Сабақтың тақырыбы: Дәрігерде Білімдік мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі169,31 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Дәрігерде

Білімдік мақсаты;
Дәрігер туралы білімдерін толықтыру, сөйлемдер құрау шеберліктерін жетілдіре түсу. Сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау шеберліктерін жетілдіре түсу. Сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрап үйрету, білім деңгейлерін көтеру.
Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың ой – өрісін кеңейту логикалық ойлауды дамыту, есте сақтау қабілеттерін молайту, жүйелі түрде ауызекі сөйлеуге машықтандыру, тілдерін дамыту.


Тәрбиелік мақсаты:

Дәрігер мамандығының ерекшелігіне тоқтала отырып, денсаулықтарын қазірден бастап сақтауға тәрбиелеу. Қоғамдық орындарда сыпайлық сақтай білуге дағдыландыру. Тазалық сақтай білуге үйрету.


Көрнекілігі: суреттер, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ойындар, жұмбақтар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ – жауап, түсіндіру, суретпен жұмыс, іздену, жұппен жұмыс, шығармашылық.

Пән аралық байланыс: орыс тілі, математика.


Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу

Табыс талаптары.

Тіл ашар: «Қыс» мезгілі туралы

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтарға жауап беру.

III.Жаңа сабақ:

«Дәрігерде»

Ойын: «Сиқырлы сандық»

«Дәрігерлер» өлеңін мәнерлеп оқу


ДӘРІГЕРЛЕР

Кірпік қақсаң үзілердей гүл шырын,

Алмайсыңдар ай, аптада бір тыным.

Аққу құстай балапанын қорыған

Сақтайсыңдар адамдардың өмірін.

Дәрігерлер, дәрігерлер,дәрігер...

Жедел жәрдем бере гөр.

Ақ халаттың арасынан көрінсең,



Аулақ жүрер ауру деген әбігер.
К. Салықов
Сабақтың мақсатын ашу

Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сөздік жұмысы

Жұппен, ұжыммен оқу

Буынға бөлу, буын түрін ажырату

Сөз тіркестерін, сөйлем құру

Ойын: «Кім жылдам?»


мейірбан – милосердный борыш - долг

батыл – смелый міндетті - обязаны

саналы – сознательно жедел жәрдем – скорая помощь

шыдамды – терпеливый жұқпалы - заразный

науқас – больной ауырғанына қарамастан – не смотря на

қауіп - опасность свою болезнь

емдейді – лечит

Мәтінмен жұмыс

Іштей, мәнерлеп, дауыстап оқу

Бір сөйлемнен оқып, аудару.



ДӘРІГЕР

Дәрігер адамдарды жақсы көруге әрі мейірбан жүректі болуға тиісті. Өйткені науқастың ауруын жеңілдету, оны емдеу – дәрігердің бірден-бір борышы.

Дәрігер білімді, батыл әрі шыдамды болуға тиіс. Ол нендей бір жұқпалы ауру болса да, емдеуге баруға міндетті. Ауруды жұқтырып алу қаупін білсе де, өз еркімен саналы түрде, күтіп, емдейді. Оларды түн демей, күн демей, науқас адамға шақырады. Басқа дәрігер болмай қалса, ол өзінің ауырғанына қарамастан, шақыруға барады. Неғұрлым жылдам жетіп, жедел жәрдем көрсетуге міндетті.
Сұрақтарға жазбаша жауап жазу


  1. Дәрігер қандай болу керек?

  2. Қандай кездерде ол адамдарға көмектесуге міндетті?

  3. Ол адамдарды қалай емдеуі керек?

Мәтінді әңгімеліп айту

Ойын: «Кім тапқыр?»



Жұмбақ
Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар

Байлық осы деседі.

(Денсаулық)

Ойын: «Кім жаңылыспайды?»


Жаңылтпаш
Дәрігер бүгін әбігер

Әбігер түнде дәрігер

Дәрігер күнде әбігер

Әбігер бүгін дәрігер.


Ойын «Кім көп біледі?»
Мақал – мәтелдер
Денсаулық – зор байлық
Дені саудың жаны сау.
Ішің ауырса, аузыңды тый

Көзің ауырса, қолыңды тый


Жұмыстың жаманы жоқ.
Күннің суретімен кластер жасау

Жауапты



Дәрі жазып береді ДӘРІГЕР Емханада жұмыс істейді
Көз дәрігері
Эссе жазу


Сабақты қорытындылау

Рефлексия

Не өттік?

Үйге тапсырма беру: диалог құру



Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 1059
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1059 -> Именалинова Джамиля Мұғалім портфолиосы а есебі 1лек 1 топ ІІ деңгей


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу