Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


«БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗДЕРІ



бет42/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   109
«БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗДЕРІ

(АСТАНА, 2005 ЖЫЛҒЫ 24-25 ҚАРАША)


Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Б.К. Байқадамовтың құттықтау сөзі





Құрметті конференцияға қатысушылар!
Мен Сіздерді: халықаралық институттардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, басқа елдердің сарапшыларын құттықтау мәртебесіне ие болып отырғаныма өте қуаныштымын. Сіздердің бәріңізге конференцияның алдағы екі жұмыс күні ішінде табысты және қызықты жұмыс тілеймін.

Конференция ұйымдастырушыларының, әсіресе ЮНИСЕФ-тің оны өткізу орны ретінде Қазақстанды таңдауы тегін емес. Осы форум Қазақстанда балаларға, олардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты оң қадамдар жүзеге асырылғанын айғақтайды. Елімізде балалардың құқықтары мен мүдделеріне көңіл бөлініп қана қоймайды, сонымен қатар балалардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты мәселелер бүгінгі күні жүйелі саясат деңгейінде қарастырылуда. Балаларға қатысты мемлекеттік саясаттың жүйелілігі мен тиімділігін халықаралық және өңірлік ұйымдар мен агенттіктер: БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО; ЕҚЫҰ, ХЕҰ атап көрсетуде.

Осыған орай елімізде тиімді үйлестіруші жұмысты жолға қойған, балалармен жүргізілетін құқық қорғау жұмысына тікелей және жанама оң әсерін тигізген, осылайша балаларға қатысты мемлекеттік саясатты ынталандырушы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігіне өз алғысымды білдіргім келіп отыр. ЮНИСЕФ-тің экономикалық, әлеуметтік және құқық қорғау стандарттарын қадағалау және олардың орындалуына қолдау көрсету жөніндегі жұмысы біздің мекемеге де үлкен ықпалын тигізді. Бірлескен жұмыс нәтижелері бірнеше зерделеу жобаларында, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстанда балалар құқықтарының сақталуы туралы» баяндамасын дайындауда, ағарту сипатындағы құқық қорғау іс-шараларында көрініс тапты. Біз БҰҰ агенттігінің елдік мекемемен нақты, тиімді ынтымақтастық жасауының үлгісі болып саналатын осы жемісті әріптестікті бұдан былай да жалғастыруға ниеттіміз.

Осы конференция ЮНИСЕФ-тің еліміздегі жұмысының көрсеткіші болып табылады. Бүгінгі күні проблемалық мәселелер жөніндегі секцияларды басқаратын және оларды талқылайтын министрліктер - ЮНИСЕФ-тің әр түрлі жобалар мен қызмет бағыттары жөніндегі ескі әріптестері. Министрліктердің мүдделілігі мен қатысуы, олардың балалардың құқықтарын қорғау проблемаларын шешу процесіне араласуы – Қазақстандағы балаларға бағдарланған мемлекеттік басқару стандарттарын саналы түрде қолданудың елеулі белгілері. Бүгінгі күні ЮНИСЕФ айналысып отырған, балалардың құқықтарына қатысты халықаралық құқық қорғау стандарттарын тарату – бұл сонымен бір уақытта мемлекеттік басқарудың стандарттарын адамның құқықтар мен бостандықтарға деген қажеттіліктеріне сәйкес дәрежеде тиімді болып табылатын деңгейге дейін жетілдіру жөніндегі жұмыс.

Бүгінгі форум бізге атқарылған жұмыстың қорытындысын шығаруға, балалардың қажеттіліктеріне сезімтал жаңа мемлекеттік саясатты қалыптастырудың бастапқы кезеңін бағалауға, біздің идеяларымызды біріктіруге, балаларға деген жүйелі жаңа көзқарас кезеңіне осындай тәжірибе бұдан былай орталықазиялық өңірде пайдаланылатындай есеппен көшу үшін ұсынымдар әзірлеуге бірегей мүмкіндік береді. Қазақстан бүгін де балалардың экономикалық, әлеуметтік дамуы жөніндегі халықаралық стандарттардың неғұрлым ауқымды көлемде сақталуы үшін дайын. Экономикадағы, әлеуметтік саладағы, саясаттағы либералдық даму деңгейі бүгінгі күні елдің осы жолда болуына мүмкіндік береді.

Біз конференция біздің елімізде оқиға ретінде қалады деп үміттенеміз, одан және қатысушылардан өзін балалар мен олардың құқықтарына арнаған барлығымызға жаңа ынталандырушы әсер етуге қабілетті нәтижелер күтіп отырмыз. Осыған орай өзімнің де осы шарадан күтетін үміттерімді білдіре кеткім келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет