біреуге аз болуы мүмкін. Бірақ, мен үшін осы төрт жылды көркем еткен топ жетекшіме алғысым шексіз. Тек колледждегі өмірімді ғана емес колледж сыртындағы өмірде де көп көмек көрсеткен аяулы асыл адам. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы дейді қазақ, сол секілді менің ұстазым жақсы. Сол ұстаздың жолын қуу менің парызым…

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет