Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


В. Білім беру туралы заңнама саласында



бет36/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   109
В. Білім беру туралы заңнама саласында:

1. Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны бекіту (Париж, 1960 ж. 14 желтоқсан);

2. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазқстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 қаулысын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мекемелерін ұстауды қаржыландыру және коммуналдық қызметтерге бюджет есебінен ақы төлеу бөлігінде іске асыру туралы мәселені мемлекеттік және жергілікті бюджеттер деңгейінде шешу;

3. Республиканың барлық өңірлеріндегі балалар үшін қол жетімді мектептен тыс білім беру ұйымдарының саны мен түрлерін ұлғайту үшін мемлекеттік деңгейде шаралар қабылдау және қаржыландыруды көздеу;

4. Балалардың білім алуға құқығын барынша толық көлемде қамтамасыз ету үшін оқушы (заңды өкілдері, қорғаншылары) мен меншік нысанына қарамастан, барлық деңгейдегі білім беру мекемелері арасында міндетті түрде шарт жасасуды енгізу;

5. Саралы түрде бағалаудың ынталандырушы роліне көңіл бөле отырып, оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру; мектепте дене шынықтыру, бейнелеу өнері, ән-күй пәндері бойынша «бағасыз» оқыту практикасын енгізу;

6. Оқушыларды олардың құқықтық нормалары бұзылған жағдайда, тиісті құрылымдар мен ұйымдарға жүгіну мүмкіндіктері туралы хабардар ету жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу және оны жалпы білім беретін мекемелер практикасына енгізу;

7. Бала құқықтары туралы конвенцияның 28-бабында бекітілген білім алуға құқығын іске асыру кезіндегі бірдей мүмкіндіктер қағидатын заңнамаға енгізу;

8. Бала құқықтары туралы конвенцияның 28-бабына сәйкес білім беру бағдарламаларына адам құқықтарын оқытуды енгізу;

9. Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңнамасын:

- баланың жеке басын, дарынын және ақыл-ой мен дене қабілеттерін толық көлемде дамытуға;

- адам құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жарияланған қағидаттарға деген құрметті тәрбиелеуге;

- баланың ата-анасына, баланың өзі тұратын елдің және өзі туған елдің мәдени өзіндік ерекшелігіне, тіліне және ұлттық құндылықтарына және оның өз елінен айрықша өркениетіне деген құрметін тәрбиелеу;

- баланы еркін қоғамда түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, ер адамдар мен әйел адамдардың тең құқылылығы және барлық халық, этностық, ұлттық және тіни топтардың, сондай-ақ жергілікті халық өкілдері арасындағы достық рухында саналы өмір сүруге дайындауға қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияның 29-бабына сәйкес келтіру;

10. Білім берудің барлық сатыларында мұғалімдер мен оқушылар үшін гендерлік білім беруді енгізу;

11. Білім беру ұйымдары мұғалімдерінің, оқытушыларының кәсіби деңгейін оқушылармен жұмыс жасаудың жаңа нысандарын (презентация, пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, тестілеу) енгізу бөлігінде арттыру туралы мәселені шешу;

12. Мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін арттыру, оның материалдық жағдайын жақсарту, қоғам алдында мұғалім мамандығының беделін көтеру; мұғалімнің еңбегіне оның кәсіби шеберлігін, қосымша жүктемелерін және т.б. толық көлемде ескере отырып, ақы төлеу жүйесіне көшу;

13. Мұғалімдердің баланың жеке басын білуіне, оның құқықтары мен бостандықтарын білуіне және құрметтеуіне бағытталған, педагогикалық қызметтің авторитарлық стилін жоққа шығаратын психологиялық-педагогикалық және құқықтық даярлығын күшейту және оқу жұмысының практикасына «Балалардың құқықтарын қорғау кодексін» енгізу. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың барлық нысандарына «Баланың құқықтарын қалай қорғау керек» тақырыбы бойынша міндетті арнаулы курс енгізу;

14. Қыз балалар үшін өзін-өзі бағалауға бағытталған арнаулы білім беру бағдарламаларын, зорлық-зомбылық кезінде (психикалық және дене) өзін-өзі қорғау сабақтарын енгізу;

15. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді (атап айтқанда, «Білім алу кезеңінде мұқтаж азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек мөлшерлері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысын) мүгедек балалар мен көп балалы отбасылардың балаларын білім алу кезеңінде мемлекеттік әлеуметтік көмек алу құқықтарымен қамтамасыз ету бөлігінде «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес келтіру;

16. Білім беру департаменттері мен мектеп директорларына мектеп аумағы мен мектептің үй-жайларын жинау кезінде балалардың еңбегін пайдалануға, балаларды сыныптарға жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, яғни мемлекеттік жалпы білім беру бағдарламаларында көзделмеген барлық жұмыстарға тартуға тыйым салу;

17. Азаматтардың білім беру ұйымын таңдау құқығын іске асыру тетіктерін әзірлеу;

18. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 435 Заңының 18-бабына сәйкес білікті заңгерлік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік минималды әлеуметтік стандарттарды іске асыру тетіктерін әзірлеу;

19. Баланың тегін орта білім алуға конституциялық құқықтарының бірін іске асыру ретінде мемлекеттік білім беру стандартының шеңберінде оқушыларды оқулықтармен тегін қамтамасыз етуді қалпына келтіру;

20. Кемтар балалардың бір жасынан бастап дені сау балалармен қатар мектепке дейінгі білім алу құқығын қамтамасыз ету, бұл кемтар балалардың да, олардың ата-аналарының да құқықтарын қамтамасыз етуге әсер етеді.

21. «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 744 бұйрығын ақпараттың, атап айтқанда, бала денсаулығының жай-күйі туралы толық қорытындының оның ата-анасына берілмеуі бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру;

22. Инклюзивтік білім беру саласында:


  • кемтар балаларға білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде барлық балалардың өзгеше әрекет жасауға итермелейтін елеулі себептері болмаса, кәдімгі мектептерге баруына негізделген инклюзивтік білім беру қағидатын қабылдау;

  • орталықсыздандыру және ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін берілетін білімді жоспарлау, мониторингілеу және бағалау саласына ересектердің кеңінен қатысуы негізінде тетіктер жасау;

  • осындай балалардың арнаулы білім алу қажеттіліктеріне қатысты шешімдерді жоспарлау және қабылдау процестерінде кемтар балалар мен олардың ата-аналарының мүдделерін қорғаумен айналысатын қоғамдарды көтермелеу және қатысуын жеңілдету;

  • осындай қажеттіліктерді алдын ала анықтауға және нақты шараларды қабылдауға қатысты стратегияларды, сондай-ақ инклюзивтік білім берудің кәсіби аспектілерін әзірлеуге барынша күш-жігер жұмсау;

  • ЖОО базасында мұғалімдерді даярлау бағдарламаларының және біліктілігін арттыру бағдарламаларының шеңберінде жүйелі түрде алмасу негізінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инклюзивтік мектептерде білім беру үшін жағдайлар жасау;

23. «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты туралы» және білім беру стандартын іске асырушы білім беру мекемелерін нормативтік қаржыландыруды енгізу жөнінде Заң әзірлеу және қабылдау;

24. оқушыларға жүктелетін оқу ғана емес, сондай-ақ оқудан тыс жүктеменің мөлшерін барынша нақты айқындайтын жаңа балама ережелер мен нормаларды енгізу;

25. Баланың құқықтары мен бостандықтарын ескере отырып, білім беру мекемелерін аттестациядан өткізу жүйесін қайта қарау, осы процестерге жариялылық беру, осы кезде балалардың, ата-аналардың, жұртшылықтың пікірін ескеру;

26. Әр мектепте тартыстарды шешу жөніндегі оқу бағдарламасын дайындау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет