4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақтың ұлттық ойындарының түрлері, олардың шарттары мен
мен адам денсаулығына тигізетін маңызы туралы айту.
Дамытушылығы:Оқушылардың қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін
дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың өз Отанына, еліне, жеріне деген патриоттық
сезімдерін ояту.Салт-дәстүрлерімізді қадірлеуге баулу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
1.Сәлемдесу
2.Түгендеу
3. Кезекшіні анықтап, сыныпта кім жоқ екенінен мағлұмат алу.
4.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын тексеру
-Балалар үй тапсырмасына не берілді? Кім айтады?
1. «Біз дене тәрбиесі сабағындамыз» сабақта не істейтіндерін айту.
2.Шаңғышы, ойыншы сөздерін жіктеп келу.
3. Кез-келген спорт түріне сурет салып келу.
III Білімін жан-жақты тексеру
-Балалар, енді тақтаға назар аударайықшы, бұл қандай ойынның түрі екен?(Бейнебаян)
-Дұрыс айтасыңдар, бұл баскетбол ойыны Ал сендердің қазір баскетбол ойынын ойнағыларың келе ме?
Жарайды, ал баскетбол ойынын біз мына сұрақтарға жауап берген оқушы, қақпаға бір ұпай салды деп есептейміз.(флипчарт)
Жалғаудың неше түрі бар?
Көптік жалғауларын сөзге қандай мағына береді?
Тәуелдік жалғауы сөзге қандай мағына береді?
Буын түрі неше?
Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды ата.
Қосымшаның неше түрі бар?
IV Жаңа сабақты игеруге даярлау
Балалар, біздің елімізге сонау Ресейден хоккейшілер келіп, қандастарымызбен ойнап жатыр екен, ал енді сол ойыншыларымызға кішкене көмектесіп жіберейік. Ол үшін, мына алаңдағы шайбаларды қазақшасын қазақ қақпаға салып, орысшасын орыс қақпаға салуымыз керек.(Өтілген сөздікті еске түсіру) (флипчарт)
1 жеңімпаз-победитель 3 ойындар-игры
2 ойнаймыз-играем 4 жеңілді-проиграли
-Балалар, ойынға байланысты мақал-мәтелдер білеміз бе?
1 Ойыннан от шығар
2 Ойнап сұрағанша, шындап жауап бер.
3 Ойын түбі шынға жетеді,
Шайтан түбі жынға жетеді.
V Жаңа сабақ
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді.
Қазақтың ұлттық ойындары бұл-халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрінің бірі. Қазақ елі ұлттық ойындарға өте бай халықтардың бірі. Ұлттық ойындар төрт түлік малмен тығыз байланысты. Ойындар атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалып келеді.Ал енді балалар, ұлттық ойындарға кішкене ғана саяхат жасап көрейік.(Бейнебаян)
Бүгінгі сабақта кездесетін жаңа сөздікпен танысайық.(Аудиожазба)
VІ Жаңа сабақты қалай игергенін тексеру
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу(Аудиожазбаны тыңдату, тізбектетіп оқыту)
1-деңгей Қазақтың, ойындары сөздеріне фонетикалық талдау жасау.
2-деңгей Шынықтырады, толықтырады сөздерін буынға бөліп, буын түрін ажырату.
3-деңгей Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
А) Ұлттық ойындардың қандай маңызы бар?
ә) Ұлттық ойындар нені қажет етеді?
Б) Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
(Слаидшоу «Алтыбақан», «Қазақша күрес» туралы оқушылардың ізденушілік тапсырмасы бойынша презентация)
-Балалар, сендер «Ақ терек, көк терек» ойынын білесіңдер ме? Кім шартын айтады?
-Ал енді, осы ойынды ойнағыларың келе ме?
Дәптермен жұмыс
1-топ 2-топ
Сақина сөзін тәуелдейді Спортшы сөзін жіктейді
СЕРГІТУ СӘТІ
Сыныптағы спорт секторының сыныппен жұмысы.
Жаттығу жасату.
«Аударыспақ» ойынын бейнебаяннан көрсету.
Балалар, біз де осы ойынды ойнап жіберейікші, ол үшін оқулығымыздағы
2- тапсырманы орындайық.Екі топ кезек-кезек берілген сөздермен барынша жылдам сөйлем құрайды.
«Арқан тартыс» ойыны
-Балалар сендер арқан тартыс ойынын дене тәрбиесі сабағында ойнайсыңдар ма? Ал қалай ойналады екен есімізге түсірейікші.
Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғау.Қай қатар бірінші болып аяқтаса, сол топ жеңеді.
Берілген сөздер:арқан, доп, кілем, сақина, коньки, терек. (флипчарт)
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА.
Ұлттық ойындардың түрлерін қатыстырып сөйлем құрау.
Дәптермен жұмыс
4-жаттығу
Бұл жаттығуды «Теңге алу» ойыны арқылы ойнау. Шарты түсіндіріледі. ( көп нүктенің орнына әріп қойып, қойылған әріптерге дыбыстық талдау жасату)
«Қыз қуу» ойыны
Екі қатардан бір қыз, бір бала шығып, сөздерді септейді
АУЛА Асық
Интерактивті тақтадағы семантикалық картамен жұмыс.
(сынып оқушыларымен)
VІІ Сабақты бекіту
Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болды?
-Қазақтың ұлттық ойындары туралы.
-Қандай ұттық ойын түрімен таныстық?
-Бұл ойындардың біздің денсаулығымызға пайдасы бар ма екен?
ТОПТАСТЫРУ
Берілген плакатқа тек қана ұлттық ойындарды гүлдің пішіні бойынша жабыстыру.
VІІІ Үйге тапсырма
1. 3- жаттығу 91 бет
2. «Мен зерттеуді үйренемін» жобасы бойынша ізденушілік тапсырма («Тоғызқұмалақ», «Ақсүйек»)
БАҒАЛАУ (Әр оқушыны біліміне сай бағалаймын)
Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан .........оқушылар алтын медалдарға, .....................оқушылар күміс медалдарға ие болды.
Осымен сабақ аяқталды, сау болыңдар! Қатысқандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |