Cандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютердің даму кезеңдері



бет18/55
Дата13.04.2022
өлшемі3,99 Mb.
#139163
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
Байланысты:
комп арх лекц 1-15
Аралық сұрақтары жауабы
Енгізу-шығару құрылғысы
Машинаның соңғы екі блогы-бұл енгізу құрылғысы және шығару құрылғысы. Осы құрылғылар арқылы компьютердің сыртқы өмірімен байланысы жүзеге асады. Олар адам немесе компьютермен байланысқан басқа да жүйе қабылдайтын, компьютерлер жұмыс істейтін, сол тілдерден және сол жылдамдықтардан ақпараттың түзілуі үшін буферлер болып табылады. Енгізу құрылғысы сыртқы ортадан деректермен командаларды қабылдайды,олар жадыға келіп түседі. Шығару құрылғысы есептелген нәтижелерді қабылдап және оны адамға- операторға немесе басқа жүйеге береді.
Енгізу құрылғысы және шығару құрылғысы машинаның шалғай құрылғылары түрінде беріледі. Мысалы ретінде перфо таспалы санауышты-перфораторлар мен электрлік жазғыш машиналарды келтіруге болады. Енгізу- шығару құрылғылары және микропроцессор араларындағы түйіспе нүктесін енгізу- шығару порттары деп аталады. Енгізу- шығару порттарының сол сияқты өз адрестері болады, сол себептен бір микропроцессорға бірнеше енгізу- шығару құрылғылары жалғануы мүмкін. Цифрлық компьютердің сипаттамалық ерекшелігіне бүкіл ақпарат дискретті түрінде өнделуі мен сақталуы жатады, яғни ақырлы сандар түрінде компьютерді дискретті ақпаратты өндеу мүмкіндігі болмайтын басқа жүйемен сәйкестіру қажеттілігі жиі туындайды. Дискретті емес ақпарат аналогты немесе үзіліссіз деп аталады. Мұндай жағдайларда цифрлық формадан үзіліссізге және кері түрлендіруін орындау керек. Соған сәйкес түрлендірулерді жүзеге асыратын енгізу-шығару құрылғылары аналогты- цифрлы және цифрлы- аналогты түрлендіргіштер деп аталады. Көп жағдайда жүйе өнімділігінің арттыруына жету үшін енгізу- шығару құрылғысының жадыға арифметикалық құрылғы арқылы емес, тікелей қатынасуына мүмкін беру қолайлы. Бұл жағдайда жадқа тура қатынау туралы айтылады (DMA-dіrect memory access). Жадқа тура қатынауының ұйымдастырылуы келесі тарауларда қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет