//Жиымның 3-элементін экранға шығару Console.WriteLine(k[2].ToString());
Бұлар түсінікті шығар. Жиым былай анықталады:
int[ ] k;
Мынадай нұсқалар дұрыс емес:
int k[ ]; // Қате!
int k[3]; // Қате!
int [3] k; // Қате!
Жиымды сипаттау үшін мәлімет типінен соң, бос тік жақшалар қойылады да, оның аты жазылады:
float[ ] ar;
ar айнымалысының типі — жылжымалы нүктелі сандар жиымы (нақты сан), ал негізінде ar — бұл нұсқауыш. С# тілінде жиым сілтемелік тип (refe-rence type) болып табылады. Сөз тіркесі де осы типке жатады.