Елбасмыз Нұрсұлтан Назарбаев



Дата28.04.2020
өлшемі16 Kb.
#65030
Байланысты:
Эссе Кенжебекова
Семья и школа, Құндыз дарынды балалар, Балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай, Нұрбике, эссе, Пед колдау, Пед колдау, Пед колдау

Эссе

Елбасмыз Нұрсұлтан Назарбаев:  «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат  нағыз көшбасшы болуға лайық» деген болатын. Сондықтан да Елбасымыз айтқандай, әр көшбасшының бойынан патриоттық сезім, өз тілін құрметтейтін, еңбекшіл,  өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылатын адам нағыз көшбасшы бола алады. Көшбасшы деп өз өмірін қолына алған, басқаларды емес, ең бірінші өзін өзгертуге тырысатын адамды айтуға болады. Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі  әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.

Адам көшбасшы болып туылмайды, көшбасшы болып қалыптасады. «Көшбасшылық – бір мақсатқа жетелейтін қасиет» олай дейтінім әр көшбасшының бойында көп қасиет бар. Десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Ең алдымен мақсатқа бағытталған, мақсатқа ұмтылған, жорғалап болсын жете алатын адам болу. «Мақсатсыз адам қанатсыз құспен тең» деген халқымызда ұлағатты сөз бар. Қанатсыз құс ұша алмайтыны белгілі және ол құстың ұшуына әсер етумен қатар, әуеде тепе-теңдікті ұстауға бірден-бір құрал. Мақсаты жоқ адам да тек өмірдің ағысымен жүзетін, өмірде кез келген нәрседе тепе-теңдікті ұстауға қабілеті жоқ адам.

Көшбасшы әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады. Бұл – көшбасшылардың ең маңызды қасиеттерінің бірі. Қандай жағдай болмасын сабырлық таныту керек. Себебі, өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы басқаларды тығырыққа тіреуі мүмкін. Сонымен қатар көшбасшының бойында өзіңе деген сенімділік болу керек. Көбінесе біз басқалардың көзқарастарын пайымдау арқылы өзімізге баға береміз, ал асылында қандай болғымыз келетінін тек біз шешуіміз керек. «Бойымыздағы сенімділік өзгелерге де сеніммен қарауға көмектеседі», деп Франсуа де Ларошфуко айтқандай, сенімділік – ол белгілі бір істі нәтижелі орындауға деген талпыныс, қолыңыздан келетініне сенімде болу. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады, өзіне деген сенімділік күшті болады.

Өз ортасында сұранысқа ие болу және әр істі кемеліне жеткізіп орындау шынайы көшбасшы болудың кепілі. Кез келген программа, ойын немесе қарапайым iPhone-ды алсақ, жыл сайын жаңа нұсқаларын шығарып отырады және жаңадан адамдарға пайдалы бір-екі дүниелер ойлап табады. Сол сияқты көшбасшы да күн сайын өзін жаңа деңгейге көтеретін пайдалы істермен айналысып үйренуі қажет. Малкольм Гладуэлл деген канадалық жазушы, журналисттің айтуынша, «кез келген саланың мықты шебері болу үшін 10 000 сағат керек екен. Күніне 2 сағаттан санасаңыз, 5000 күн кетеді, ол деген 13 жыл екен. Мықты футболист, ең мықты теннисші, ең мықты скрипкашы, ең мықты аспазшы, ең мықты режиссер, ең мықты әнші, ең мықты кәсіпкер барлығы өз саласына өмірінің кемінде 13 жылын арнаған». Қазақта жақсы нақыл сөз бар: «Жігітке жеті өнерде аз». Қоғамға пайдалы болу үшін, ортада беделге ие болу үшін адамның бірнеше дағдылары болу керек.



Қорытындылайтын болсам, көшбасшылық - бұл адамдарды алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшының бойында басқа да көптеген қасиеттер жетерлік. Олардың біреуі болмаса да, басқасы кез келген адамның бойынан табылады. Тіпті, барлық қасиеттер бір адамның бойынан табылуы мүмкін. Бірақ ақиқатында біз өзіміздің артықшылықтарымызды білмейміз. Басқалардың қолынан келмесе, «ол істей алмаса, мен де істей алмаймын» деген стереотип түсінікпен өмір сүрудеміз. Керісінше, «ол істей алмаса, мүмкін мен істей алатын шығармын» деп пайымдау қажет. Өйткені, көшбасшы болу – ол заман талабы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет