НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАР
1. ҚР Конституциясының 27-бабында және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде балалық адам өмірінің маңызды кезеңі болып танылған және балалардың құқықтарын қорғау қағидаттары мен балаларды қоғамда толыққанды өмір сүруге дайындау басымдығына сүйенген. Алайда, әлеуметтік жетімдікті ескертумен байланысты проблемалар өте ауқымды және әр түрлі, оларды шешу неғұрлым мұқтаж отбасыларын қолдау жөнінде арнаулы шаралар қабылдауды, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттардың қолайсыз отбасыларына қатысты күш-жігер жұмсауын қажет етеді.
2. Республика деңгейінде балалар мен отбасын қорғау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарлама, мемлекеттік саясаттың ашық біртұтас стратегиясы, негізгі бағыттары, басымдықтары, міндеттері жоқ; балаларды қорғау мәселелерімен айналысатын бірыңғай орган жоқ.
3. Қазақстан Республикасында қалыптасқан балаларды қорғауды басқару құрылымы өз фрагменталдығымен және ведомстволық әркелкілілігімен, жұмысты тиімді үйлестірудің жоқтығымен, нәтижелерді емес, мекемелерді басқаруға бағдарланғандығымен, мониторингтің әлсіздігімен, балалармен жеке жұмыстың жоқтығымен сипатталады.
4. Кәмелетке толмағандар панасыздығы мен құқық бұзушылығының алдын алудың және әлеуметтік бейімделмеген балаларды оңалтудың біртұтас жүйесінің жоқтығы институционалдандыру жүйесіне түсетін балалар санының ұдайы өсуіне әкеледі.
5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды институционалдандырудың өсу негізінде проблеманың құқықтық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және кадрлық аспектілерін қамтитын себептер кешені жатыр.
6. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы орналастырудың аралас жүйесі заңнамалық тұрғыда бекітілген, бұл заңның жұмсақ түрде орындалуы үшін мүмкіндіктер ашады және баланың негізгі – отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығының бұзылуына әкеп соғады.
7. Мамандардың аздығы мен біліктілігінің төмендігі қамқоршылық және қорғаншылық органдарына қиын өмірлік жағдайлардағы балаларды жеке сүйемелдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
8. Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесін қаржыландыру көп салалы, әр деңгейлі болып табылады. Республикалық жеңгейдегі жиынтық қаржылық статистика жоқтың қасы, оған жұртшылық пен ҮЕҰ-дардың қол жеткізуі қиын.
Патронатты тек бір жылға қаржыландыру практикасы орналастырудың осы нысанын тұрақсыз етуде, баланы мекемеге қайтару қатерін туғызады.
9. Балаларға қамқоршылық пен қорғаншылық жасау жөніндегі минималды мемлекеттік стандарттардың жоқтығы кемсітушілікке, балалардың мемлекет тарапынан әр түрлі дәрежеде қорғалуына әкеледі.
10. Жетім балалардың интернат үлгісіндегі мекемелерде өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары (топта 25 адамнан, жеке кеңістік пен жеке заттардың жоқтығы, үлкен жатын бөлмелер, ауыспалы қызметкерлер және т.б.) тәрбиеленушілердің психиалық және әлеуметтік зардаптарға ұшырауына, түлектердің дербес өмір сүре алмауына әкеледі. Баланы осы мекемеде ұзақ ұстауға жол бермеуге мүмкіндік бермеу үшін балалардың диагноздары көбінесе қайта қаралмайды, стационар мекемеге орналастыру туралы шешім тұрақты түрде қайта қаралып отырмайды.
11. Патронаттық тәрбиені іс жүзіне асырудың екінші жылы патронатқа берілген балалар санының осы екі жыл бойы өзгермегенін көрсетті. Балалардың көпшілігі (басым көпшілігі) көп балалы отбасы үрдістері басым оңтүстік облыстардағы және ауылдық жерлердегі отбасыларына беріледі. Оңтүстік Қазақстан облысы мамандарының пікірі бойынша олардың облысында патронатқа тек осы нысанды қаржыландыру көлемдері ғана тежеу болып отыр.
12. Қоғамда да, мемлекеттік деңгейде де балаларды әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді жүйесіне көшу қажеттігі сезіліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |