ar айнымалысының алғашқы анықталған мәні — null. Бұл жиымға компьютер жадынан орын бөлу үшін, new операторы арқылы жиымдағы элемент-тер санын көрсету керек:
ar = new float[3] ;
Жоғарыдағы екі операторды біріктіріп жазуға да болады:
float[ ] ar = new float[3];
Бұған қоса, жиымды сипаттау кезінде оны бірден инициалдауға болады:
float[ ] ar = new float[3] { 3.14, 2.17, 100 };
Инициалдау мәндерінің саны жиымда көрсетілген элементтер санымен сәйкес болуы тиіс.
Инициалдау кезінде жиым элементтері санын бермеуге де болады:
Мұнда float типті 5 мәнді сақтауға арналған жады бөлінеді, алғашқыда олардың бәрінің де мәні 0-ге тең деп саналады.
Алдыңғы бөлінген float типті 3 мәнді сақтауға арналған жады қоқыс ретінде (garbage collection) өздігінен босатылады, өйткені С# тілінде delete операторы жоқ.
Сөз тіркестеріндегі сияқты жиым элементте-рінің санын мынадай өрнекпен анықтауға болады: