C++ тіліндегі операторлар мен операциялар



Дата03.03.2022
өлшемі0,49 Mb.
#134243
түріПрограмма
Байланысты:
C тіліндегі операторлар мен операциялар-1
окыту, 6 лекция ККЗТ

C++ тіліндегі операторлар мен операциялар

  • С++ операторлардың әртүрлі типтерін ұсынады . Нәтиже алу үшін бұл операторларды айнымалылармен және литальдермен пайдалануға болады. Сияқты кейбір негізгі арифметикалық операторларды білесіз +,-,*,/ және %. Бірақ С++ бағдарламау тілі ұсынатын көптеген басқа операторлар бар.

Барлық программалау операторларды келесі санаттарға бөлуге болады:

  • 1.Арифметикалық операторлар
  • 2.Реляциялық операторлар
  • 3.Логикалық операторлар
  • 4.Bitwise операторлары
  • 5.Операторларды тағайындау
  • 6.Басқа операторлара

Арифметикалық операциялар

  • Арифметикалық операторларға «+»-қосу , «-»- азайту, «*»- көбейту , «/»-бөлу, <%>-проценттік бөлу операторлары жатады.

Арифметикалық операторларға «+»-қосу , «-»- азайту, «*»- көбейту , «/»-бөлу, <%>-проценттік бөлу операторлары жатады.

Меншіктеу операторы

  • Қандайда бір өрнекті және нәтижесімен , бір айнымалының иелігіне меншіктеу.
  • Толық формасы:
  • айнымалы_аты =өрнек; Алдымен өрнек есептеледі, содан кейін оның нәтижесі айнымалы_аты –на меншіктеледі. Мысалы: y=(x+2)/(3*x)-5;
  • Бір оператордың көмегімен бір мәнді бірнеше айнымалыға меншіктеуге болады, мысалы: x=y=z=0; /* x, y, z=0 */немесе z=(x=y)*5; - алдымен x айнымалысына y айнымалысының мәні меншіктеледі, одан кейін x*5 өрнегі есептеледі, одан кейін нәтиже z айнымалысына меншіктеледі.
  • Қысқа форма:
  • айнымалы_аты операция =өрнек;мұнда операция – (+ , -*, /, %) арфметикалық операцияларының біреуі;
  • Мысалы: x*=5; /* x=x*5; */s+=7; /* s=s+7; */
  • y/=x+3; /* y=y/(x+3); */
  • Қысқа форма айнымалы осы оператордың толық формасының екі жағында да кездескен жағдайда қолданылады..

Арттыру немесе кеміту (инкремент жəне декремент) операция- лары ++ жəне – – түрінде жазылады. Бұлар кез келген операндтың мəн- дерін бірге арттыруға немесе кемітуге мүмкіндік береді. Инкремент, яғни арттыру операциясы (++) жəне декремент (--), кеміту операциясы айнымалы (тек айнымалы мəнін) мəнін бірге арттырады немесе кемітеді.

Қатынас операциясы

  • Қатынас операциясы ( comparison operation) — 1) =, <=, >= қатынас операторлары пайдаланылатын екі орыңды операциялар. Оларды алгебралық литерлік және биттік қатынас деп бөледі; 2) теориялық-жиындық амалдар (=;#;<;>; е). Нәтижесіне байланысты true немесе false мәндерін қабылдайтын жиындық типтер мәндерінде анықталған операция.

Логикалық операциялар

  • С++ тілінде үш негізгі логикалық операциялар бар, олар былай жазылады:
  • 1. !- терістеу операциясы (ЕМЕС).
  • 2. &&- конъюкция, логикалық көбейту (ЖӘНЕ).
  • 3.||- дизъюнкция, логикалық қосу (НЕМЕСЕ).
  • switch таңдау операторы
  • Бұл оператор есептеу процесін бірнеше бағытқа тармақтау үшін арналған. Таңдау операторының жазылу түрі:
  • switch (өрнек)
  • { case 1-ші тұрақты:[1-ші оператор;]
  • case 2-ші тұрақты:[2-ші оператор;]
  • . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
  • case n-ші тұрақты:[n-ші оператор;]
  • default: оператор;
  • }
  • Бұл оператордың case тармағына сәйкес әрбір жолдан кейін break сөзін жазу қажет. Әйтпесе әрбір орындалған сәйкес жолдан кейін келесі тармаққа сәйкес операторлар орындала береді. Мысалы, апта аттарын шығару.
  • # include < iostream.h>
  • int main (){
  • int apta;
  • cin>>apta;
  • switch (apta){
  • case 1:cout<<”Дүйсенбі“;break;
  • case 2:cout<<”Сейсенбі“;break;
  • case 3:cout<<”Сәрсенбі“;break;
  • case 4:cout<<”Бейсенбі“;break;
  • case 5:cout<<”Жұма“;break;
  • case 6:cout<<”Сенбі“;break;
  • case 7:cout<<”Жексенбі“;break;
  • default:cout<<”Басқа апта аты жоқ“;
  • }
  • return 0 ;
  • }
  • 4 деген мәнді енгізсек, онда нәтиже : «Бейсенбі» болады.

Switch операторы
Дайындағандар:
Жұмаханұлы Жансерік
Скендер Балауса
Дадаханова Дилфуза
Абдіхалық Алпамыс

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет