Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім
Дүниедегі мамандық атаулының төресі -ұстаздық. «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәлімі, өнегесі шәкіртінің жарқын болашағының қазығы. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейі-рімді жан. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.
"....Мұғаліміңді құлақ қойып тыңда, басқаға алаңдама"- деп күн сайын қайталап айтатын ана сөзі де, болашақ мұғалімнің өз ұстазынан мол үлгі алуы, әрбір сөзін қайталауы, ісін үлгі тұтуы өз жемісін берді. Болашақ мұғалім кім? Болашақ мұғалім- Каламкасова Ляззат Байсанқызы. Ол Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының «Өзін-өзі тану» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші. Ляззат Байсанқызы Алматы облысы Шелек ауылында 1974 жылдың 27 қазанында дүниеге келген.
Жасынан жақсы ұстазға кезігіп, мол тәлім-тәрбие алған болашақ мұғалім өмір майданында мойымай күресуге батыл болды. Болашақ жолдарда бағытынан таймады. Бала арманы жетелеп 8-сыныпты аяқтасымен аудан орталығындағы мұғалімдер даярлайтын Есік педагогикалық колледжінің бастауыш сынып мұғалімі бөлімінің дайындық курсына тапсырады. Дайындық курсы аяқталысымен, емтихандар басталып бақытына орай, оқуға түседі. "Талаптыға нұр жауар " дегендей осы аталған оқу орнын ерекше ынтамен оқып,"Үздік дипломмен" аяқтайды. Ұстаздық еңбек жолы отыз жылға жуықтап жатса да, өз мамандығының қиындығымен күресіп, ал қызығына балаша тоймай келеді.
Каламкасова Ляззат Байсановна 1993-2018 жылдар аралығындағы 25 жыл еңбек өтілін, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған еліндегі ақын атындағы мектепте қызмет етті. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап «Өзін-өзі тану» гимназиясында жемісті еңбек етіп келеді.Жоғары білімді,біліктілікті маман. Жұмыс барысында өзін пәнді оқыту әдістемесін жетік меңгерген шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог ретінде көрсетті. Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
Сабақ беретін сыныбында оқушылардың қабілеттеріне сай арнаулы іс - жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, білімі мен өнегесін арнап, бойындағы бар күш - жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. Оның сабақтары жоғары кәсіби деңгейде өтеді. Мұғалім оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланады. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен қолдана біледі.
Ляззат Байсановнада үлкен білім қоры бар, бұл оған сабақтарды жоғары кәсіби деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Өз жұмысы үшін келесі жетістіктері бар: ҰҒПББСО АҮДИ мамандары ұйымдастырған «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы бойынша вебинарға қатысып, «Бөбек» ҰҒПББСО "Алғыс хатын" алған.
Сонымен қатар, «Бөбек» ҰҒПББСО сайтында 2 сынып "Өзін-өзі тану" пәні бойынша даярлаған 8 бейне сабағы жарияланды. «Ұстаз тілегі» сайтында 6 сабағының жоспарын жариялап, "Алғыс хат" иемденген. «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ мамандары «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы бойынша ұйымдастырған республикалық курстың тыңдармандарына ашық сабақтар,видео сабақтар ұсынып келеді.
Ляззат Байсановна – өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді.Заман талабына сай, білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол. Әріптестер, оқушылар және ата-аналар арасында құрметке ие ізгі жан.