Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


Облыстық № 1 мамандандырылған бала үйі



бет28/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   109
Облыстық № 1 мамандандырылған бала үйі

«Облыстық № 1 мамандандырылған бала үйі» мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі – бала үйі) әділет органдары 2002 жылғы 23 шілдеде № 2271-1926 ГУ тіркеген. Бала үйінің ғимараты 1989 жылы салынған және 120 орынға есептелген. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2000 жылғы 6 маусымдағы № 228 бұйрығымен бекітілген Бала үйінің қызметін ұйымдастыру ережесіне сәйкес жүзеге асырады және облыстық бюджеттен қаржыландырылады.

Штат кестесіне сай қызметкерлер саны 184 адамды құрауға тиіс. Нақты алғанда, бала үйінде 160 маман: олардың ішінде 7 дәрігер, 40 медбике, 34 тәрбиеші жұмыс жасайды.

1 баланы асырауға (гумантарлық көмекті қоспағанда) жылына 452 500 теңге жұмсалады.

Бала үйінде 15-17 күннен бастап 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Барлық балалардың әр түрлі аурулары бар. Осылайша, «Д» есебінде, атап айтқанда «Орталық нерв жүйесінің перинаталды зақымдануы» диагнозымен – 88 бала, «Балалардың церебралды сал» диагнозымен – 7 бала тұрады. Педиатр-дәрігерде мешел, гипотрофия, қан аздық диагноздарымен балалардың 13,5 %-ы есепте тұр. Сондай-ақ туғанынан жүрек ақауы, хромосомдық аурулары бар балалар да бар.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сапары кезінде бала үйінде 12 топқа және арнаулы күтімді қажет ететін 3 топқа бөлінген 103 бала болды.

Соңғы үш жылда бала үйіндегі балалар қозғалысының тұрақты қарқыны байқалуда. 2002 жылы 157 бала келген болса, 51 бала кеткен, 2003 жылы -тиісінше 156 және 73 бала, 2004 жылы – 175 және 73 бала, 2005 жылы (9 айда) – 171 және 68 бала.

Бала құқықтары туралы конвенцияның 3-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында балаларға қамқорлық жасау немесе оларды қорғау үшін жауап беретін мекемелердің қауіпсіздік пен денсаулық сақтау саласындағы және олардың қызметкерлерінің саны мен біліктілігі тұрғысындағы нормаларын сақтау бөлігінде бала үйінде барлық қажетті қызметтер құрылған және жұмыс жасайды.

Бала үйінде тамақтану, оның ішінде диеталық тамақтану жас ерекшеліктері мен денсаулығының жай-күйіне сай жүзеге асырылады.

Бала үйінде балаларды демалыс саябағына және Жайық өзенінің жағасында қыдыруға апару үшін пайдаланылатын «Газель» жолаушылар автокөлігі бар. Жоспарға сай бала үйінің педагогикалық құрамы мәдени-ойын-сауық іс-шараларын (таңертеңгіліктерді, қуыршақ спектакльдерін, спорт ойындарын) өткізеді.

Бала үйінің қызметін ұйымдастыру ережесіне сәйкес 2002 жылғы мамырда жас әйелдер некеден тыс туған тұңғыш балалар үшін «Үміт» тобы құрылды.

Бала үйінің қызметкерлері баладан бас таруды жорамалдайтын ата-аналармен жұмыс жасайды. Қиын әлеуметтік жағдайдағы жас аналарға моральдық-психологиялық көмек көрсетіледі, психолог моральдық-психологиялық қолдау көрсетеді. Аналарды сондай-ақ тәрбиелеу процесіне, балаларды емізу машықтарына үйретеді. Аналар өз балаларына кез келген уақытта келе алады. Алайда, осы топтағы балалардың ішінен тек 2 ана ғана өз балаларына келіп тұрады.

Халықаралық стандарттарға сай «Үміт» тобы сияқты балалар мекемелерінің медициналық қызметкерлері тиісті оқыту және қайта даярлау құрылымдары арқылы өзінің кәсіптік деңгейін жүйелі түрде арттыруға тиіс.
Бала үйіндегі балалар бөлмелері ыңғайлы және санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келеді. Бала үйі жиһазбен, ойыншықтармен және керек-жарақтармен қамтамсыз етуде қиындық көрмейді. Демеуші «Филиппс Моррис» компаниясының көмегімен көркем түрде боялған құрғақ бассейн сатып алынды.

Бала үйінің ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді. Бала үйі басшылығының осы проблема бойынша хабарлауынша, Батыс Қазасқтан облыстық денсаулық сақтау басқармасының жоспарына сай 2007 жылға 39 970 000 теңге сомасында бала үйінің ғимаратына жөндеу жүргізу жоспарланған.

Медициналық изоляторда 3 бокс, сондай-ақ физиокабинет бар. Педиатр дәрігерлер баланың даму тарихына жаза отырып, күн сайын байқауды жүзеге асырады. Профилактикалық тексеруді жылына екі рет аумақтық емхананың тар көлемді мамандары жүзеге асырады.

Бала 4 жасқа толғаннан кейін мектепке дейінгі балалар үйіне шығаруға дайындайды. Дамуында психикалық-дене кемістігі бар балалар мамандандырылған бала үйлеріне ауыстырылады. Не баланы асырап алуы мүмкін.

Осы бала үйінде бала асырап алу процесінің барысы Бала құқықтары туралы конвенцияның 21-бабына сәйкес жүргізіледі, оған сай асырап алу тек баланың жоғары мүдделері үшін және құзыретті биліктердің рұқсаты болған кезде, сондай-ақ баланың мүдделері мен құқықтарын сақтау кепілдіктері бар болған кезде жүзеге асырылатынын белгілейді. Қазақстандықтар да, шетелдік азаматтар да көбінесе 6 жасқа дейінгі балаларды асырап алады. Шетелдік азаматтар, негізінен, ауыр патологиялы балаларды асырап алады, ал қазақстандықтар дені сау балаларды асырап алады.

Осы факт кемтар балалардың толыққанды дамуы мен кірігуі үшін кедергі болып табылатын ескішілдікті, қорқынышты және басқа да нанымдарды моральдық түрде еңсеруге қазақстандықтардың және, тұтастай алғанда, біздің қоғамның дайын емес екенін айғақтайды. Екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық деңгейі, сондай-ақ медициналық қызметтердің мүмкіндіктері мен қол жетімділігі ата-аналарға баланың толыққанды және тиімді емделуі үшін өзіне толық жауапкершілік алуына мүмкіндік бермейді.

Тұтастай алғанда, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бала үйіне бару нәтижелерін қорытындылай отырып, балаларды тәрбиелеу және асырау жағдайларының қанағаттанарлық екенін атап көрсеткен жөн. Медициналық және тәрбиелеу процестерінің жай-күйі осындай мекемелердің стандарттары мен нормаларына сәйкес келеді. Баланың құқықтарын көрінеу бұзушылық жағдайлары болмаған. Балаларды медикаменттермен, ойыншықтармен, киіммен, балалар іш киімімен және т.б. жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілетіні күмән туғызбайды. Балалар қолайлы, жылы және жайлы жайдайда, мекеме қызметкерлерінің тұрақты қамқорлығында тұрып, тәрбиеленуде.

Алайда, БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің балаларды отбасында, табиғи ортада тәрбиелеу және асырау қажеттігі туралы ұсынымдарын назарға ала отырып, осындай бала үйлерінде асыраудағы балаларды ата-аналар немесе қорғаншылары қабылдап алуы үшін, сондай-ақ басқа отбасылар асырап алуы үшін әлі де медициналық, психологиялық, құқықтық сипаттағы шаралар кешенін жүзеге асыру қажет.


ЗЕРТТЕУЛЕР

Қазақстандағы оқытудың жетістіктер мониторингі
ОҚЫТУДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР ФАКТОРЛАРЫ





«САНДЖ» зерттеу орталығы Білім және ғылым министрлігі мен БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) үшін «Оқытудағы жетістіктердің факторлары» атты Қазақстандағы оқыту жетістіктеріне мониторинг жүргізді.

Оқытудағы жетістіктер мониторингі (ОЖМ) білім беру сапасы жөніндегі деректерді жинау үшін Джомтьендегі Дүниежүзілік білім конференциясының бастамасын қолдау ретінде 1992 жылы жасалған ЮНЕСКО мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен жобасы болып табылады. Қазіргі сәтте ОЖМ әлемнің 70-тен астам елдерінде жүргізілуде. Қазақстан, сондай-ақ ОАӨ қалған республикалары ОЖМ жобасына 1999 жылы қосылды.

1999 жылғы зерттеу Қазақстанның 15 өңірінде (13 облыс, 2 астана) жүргізілді және сауаттылық, математика және өмір сүру машықтары бойынша тестілеуді және 4-сыныптардың оқушыларына, олардың ата-аналарына, мұғалімдері мен мектеп директорларына сұрау салуды қамтыды. Барлығы 3527 оқушы тесттіден өткізіліп, 3520 ата-анаға, 178 мұғалімге және 96 мектеп директорына сұрау салынды.

2005 жылы екінші зерттеу жүргізілді.

Осы мониторингтің мақсаты – таңдалған өңірлерде бастауыш мектепті оқытудағы жетістіктерді зерделеу. Зерттеу жүргізу кезінде мынадай міндеттер қойылды:


  • Бастауыш білім жүйесіндегі жетістіктер деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау;

  • Білім беру сапасының индикаторларын әзірлеу және қорыту;

  • Қала/ауыл, қазақ/орыс тілдерінде оқыту, қыз/ер балалар деп бөлгендегі бастауыш білім сапасы саласындағы соңғы 6 жыл ішіндегі (бірінші зерттеу жүргізілген сәттен бастап) жағдайдың өзгеруін қадағалау.

Оқытудағы жетістіктердің мониторингі – бұл оқыту процесін ұйымдастырылуы мен мазмұнының дұрыстығын бағалау тәсілі, аралық нәтижелердің негізінде түпкілікті нәтиже туралы қорытынды шығару мүмкіндігі, бұл негізгі нәтиже анықталғаннан кейін бағдарламаларды уақтылы түзету нәтижесінде оқытуға жұмсалатын шығындарды едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Мониторинг жүргізу тиімсіз бағдарламаларға ақша жұмсағаннан гөрі неғұрлым арзанға түседі. Оқытудың дұрыс ұйымдастырылмауынан, салауатсыз өмір салтынан, төмен моральдық құндылықтардан келетін шығындарды қоспағанның өзінде, еңбек рыногының теңгерімді еместігінен, қайта оқытуға немесе жаңадан оқытуға жұмсалатын шығындар аз емес.

Бастауыш білім беру барлық қалған білім беру сатыларының негізін қалайды. Алдағы уақытта бағдарламаларды меңгеру тиімділігі осы процестің дұрыс ұйымдастырылуына, берілетін материалдың мазмұнына байланысты. Бастауыш білім деңгейінің төмендігі – бұл мұғалім мен оқушының зая кеткен уақыты, олардың пайдаланылмай қалған әлеуеті, даму үшін жұмсалмаған мүмкіндіктері, жақсы білімге, жақсы жұмысқа қол жетімділігінің төмендігі, адамзаттық капиталдың құнсыздануы.

Қазақстан Орталық Азия елдеріндегі ОЖМ жүргізілген алғашқы ел болды, кейіннен оның тәжірибесі Өзбекстанға, Қырғызстанға және Тәжікстанға таратылды. Зерттеудің мақсаты өңірлік, жыныстық немесе әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан туындаған кемшіліктерді уақтылы түзетуді қамтамасыз ету, жетістіктерді өлшеуге арналған ортақ өлшемдерді белгілеу және алдағы уақытта оларды жақсарту шараларын жоспарлау әдістері мен көрсеткіштерін дамыту үшін бастауыш мектептегі білім беру сапасын тұрақты мониторингілеу тетігін әзірлеу болды.

Осы есепте бастауыш мектеп оқушыларының біліміндегі жетістіктер Мониторингі зерттеуінің нәтижелері жөніндегі деректер келтірілген, оның шеңберінде математика, сауаттылық және өмір сүру машықтарын оқытудағы жетістіктерге баға берілді, сондай-ақ осы жетістіктерге әсер етуші факторлар зерттелді. Мектепті басқару, білім беру мен мектепті басқару процесіне ата-аналар мен жұртшылықты тарту, оқыту процесінің бала үшін жайлылығы, яғни мектеп пен үйдегі игі ниетті жағдай жасау, оның құқықтарының қорғалуы мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді.




Каталог: publish -> docs -> files
publish -> Постановление Правления 2012 жылғы 24 тамыз №261 Алматы қ. г. Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға
files -> Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2
publish -> Дәуренбек МӘжитов, Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жасау департаменті директоры: Қажет болса, теңгедегі орысша жазуды алып тастау қолымызда тұр
publish -> ЖАҢА Әлемдегі жаңА Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
publish -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
publish -> Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №001. 01-39. 144 бұйрығымен бекітілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет