Сабақтың түрі Жаңа білімді бастапқы оқып үйрену және есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері



Дата18.06.2017
өлшемі52,37 Kb.
#19196

Пәні

Информатика Тексерген

Күні




Сабақтың тақырыбы:

Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Ақпарат қасиеті. Әлемнің ақпараттық бейнесі.

Сабақтың мақсаты


Информатика пәні туралы білімдерін жетілдіру. Ақпарат ұғымымен, түрлерімен, үлгілерімен, өңдеу тәсілдерімен таныстыру.


Сабақтың міндеттері

1. Білімділік : Ақпарат ұғымын, формаларын, көздерін, типтері мен қасиеттерін, өңдеу тәсілдерін үйрету.

2. Тәрбиелік: Оқушыларды білім мен біліктілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық. Оқушылардың білім білік, дағдысын қалыптастыру ой өрісін дамыту, біліммен біліктілікке үйрету.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді бастапқы оқып үйрену және есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері(дәріс, киносабақ, саяхат сабақ, әңгімелесу, сырттай саяхат және т.б).
Білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру(практикум, семинар, «ашық ойлар» сабағы, «брейн-ринг ойыны, тренинг сабақ, өзіндік жұмыс, т.б»).
Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану(әңгімелесу және практикалық сабақ, дәріс және тренинг(бірінші және екінші түрдің өзара үйлесуі))
Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау(бірінші және екінші түрдің үйлесуі)

Білімді және іс-әрекет әдістерін тексеру, бағалау, түзету сабағы(бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу)

Сабақтың әдісі:

1. Оқытудың түсіндірме-бейнелеу әдістері: семинарлар, әңгіме,оқу материалымен өзіндік жұмыс

2. Репродуктивті әдіс: жаттығуларды орындау,практикум,бағдарламаланған оқыту,дағдыларды жаттықтыру.

3. Проблемалық-ізденушілік оқыту әдістері: проблемалық мазмұндау,жартылай ізденушілік,зерттеушілік, миға шабуыл

4. Оқытудың коммуникативтің әдістері: талқылау, пікірталас,диалог, «ызылдаған топтар», «қар кесегі»,жобалар әдісі,тұсаукесерлер.

5. Рольдік ойындарды қолдана оқыту әдістері: іскерлік ойын,рольдік ойын,ұйымдастыру-әрекеттік жаттығулар, ұйымдастыру-ойлау ойындар,аквариум, нақты жағдайды саралау(кейс-стади)

Сабақтың түрі:



Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі:

1. Жекелік үлгі – танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.

2. Жан-жақтылы – барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.

3. Топтық – жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде

әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

4.Ұжымдық форма – ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.


Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы

арнайы дайындалған слайдтар, интерактивті тақта, моноблоктар



Пәнаралық байланыс

математика, дизайн

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі.

3. Оқушының субъектілік тәжірибесін өзектілеу кезеңі

4. Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін зерделеу кезеңі

5. Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін алғашқы тексеру кезеңі 6. Үй тапсырмасы туралы мәлімет беру кезеңі

7. Сабақты қорытындылау кезеңі

8. Рефлексия кезеңі

9. Білімді бағалау кезеңі




Ұйымдастыру кезеңі: (қызығушылықты ояту)

1. Сәлемдесу

2. Түгелдеу




Жаңа сабақ

Информатика - адам қызметінің әртүрлі саласында пайдаланылатын ақпаратты жылдам жинау, сақтау, өңдеу, түрлендіру және тиімді тарату әдістерін үйрететін ғылыми пән.

«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Оны қоршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.

Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі: философия, экономика, физика, математика, информатика, т.б. салаларына кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен өз түсінігі бар. Ақпарат тірі табиғаттарда да, өлі табиғатта да болады, ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алудың сан алуан түрі бар деп айта аламыз. Ақпарат қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойнау, зерттеу, т.б. әрекеттер нәтежесінде пайда болады.



Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен обьектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір – біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу. Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге бөлуге болады.

Бейнелі ақпарат деп - табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу арқылы алынатын ақпараттарды айтады.

Таңбалы ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түріне алатын ақпараттарды жатады. Адамдардың қарым-қатынасы, яғни адамнан адамға ақпарат жеткізу, сөйлеу немесе хат арқылы жүргізіледі, басқаша айтқанда, дыбыс немесе таңба түрінде беріледі.

Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі дейді. Қатынас тілдері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.

Табиғи қатынас тіліне қазақ, орыс, ағылшын, т.б. тілдері жатады. Олардың ауызекі және жазу түрлері болады.

Жасанды немесе формалды тілдерге математика, физика, музыка, компьютермен қатынасу тілдері жатады.



Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. Компьютерде барлық ақпараттар сандар, әріптер, арнайы белгілер т. б. сияқты таңбалардан тұрады да, әрбір таңба компьютер жадында екілік жазылады.



Топтық жұмыс

Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша эссе жазады.

Топ шешімі бойынша ортадан ойы жинақы оқушы оқиды

І-топ: “Ақпарат”

ІІ-топ: “Байт”



ІІІ-топ: “Информатика”

Бағалау критерийлері:


Топтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы бойынша бағалау

Үй тапсырмасы

Ақпаратқа талдау жасау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет