«Бекітемін»
------------------- 12.04.2017ж 6 Ә сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Топырақ,топырақтың түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды топырақтың түрлері мен ерекшелігі және оның құрамымен таныстыру. Дамытушылығы: Тәжірибе жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамыта отырып біліктілігін, дағдыларын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, тәжірбие жасау,миға шабуыл
Сабақтың көрнекілігі: Топырақтың түрлері, Қазақстанның картасы.Интербелсенді тақта,слайд,видеоролик,спиртшамы,стакан,су,таратпалар
Сабақтың барысы :
1Ұйымдастыру
2 Үй тапсырмасын сұрау
1.Адасқан әріптер,оларды пайдаланып сөздер құрап,мағынасын ашу,ағылшын тіліне аудару
2. «Ағзалардың жер қабықтарына әсері» Сызбаны толықтыр
3.Сарамандық жұмыс,тәжірибе жасау
4.Тәжірибені қорытындылау
5.Жаңа сабақ
6.Шығармашылық тапсырма
7.Бекіту «Миға шабуыл»
А)Тақырыпқа байланысты PISA тапсырмасын орындату
Ә) Сұрақ-жауап
8.Үйге тапсырма
9.Сабақты қорытындылау Шығу парағын толтыру
10. Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын түгендеп, назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау Слайд№2
1.Адасқан әріптер,оларды пайдаланып сөздер құрап,мағынасын ашу,ағылшын тіліне аудару. Слайд №3
ОСБФЕАРИ
БЗОЦЕНИО
ШІРТІЛКІ ОРФСАЫМ
ЯФГОГИБЕОИАР
Дұрыс жауабымен тексеру Слайд№4
2. «Ағзалардың жер қабықтарына әсері» Сызбаны толықтыр Слайд№5-6
Оқушыларға қалып кеткен сөздерді толықтырып жазу тапсырылады.Орындап болған соң тақтаға дұрыс жауабын шығарып өзара жұпта тексеру.Слайд№7
Тірі ағзалардың литосфераға әсері арқылы түзілетін бұл компоненттің не екенін қазір тәжірибе арқылы анықтаймыз.Сарамандық жұмыс жоспарын тарату
Сарамандық жұмыс Слайд 8
Тәжірибе №1.
Ақ қағаздың бетіндегі топырақ құрамын анықтау
Тәжірибе №2. Слайд 9
Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқадық? Көпіршіп шыққан не?
Тәжірибе №3. Слайд10
Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар?
Тәжірибені қорытындылау. Слайд 11
1 Топырақ құрамында өсімдік тамырлары мен шірінділер бар
2. Топырақ құрамында ауа бар
3. Топырақ құрамында ылғал бар.Параққа тәжірибе қорытындысын жазу.
Бұл тәжірибе арқылы біз бүгінгі сабақтан нені білуіміз керек екенін түсіндік. Нені білуіміз керек? Топырақ құрамын,түрлерін,ерекшелігін.
Жаңа сабақ
Топырақ,топырақ түрлері дәптерге жазу.
Тақырыпты 3 топқа бөліп беріп,өз бетінше меңгерту.Топтан оқушылар шығып түсінгенін айтады.фишкамен бағалау.Дәптермен жұмыс ереже мен терминдерді жазып алу
Сұрақ беру.
Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы – құнарлылығы. Құнарлы топырақта өсімдік өседі. Таза тау жыныстарында өсімдік өспейді.
Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабатын топырақ деп атаймыз. Сонымен топырақтың беткі қабаты өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығынан
құнарлы қарашірік топыраққа айналады.
«Қарашірік» – Гумус- топыраққа қоңыр түс беретін беткі қабатындағы өсімдіктер мен
жәндіктердің қалдығын айтамыз.
Қарашірік – тыңайтқыш
Тереңдеген сайын өсімдіктердің тамырлары азая түседі және құрт-құмырсқалардың індерін көруге болады.Олардың бәрі өсімдіктермен қоректенеді.
Жер бетінде топырақ түрлерінің таралуы климат жағдайларымен тығыз байланысты.
Өсімдік сияқты топырақ жамылғысы да экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді, тауларда биіктік белдеулерге сәйкес таралады.
Топырақ түрлерінің таралуы арнаулы топырақ картасында түрлі түсті бояулармен көрсетіледі.
Топырақтың жеке түрлерінің ішіндегі ең құнарлысы – қара топырақ. Топырақтың бұл түрі қоңыржай белдеудегі далалы шөптесін өсімдіктердің астында түзіледі. Шөп жазда өсіп жетіліп, күзде қурайды, оның қар астында қалған қалдықтары қыста шіріп, үгіледі. Далалық аймақтың климаты қарашіріктің жинақталуына өте қолайлы. Бір жағынан температура мен ылғалдың арақатынасы шөптесін өсімдіктердің жер бетін жаппай басып, қалың өсуіне жағдай жасайды. Екінші жағынан ылғал мөлшері пайда болған қарашірікті шайып әкетуге шамасы жетпейді.
Жауын-шашын аз жауатын шөлді аймақтарда жазғы ыстықтан топырақ қатты құрғайды. Жер асты суы таяз жатқан жерлерде және көктемде еріген қар суы жиналатын ойпаңдарда жазда буланған ылғал өзімен бірге жер бетіне түрлі тұздарды ілестіріп ала шығады.
Оны сор дейді.
В.В.Докучаев (1846-1903 жж) – топырақтану ғылымы
ның негізін қалаған. Ол топырақтың түзілу жағдайларын және Жер бетінде таралу заңдылығын ашты. Топырақ атауларын да (күлгін, қара, қызыл қоңыр топырақ т.б.) алғаш ұсынған Докучаев болатын.
Шығармашылық тапсырма: Алдын ала берілген тақырыптар бойынша оқушылар ізденіп келген жұмыстарын көрсетеді.
1 Қазақстанның топырақ түрлері
2.Қызылорда облысының топырақ түрлері
3.В.В Докучаев өмірі мен еңбегі
«Миға шабуыл» сабақты бекіту
Тақырыпқа байланысты PISA тапсырмасын орындату
Жауынқұрт
Жауынқұрттың пайдасы мен зиянын айтып 2 бағбан айтысып. таласып жатыр.Біреуі жауынқұрттың топыраққа ,әрі онда өсетін өсімдіктер, дақылдарға пайдасын айтса,екіншісі құрттың бақша дақылдарының тамыр түйнектерін ,пиязшықтарын,тамыржемістерін жеп,зиян келтіретінін айтады.
Сұрақ: Қай бағбанның айтқаны дұрыс?
Мазмұны
|
ИЯ
|
ЖОҚ
|
1 .Жауынқұрты зиян деген бағбан дұрыс айтты
|
ия
|
жоқ
|
2.Дақылдырдың өнімділігі артады,пайдасы жоғары
|
ия
|
жоқ
|
3.Жауынқұрт тамыртүйнек,тамыржеміс,пиязшықтармен қоректенеді.
|
ия
|
жоқ
|
Ескерту:Әр жауапты түсіндіру (неге «ия».неге «жоқ»
Дәлелдеу жауабы:
Сұрақ-жауап
Топырақ қалай түзіледі?
Тау жыныстарының топыраққа айналуында тірі ағзалардың алатын орны қандай?
Қарашірік деген не? Ол қалай пайда болады?
Топырақтың жеке түрлерінің таралуына климат жағдайлары қалай әсерін тигізеді?
Неліктен В.В.Докучаев топырақтану ғылымының негізін салушы деп аталады?
Топырақ құнарлылығын арттыру үшін қандай шараларды жүзеге асыру керек?
Үйге тапсырма: §51 оқу, қосымша мәліметтерді пайдаланып топырақ экологиясын қарастыру
Сабақты қорытындылау: Шығу парағын толтыру
Берілген сөз тіркесін таңдап, пікірмен аяқта.
Ең қызықты болғаны ………
Маған ой салғаны……..
Мен мынадай сезімде болдым……..
Маған ұнағаны…..
Мені мазалағаны…..
Бәрінен кереметі…..
Топырақ — өсімдік үшін қоректің көзі және баспанасы.
Күніміз ашық,
Түніміз тыныш.
Ауамыз таза,
Топырагымыз құнарлы болсын.
Өзіміз аман болайық.
PISA тапсырмасын орындату
Жауынқұрт
Жауынқұрттың пайдасы мен зиянын айтып 2 бағбан айтысып. таласып жатыр.Біреуі жауынқұрттың топыраққа ,әрі онда өсетін өсімдіктер, дақылдарға пайдасын айтса,екіншісі құрттың бақша дақылдарының тамыр түйнектерін ,пиязшықтарын,тамыржемістерін жеп,зиян келтіретінін айтады.
Сұрақ: Қай бағбанның айтқаны дұрыс?
Мазмұны
|
ИЯ
|
ЖОҚ
|
1 .Жауынқұрты зиян деген бағбан дұрыс айтты
|
ия
|
жоқ
|
2.Дақылдырдың өнімділігі артады,пайдасы жоғары
|
ия
|
жоқ
|
3.Жауынқұрт тамыртүйнек,тамыржеміс,пиязшықтармен қоректенеді.
|
ия
|
жоқ
|
Ескерту:Әр жауапты түсіндіру (неге «ия».неге «жоқ»)
Дәлелдеу жауабы:
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
PISA тапсырмасын орындату
Жауынқұрт
Жауынқұрттың пайдасы мен зиянын айтып 2 бағбан айтысып. таласып жатыр.Біреуі жауынқұрттың топыраққа ,әрі онда өсетін өсімдіктер, дақылдарға пайдасын айтса,екіншісі құрттың бақша дақылдарының тамыр түйнектерін ,пиязшықтарын,тамыржемістерін жеп,зиян келтіретінін айтады.
Сұрақ: Қай бағбанның айтқаны дұрыс?
Мазмұны
|
ИЯ
|
ЖОҚ
|
1 .Жауынқұрты зиян деген бағбан дұрыс айтты
|
ия
|
жоқ
|
2.Дақылдырдың өнімділігі артады,пайдасы жоғары
|
ия
|
жоқ
|
3.Жауынқұрт тамыртүйнек,тамыржеміс,пиязшықтармен қоректенеді.
|
ия
|
жоқ
|
Ескерту:Әр жауапты түсіндіру (неге «ия».неге «жоқ»)
Дәлелдеу жауабы:
Сабақты қорытындылау
Берілген сөз тіркесін таңдап, пікірмен аяқта.
Ең қызықты болғаны ………
Маған ой салғаны……..
Мен мынадай сезімде болдым……..
Маған ұнағаны…..
Мені мазалағаны…..
Бәрінен кереметі…..
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Сабақты қорытындылау
Берілген сөз тіркесін таңдап, пікірмен аяқта.
Ең қызықты болғаны ………
Маған ой салғаны……..
Мен мынадай сезімде болдым……..
Маған ұнағаны…..
Мені мазалағаны…..
Бәрінен кереметі…..
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Сабақты қорытындылау
Берілген сөз тіркесін таңдап, пікірмен аяқта.
Ең қызықты болғаны ………
Маған ой салғаны……..
Мен мынадай сезімде болдым……..
Маған ұнағаны…..
Мені мазалағаны…..
Бәрінен кереметі…..
Сабақтың тақырыбы: Топырақтың түрлері мен қасиеті
Сабақтың мақсаты:
1.Топырақ түрлері мен қарашіріктің пайда болу жолдарымен таныстыру. Өз жерлерінің топырақ түрлерін анықтау. Топырақ түрлерінің су өткізгіштік қасиетін анықтау арқылы қандай топырақта өсімдік өсуге қолайлылығы туралы түсінік беру;
2. Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту. Оқушылардың топырақ, топырақтың құнарлы қабаты туралы алған білімдерін толықтыру; тәжірибе арқылы топырақтың негізгі қасиеттерін, топырақтың құрамын анықтау;
3.Табиғатты аялап, қорғауға, сүюге, бағыт беру арқылы тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі топырақтар, әртүрлі топыраққа өскен өсімдіктер, плакаттар, Қазақстан картасы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: оқу, әңгімелеу, сұрақ жауап, іздену.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
Оқушылардың даярлығын анықтау.
Сабаққа назарын аудару барысында, психологиялық даярлық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Тіршілікке не қажет?
Сулы жер қандай жер?
Судың маңызы?
Суды қорғау үшін не істеу керек?
ІІІ. Жаңа сабақ
Топырақ туралы түсінік беру. Топарықтың түсі мен құрамын талдау.
Топырақтың маңызы, өмірмен байланыстыру.
Күнделікті тіршілік әңгімелеу. Кіріспе
Мына топырақтарға назар аударайықшы, ойланып жауап бер:
Айырмашылығы бар ма?
Ұқсастығы ше?
Тірек сызбамен жұмыс:
Сергіту сәті
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Түсінгендерін тексеру:
• Сұрақтарға жауап алу, өмірмен байланыстыру.
• Тақтамен жұмыс.
Сарамандық жұмыс
Мына топыраққа назар аударайық. Не байқадыңдар?
Айырмашылығы неде?
Ұқсастығы ше?
Мұғалімнің түсіндірмесі... Топырақ екі түрлі, ...
Білгің келсе:
Ауамен, сумен бірге топырақ тіршілік өсімдіктерді қоректік көзі, сумен қамтамасыз ететін жердің жұмсақ қабаты «топырақ» деп аталады. Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлығы. Топырақтың құрамында әртүрлі қажетті қоректік заттар су, ауа, саз, құм, шірінді болады. Топырақтың беткі қабаты қоңыр түсті болып келеді. Қарашірік қабаты. Қарашірік қабаты өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтары.
«Қарашірік» қабатынан төменде бозғылттау қабат жатады. Жоғарыдан сіңген ылғал бұл қабаттағы түрлі минералдық заттарды ерітіп, төмен қарай шайып отырады. Топырақ қабаттарында т.б. зат алмасу жүріп жатады.
Ылғал жоғарыдан төмен сіңсе, құрғақ төменнен жоғары қарай көтеріліп, өсімдік өзіне қажетті қоректік заттарды бойына алады.
картамен жұмыс, топырақтың түрлерімен таныстыру
Қазақстанның көпшілік бөлігі жазық болып келеді. Жазық бөлігінің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Орманды дала аймағы қарашірікті топырақ қалыңдығы: 75см-ге жетеді.
Дала зонасында одан жұқалау қара топырақ, онда астық дақылдары бидай, жүгері егіледі, өнімі мол.
Өсімдіктердің өсуі үшін топырақтың суды сіңіру және бойында ұстауының маңызы зор. Сазды топыраққа түскен су сіңбейді, кілкіп тұрады. Өсімдікке қажетті ауа кірмейді. Құмайт топыраққа су жақсы сіңгенімен суды бойына ұзақ ұстай алмайды, тез кеуіп кетеді. Көп жерлерде топырақ бетіне тұз шығып жатады. Оны «сор» деп атайды. Өсімдік әр жерде бірен-саран кездеседі. Топырақты күтіп, баптамаса азып-тозады, өнім шығыны азаяды.
IV. Оқушыларға оқыту. (Тізбектей оқу)
V. Дәптермен жұмыс
VI. Тест /үлестірмелі карточка/
1. Топырақ қандай қабаттардан тұрады?
2. Топырақ қабаттарының ерекшеліктері?
3. Тау жыныстарының әсеріне байланысты топырақ қандай түрлерге бөлінеді?
4. Өсімдіктің өсуіне қолайлы топырақ?
«Ой өрбіту»
-топырақтың қалай пайда болатынын және туған өлкенің топырағы туралы қандай мағлұмат алдыңдар?
-тәжірибе арқылы топырақтың қандай негізгі қасиеттерін білдіңдер?
VII. Түсінгенін сұрау.
5. «Ой қозғау»
-топырақ дегеніміз не?
-топырақтың ең негізгі қасиеті қандай?
-топырақ неге құнарлы болады?
-топырақтың құрамында не бар?
VIII. Топырақты қорғау үшін қандай үлес қосар едіңдер?
…
IX. Қорытындылау.
Туған жеріміз – бай ел. Сен осы елдің ұланысың. Қазақстанның топырағында жүрсің, ауасымен демаласың, суын ішесің. Туған елді көркейту үшін оның байлығын арттыру үшін сен табиғатты танып, білуің керек. Өз үлесіңді қосуға ұмытпа!
X. Бағалау.
Үйге тапсырма Түсініп оқу, өзің топырақ туралы тағы не білесің? Ойлан...
«Бекітемін»
--------------- 16.04.2015ж 7 кл
Сабақтың тақырыбы: Еуразия материгінің ішкі сулары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Еуразия ішкі сулары туралы мағлұмат беру
Дамытушылығы: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т. б. үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендер мен көлдер суын қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдыландыру, бағыттау.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, тест, тірек - сызба,
Сабақтың көрнекілігі: Глобус, Еуразия материгінің физикалық картасы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру (класс тазалығы, түгелдеу, т. б)
ІІ. Өтілген тақырыптар бойынша «Зымыран сұрақтар»
1. Еуразияда неше климаттық белдеу бар?(7 кл. белд)
2. Біз қай материкте тұрамыз?(Еуразия)
3. Қазақстан қандай климаттық белдеуде жатыр? (қоңыржай)
4. Ең аумақты климаттық белдеу? (қоңыржай)
5. Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтетін белдеу? (субарктикалық)
6. Еуразияның ірі шөлдері орналасқан белдеу? (тропиктік)
7. Үндістан, Үндіқытай түбектері қай белдеуді қамтиды? (субэкваторлық)
8. Еуразия материгін неше мұхит суы шайып жатыр? (барлық)
ІІІ. Семантикалық кесте толтыру.
Алдарыңызда 4 негізгі климаттық белдеу берілген. Сипаттама берілген тұсқа «+» таңбасын қойып белгілеу.
Сипаттама
экваторлық ----
тропиктік -----
қоңыржай ----
арктикалық
Ең көп аумақты қамтиды
Аса ірі шөлдер орналасқан белдеу
Ауа температурасы - 40°, - 50° шамасында болады.
Жауын - шашын өте мол түседі
ІҮ. Жаңа сабақ. §20. Еуразия материгінің ішкі сулары.
Еуразия ішкі суға бай. Оңтүстік Америкадан кейін 2 - орын алады.
Еуразияның ішкі сулары
↓
Өзендер
Көлдер
Жер асты сулары
Батпақтар
Мұздықтар
Тоңдар
Өзен алаптары
Тынық мұхиты
Атлант мұхит
Солтүстік Мұзды мұхит
Амур
Дунай
Лена
Хуанхэ
Рейн
Енисей
Янцзы
Висла
Обь
Меконг
Ангора
Үнді мұхит
Ішкі тұйық
Үнді
Еділ
Ганг
Жайық
Брахмапутра
Амудария
Сырдария
Картадан Еуразия өзендерінің алаптары(слайд) көрсету.
Көлдер
Ладога Онега Венерн Веттерн Каспий Арал Байкал
Жер асты сулары
артезиан суы
минералды
су радонды су
Батыс Сібір
Солт. Кавказ
Қазақстан
Карпат
Орта Азия
Алтай
Монғолия
Тянь - Шань
Батпақ Еуразияда 80% алады. Батпақтар Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мещера, Амур бойы, Колхида ойпаты мен Балтық бойында көп. Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі.
Ү. Бекіту.
1) Географиялық диктант.
а) Су қоры жөнінен Еуразия........ орында тұр.
ә) Материктің 1/3 бөлігін ішкі..... құрайды.
б) Тынық мұхит алабына..... өзені кіреді.
в) Үнді мұхит алабына...... өзені жатады.
г) Атлант мұхиты алабына....... өзені жатады.
ғ) Солтүстік Мұзды мұхит алабына....... өзенін жатқызамыз.
д) Ішкі тұйық алапқа мына өзендер......... жатады.
Керекті сөздер: тұйық алап, Ганг, Енисей, Сырдария, Амур, екінші, Амудария, Дунай.
2) «Кім тапқыр?» ойыны. Берілген сөздегі әріптің орны ауыстырса, Еуразия материгіндегі өзен аттары шығады.
*Зяцны - ---------- * Алвис - ------- *Айунд -
*Мура - ----------- * Нүді - --------- * Гнга -
Дұрыс сөздер: Янцзы, Амур, Висла, Үнді, Дунай, Ганг
3). «Қай өзен артық?»ойыны. Сол алапқа жатпайтын өзеннің астын сыз.
а) Дунай, Хуанхэ, Висла, Рейн
ә) Лена, Обь, Дунай, Енисей.
б) Меконг, Висла, Амур, Янцзы
4) Кескін карта мен жұмыс. Кескін картаға Еуразияның ішкі суларын түсіру.
ҮІ Өзін – өзі бағалау парағы.
Бағалау критерийі: 33 - 35 ұпай «5», 18 - 32 ұпай «4», 0 - 17 ұпай «3»
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
Достарыңызбен бөлісу: |