Сабақтың тақырыбы: «Ас-адамның арқауы» Мақсаты: «Ас- адамның арқауы»



Дата30.01.2017
өлшемі0,73 Mb.
#8386
түріСабақ

Шығыс Қазақстан облысы

«Зырян қаласының №11 орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кембридж бағдарламасының жеті модулі негізінде құрылған сабақ жоспары

7 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ас-адамның арқауы»

Мақсаты:

«Ас- адамның арқауы» тақырыбы бойынша өтілген тақырыптарды қайталайды, алынған ақпараттарды түрлі тапсырмаларды орындау барысында пайдаланады, сауатты жазу, сөйлеу қабілеттерін дамытады, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.



Сабақтың міндеттері:

- Ынтымақтастық атмосферасын құра отырып өз ойларын еркін айту, басқалардың ойымен, пікірімен санаса білу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру

- Практикалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың қазақ тілінде сауатты сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту

- Топтық жұмыстар арқылы қарым- қатынас мәдениетіне, сыйластыққа, әдептілікке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу



Түйінді идеясы: Ұлттық тағам түрлері, оның адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ұлттық тағамдар туралы біле отырып, ауызша және жазбаша сөйлеу тілдері дамиды, шығармашылық қабілеттері артады, өз беттерімен білім алу дағдылары жетіледі.

Сілтеме: Орта мерзімді жоспар

Дереккөздер, құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, түсті қарындаш, фломастерлер, бағалау парақтары, бағдаршам түстері

Әдіс-тәсілдер:

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Кластер», «Синквейн», «ДЖИКСО», «Айналмалы сұрақтар»

Топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстар

Сабақтың түрі: Тіл дамыту сабағы

Сабақтың барысы

І. Қызығушылықты ояту кезеңі

Ұйымдастыру

Сәлемдесу сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Шаттық шеңберіне» тұру, бір- біріне жақсы тілектер айтқызу.

Тағам атаулары жазылған үлестірмелі қағаздар тарату, тағам түрлеріне байланысты топқа бөлу, топ басшыларын тағайындау, бағалау критерийлерімен таныстыру., топ ережесін қайталап өту.

І топ: Ет тағамдары

ІІ топ: Сүт тағамдары

ІІІ топ: Нан тағамдары

Тақтада жазылған «Ас- адамның арқауы» мақалын оқыта отырып, сабақтың мақсат, міндеттерін анықтату.



ІІ. Мағынаны тану кезеңі

Тапсырмаларды орындау барысында «Бағдаршамды» қолданады.

1-тапсырма:

Мақалда берілген «Ас» сөзінің синонимін тапқызу, сол сөздермен байланысты сөздерді еске түсіре отырып, Әр топ «Кластер» құрастырады, қорғайды:

І топ: «Ас» ІІ топ: «Тағам» ІІІ топ: «Дәм»

2-тапсырма: Әр топ осы берілген сөздермен «Синквейн» құрастырады

1.Сөз


2. Екі сын есім

3. Үш етістік

4. Сөйлем

5. Қорытынды сөз



3-тапсырма: Әр топ таңдап алынған тақырыптар бойынша жұптаса отырып, диалог құрастырады.

Диалог тақырыптары: «Ұлттық тағамдар», «Дәмханада», «Дастарқан жасау»



4-тапсырма: Мәтінмен жұмыс «ДЖИКСО» әдісі қолданылады.

Мәтін бөліктерін оқу, топтар бір-біріне түсіндіреді, талдайды, сұрақтарға жауап береді.



5-тапсырма: Ойын «Ең мықты аспаз»

Әр топ өздері таңдап алған қағазда жазылған тағам түрінің дайындалу әдісін, құрамын постерге түсіріп, қорғайды.

Топтарға ұсынылатын тағам атаулары: «Қуырдақ», «Қазақша ет», «Наурызкөже»

6-тапсырма: Деңгейлік тапсырмалар

Бұл тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар түстер бойынша қайта топқа бөлінеді.



Жасыл түс- жоғарғы деңгейлі тапсырма: «Ас- адамның арқауы» 5 минуттық эссе жазу.

Сары түс- орта деңгейлі тапсырма: Ас туралы берілген мақал –мәтелдерді орыс тіліндегі аудармасымен сәйкестендіру, мағынасын түсіндіру.

Қызыл түс- төмен деңгейлі тапсырма: «Бір сөзден көп сөз»

«Қонақжайлылық» сөзінен сөздер құрастыру.



ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

Ас, тағам туралы айтқанда қазақ халқының дастарқан батасына да ерекше мән бергендігін айта отырып, бір оқушыға дастарқанға берілетін бата түрін айтқызу.



Бағалау

Топ басшысының бағасын тыңдау, мұғалімнің қорытынды бағасын айту.



Кері байланыс

Сабақ туралы пікір, тілектерін жазғызып, «Бағалау ағашына» жапсырту.




Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық тағамдар»

Мақсаты:

«Тағамдар» туралы білімдерін тереңдетеді, лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгереді, сөздердің орын тәртібін сақтай отырып әңгімелеуге үйренеді, сауатты жазу және сөйлеу дағдыларын дамытады, шығармашылық қабілеерін жетілдіреді. Оқытудың жеті модулі негізінде өз беттерімен білім алу дағдыларын дамытады.



Сабақтың міндеттері:

- Ынтымақтастық атмосферасын құра отырып өз ойларын еркін айту, басқалардың ойымен, пікірімен санаса білу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру

- Практикалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың қазақ тілінде сауатты сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту

- Топтық жұмыстар арқылы қарым- қатынас мәдениетіне, сыйластыққа, әдептілікке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу



Түйінді идеясы: Ұлттық тағам түрлері, оның адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білу.

Күтілетін нәтиже: Топта жағымды атмосфера қалыптастыруға үйренеді, өз ойларын жеткізуге, бір- бірімен диаогтік қатынас құруға, өздеріне қажетті ақпараттарды анықтауға дағдыланады. Сын тұрғысынан ойлай отырып шешім шығаруға, қорытынды жасауға, пікір айтуға, басқаны тыңдауға үйренеді.

Сілтеме: Орта мерзімді жоспар

Дереккөздер, құрал-жабдықтар: суреттер, үлестірмелі материалдар, түсті қарындаш, фломастерлер, бағалау парақтары

Әдіс-тәсілдер:

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Кластер», «Сәйкесін тап», «Б-Б-Б кестесі», «Синквейн», «Сен маған, мен саған» , «Сұрақ- жауап» әдісі

Топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстар

Қолданылған технологиялар: Диалогтік оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, АКТ, оқытудағы көшбасшылық, дарынды және талантты балаларды оқыту, СТО, оқыту үшін және оқуды бағалау

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы

І. Қызығушылықты ояту кезеңі

Ұйымдастыру, сәлемдесу сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Шаттық шеңберіне» тұру, бір- біріне жақсы тілектер айтқызу.

Тағам атаулары жазылған үлестірмелі қағаздар тарату, тағам түрлеріне байланысты топқа бөлу, топ басшыларын тағайындау, бағалау критерийлерімен таныстыру., топ ережесін қайталап өту.

Миға шабуыл

Тақырып бойынша суреттерге қарай отырып тағам түрлерін еске түсірту. Сабақтың мақсатын, алдарына қойылатын міндеттерін анықтату.

Әр топ «Тағам» сөзімен кластер құрастырады, қорғайды.

ІІ. Мағынаны тану кезеңі

Топтық жұмыс.

Сөздік жұмысы. «Сәйкесін тап» Үлестірмелі қағазда қазақ және орыс тілдерінде жазылған жаңа сөздерді топта бірлесе отырып сәйкестендіреді, әр топ қорғайды.

Жұптық жұмыс

Оқулықта берілген диалогті жұптаса отырып толықтырады, бір- бірімен диалогтік қатынас құрады.



Мәтінмен жұмыс.

Жеке жұмыс. Әркім мәтінді оқиды, «Білемін- Білгім келеді- Білдім» кестесін толтырады.

Топтық жұмыс. Мәтінді топта бірлесе отырып орыс тіліне аударады.

«Сен маған, мен саған» стратегиясы. Мәтін бойынша әр топ бір- біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Сергіту сәті. Ойын «Дүкенге бару»

Әркім өзінің атының бірінші әрпінен басталатын заттар мен азық түліктерді айтып, дүкеннен не сатып алғанын айтады.

Мысалы: Настя дүкеннен нан сатып алды. Лена дүкеннен лимон сатып алды.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

Әр топ « Тағам» сөзімен «Синквейн» құрастырады

1.Сөз

2. Екі сын есім



3. Үш етістік

4. Сөйлем

5. Қорытынды сөз

Әр топ құрастырған синквейндерін қорғайды.



«Сұрақ- жауап» әдісі

Тақырыпты бекітуге байланысты мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

-Қазақтың қандай ұлттық тағамдары бар екен?

-Қазақтың басты ұлттық тағамы не?

-Жылқының етінен не дайындайды?

-Жылқының етінің қандай ерекшелігі бар?

- Сендерге қазақтың ұлттық тағамдары ұнай ма? Неліктен?

Бағалау

Топ басшысының бағасын тыңдау, мұғалімнің қорытынды бағасын айту.



Кері байланыс

Сабақ туралы пікір, тілектерін жазғызып, «Бағалау ағашына» жапсырту.



Үйге тапсырма:

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей: «Ұлттық тағамдар» туралы қосымша мәліметтер, презентация

ІІ деңгей: 148- беттегі мәтінді оқу, мазмұндау

ІІІ деңгей: 148- беттегі сұрақтарға жауап беру


Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. ХІҮ модуль «Ұлттық тағамдар»

Мақсаты:

Өткен тақырыптарды қорытындылайды, модуль бойынша алынған ақпараттарды түрлі тапсырмаларды орындау барысында еске түсіреді, пайдаланады, сауатты жазу, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.



Сабақтың міндеттері:

- Ынтымақтастық атмосферасын құра отырып өз ойларын еркін айту, басқалардың ойымен, пікірімен санаса білу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру

- Практикалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың қазақ тілінде сауатты сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту

- Топтық жұмыстар арқылы қарым- қатынас мәдениетіне, сыйластыққа, әдептілікке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу



Түйінді идеясы: Ұлттық тағам түрлері, оның адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар топта белсенді жұмыс істеуге үйренеді, өз ойларын толық жеткізе білуге үйренеді, меңгерген сөздерді, алынған ақпараттарды қолдануға, сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыланады, бір-бірімен диалогтік қатынас құруға үйренеді, сауатты жазу, сөйлеу дағдылары дамиды.

Сілтеме: Орта мерзімді жоспар

Дереккөздер, құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, түсті қарындаш, фломастерлер, бағалау парақтары, бағдаршам түстері

Әдіс-тәсілдер:

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Кубизм» «Сұрақ- жауап», көрнекілік, практикалық әдістер, слаид

Топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстар

Қолданылған технологиялар: Диалогтік оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, АКТ, оқытудағы көшбасшылық, дарынды және талантты балаларды оқыту, СТО, оқыту үшін және оқуды бағалау

Сабақтың түрі: Білім бекіту сабағы

Сабақтың барысы

І. Қызығушылықты ояту кезеңі

Ұйымдастыру, сәлемдесу сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Шаттық шеңберіне» тұру, бір- біріне жақсы тілектер айтқызу.

Бірнеше бөліктерге қиылған тағам суреттерін құрастыра отырып топқа бөлінеді.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма

Топтық жұмыс «Кубизм» әдісі.

Әр топ кубты лақтыра отырып, куб қырында жазылған сандар бойынша сұрақтарға жауап береді.



І топ сұрақтары:

  1. Ұлттық тағамдарға қандай тағамдар жатады?

  2. Тағам туралы қандай мақал білесіңдер?

  3. Сөйлем мүшелерінің қандай түрлері бар?

ІІ топ сұрақтары:

  1. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?

  2. Мақалды жалғастыр: Тату үйдің ... ...

  3. Тұрлаусыз мүшелерді ата.

ІІІ топ сұрақтары:

  1. Қазақ халқының ерекше дәстүрі не?

  2. Жылқының етінен не дайындайды?

  3. Тұрлаулы мүшелерді ата.

2-тапсырма

Жеке жұмыс. Сөздік диктанты

Мұғалімді тыңдай отырып, сөздерді жазады, бағалау өлшемдері бойынша бірін- бірі бағалайды, бағалау парағына қояды.



3- тапсырма Топтық жұмыс

Ойын «Ең мықты аспаз»

Әр топқа тағам атаулары жазылған үлестірмелі қағаздар беріледі, сол қағазда жазылған тағамның дайындалу әдісін сызбаға түсіріп, қорғайды.

1-топ: Наурызкөже

2-топ: Қуырдақ

3-топ: Бауырсақ

4- тапсырма Топтық жұмыс

Топта бірлесе отырып «Тамақтану ережесін» құрастырады, қорғайды



5- тапсырма Жеке жұмыс

Тест жұмысы: Тақырыпты бекітуге байланысты тест жұмысын орындайды, бірін- бірі тексереді, бағалайды



ІІІ Қорытындылау кезеңі

«Бәрін білдім» ойыны

Ұяшықтағы сандарды таңдай отырып, жасырылған сұрақтарға жауап беріп, әр топ ұпай жинайды.

Кері байланыс

Сабақ туралы пікірлерін ауызша сұрап өту



ІҮ Үйге тапсырма: Қайталау, бақылау диктантына дайындалу

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі



(6 сынып)

Өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі

Г.Б.Бакижанова
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі



(6 сынып)


Өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі

Г.Б.Бакижанова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет