27 сурет. Санның цифрларының қосындысы
Мысал2.
1 мысалдағы есеп алгоритміне контексттік менюді(кӛмекші) қолданып шығару.
Формаға contextmenuStrip1, textbox1, textbox2 компоненттерін орналастырамыз. Меню
пункттерін алдыңғы есептегідей анықтап сәйкес кодтарын жазамыз. Құрылған контексттік
менюді бір компоненттпен байланыстыруымыз қажет.
Біз формамен байланыстырамыз, яғни
формаға тышқан кнопкасының оң жағын басқанда контексттік меню пайда болады. Форманың
contextmenu қасиетіне contextmenuStrip1 элементін таңдаймыз.
Программа коды жоғарыда
келтірілген. Программаны орындауға жібереміз. Формаға тышқан кнопкасының оң жағын
басқанда контексттік меню пайда болады және ашылған менюден қажетті пунктті таңдаймыз.
Программаның орындалуы 28 суретте кӛрсетілген.
28 сурет.
Контексттік менюді қолдану
Мысал 3.
1 мысалдағы есеп алгоритміне саймандар панелін (toolStrip1) қолданып шығару.
Формаға toolStrip1 компонентін орналастырамыз. Саймандар панелінің кнопкаларын
контексттік менюдің
button пункті арқылы анықтап, яғни үш кнопка қосамыз. Кнопкалардың
сәйкес суреттерін тағайындаймыз. Сәйкес кнопканы белгілеп Image қасиетін таңдаймыз. Ашылған
Select Resource терезесінен Import кнопкасын басып керек суретті жүктейміз.
Саймандар
панелінің кнопкаларының сәйкес оқиғаларын жазамыз. Біздің мысалда алдыңғы құрылған
оқиғалармен байланыстыру жеткілікті. Бірінші кнопканы белгілейміз.
Бұл кнопканың Click
оқиғасын ekilikToolStripMenuItem_Click оқиғасымен, екінші
кнопканың Click оқиғасын
sifrlarKoToolStripMenuItem_Click
оқиғасымен,
үшінші
кнопканың
Click
оқиғасын
sifrlarSaniToolStripMenuItem_Click оқиғасымен байланыстырамыз. Берілген санға амалдарды
саймандар панелінің кӛмегімен орындаймыз. Формаға textbox1, textbox2
компоненттерін
орналастырамыз. Программаны орындауға жібереміз. Бастапқы санды textbox1 компонентіне
енгізіп керек амалды саймандар панелінен таңдаймыз. Программаның орындалуы 29
суретте
кӛрсетілген. Мұнда бастапқы санның цифрлар қосындысы есептелінген.