Жүргізілген зерттеу негізінде мынадай ұсынымдар әзірленді:
1. Ведомстволық мемлекеттік органдардың өздері ҮЕҰ-дармен, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің өкілімен бірлесе отырып, есеп беру нысандарына барынша жан-жақты ревизия жүргізуі қажет. Қандай деректер көрсеткішсіз екенін, дамуды/нашарлауды көрсетпейтінін анықтаған жөн. Көптеген көрсеткіштер салыстырмалы болуға тиіс. Мысалы, жетім балалардың тек саны ғана емес, олардың 1000 халық санына шаққандағы саны, немесе 100 ажырасу сияқты.
2. Алматыда байқау жүргізіліп жатқан ювенал әділет бойынша жобаның деректерін, индикаторларын, ұсыныстарын, әзірлемелерін ресми түрде пайдаланған жөн.
3. Бірнеше неғұрлым тар көлемді жобаларды, мысалы, жетім балаларды де-институционалдандыру саласында, сотталғандарды оңалту саласында, мемлекеттің қорғаншылығындағы балалардың құқықтарын қорғау саласында, әлеуметтік қызметтерді дамыту саласында таңдаған жөн. Осы салаларда статистикалық есеп беру нысандарын, жұмыс тәсілі мен тетіктерін, әзірлеу, жобалардың нәтижелілігін индикациялау қажет.
4. Бірыңғай есеп беру (бір мәнді) нысандарын жасау жөнінде әр түрлі ведомстволардың жұмысын үйлестірген жөн. Осындай нысандарды әр түрлі мекемелердің ерекшелігін ескере отырып, әзірлеген жөн.
5. Екі бағыт: ювенал әділет пен мемлекеттік қамтамасыз ету үшін әр түрлі, бірақ осы базаның кейбір өрістерінде (бір бағдарламаның негізінде) жанасатын, бірыңғай ақпараттық деректер базасын жасаған жөн болар. Бірыңғай құжаттар (карточкалар) бойынша балалар туралы бастапқы ақпарат жинау керек, содан кейін ақпарат жинау нысандарын жергілікті, сосын өңірлік деңгейде жаңартқан жөн.
6. Жергілікті және республикалық ведомстволар қызметкерлерінің біліктілігіне (компьютерлік машықтарына басқарушылық шешімдеріне, балалармен жұмыстың құқықтық негіздерін білуіне, менеджментке, жаңа білімдерді жеңіл меңгеруіне және т.б.) таңдамалы түрде зерттеу жүргізу қажет. Бұл балалардың құқықтық қорғалуы мен оларды есепке алу жөніндегі деректерді есепке алудың компьютерленген жүйесін енгізуге жұмсалған шығындарды бағалауға көмектеседі.
7. Ақыл-ойы кем балаларға арналған үйлерде орналасу кезінде кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық қолдау және қамауда болған орындардан кеткеннен кейін кәмелетке толмағандарды бейімдеу жөніндегі шаралар бір ведомствоға – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынысты болуға тиіс.
8. Азаматтық сектордың көмегімен түрмеден босатылған балаларды, сондай-ақ балалар үйлерінен кететін жетім балаларды қолдау жөніндегі нақты жобаларды белсенді түрде бастаған жөн. Осы салада аз зерттеулер жүргізілген жоқ, тек мұқтаждар, негізгі проблемалар көрсетілген және ұсынымдар берілген деректерді пайдаланса болады.
9. Ювенал әділет пен мемлекеттік қорғаншылық саласындағы мемлекетті органдар балалардың құқықтарын қорғауға қатысты халықаралық стандарттар саласындағы қызметкерлердің білім деңгейін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауға тиіс. Мекемелердің қызметкерлерін балалардың құқықтарын қорғауға қатысты халықаралық стандарттар жөніндегі материалдармен қамтамасыз ету қажет.
10. Қылмыс жасауда күдікті немесе айыпты кәмелетке толмағандар үшін мамандандырылған сот төрелігі жүйесін құрып, оның жұмыс жасауын қамтамсыз ету қажет. Алматы жүргізіліп отырған эксперимент Қазақстанның барлық өңірлерінде қолданылуға тиіс.
11. Қамқорлық жүйесінде хабарсыз жоғалғандарды іздестіру жөніндегі агенттіктер мен отбасын табыстыру жөніндегі қызметтер құру немесе балалар үйлерін іздестіру мақсатына барынша бағдарлау қажет.
|