Cандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютердің даму кезеңдері



бет17/55
Дата13.04.2022
өлшемі3,99 Mb.
#139163
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
комп арх лекц 1-15
Аралық сұрақтары жауабы
Біркелкі жады
Біркелкі жады компьютерлер мен басқа цифрлық жүйелерле өзгермейтін ақпарат көзі болып қызмет етеді. Мысал ретінде тұрақтылар тізімдері, деректерді түрлендіру үшін кесте және тұрақты программалар қызмет етеді. Мұндай жағдайларда жадының модульдері қолданылады, оларда жүйенің өзіндік қолданылатын модуль құралдарымен жазылған ақпаратты өзгерту мүмкін емес. Мұндай модульдерді өндіреді және тұрақты ЕҚ(ТЕҚ) немесе ROM типтегі жады(Read- Only Memory- тек оқылу жадысы) деп аталады. Өзгермейтін ақпаратты сақтау үшін ТЕҚ қолдану кейбір қолданбаларда едәуір артықшылықтарды береді, себебі ақпарат тоқ көзін өшіргенде де бұзылмайды. Одан басқа, ТЕҚ ақпарат жинақталуының үлкен тығыздығына жетуге болады, себебі есте сақтау элементтері заттай қарапайым.
ТЕҚ- ң базалық құрылымын адрес дешифраторынан және оған қосылған НЕМЕСЕ вентилдердің жиынтығынан тұрады деп түсінуге болады, 6- суретінде көрсетілгендей НЕҚ үшін сияқты, дешифратордың шығыс сызықтары ТЕҚ ұяшықтарымен өзарабірлік арақатынасында болады. НЕМЕСЕ вентилдерінің саны сөз разрядтығымен анықталады. Жадының кейбір сөзіне сәйкес келетін дешифратордың шығыс сызығын кейбір НЕМЕСЕ вентилінің кірісімен қосып, осы сөзде 1-ге тең бір бетінің мәнін тапсырамыз, кері жағдайда бұл мән 0- ге тең болады. Сонымен мысалы, 6- суреттегі сөздің бірінші, екінші және соңғы разрядтарында 0 адресті 10...1, адресті сөз 01...1 құрайды. Ал 2n-1 адрестегі сөз 11...0 құрайды.
Адрес биттері бойынша құрылған дешифратор шығыстары минтермдерге сәйкес келгендіктен сипатталған құрылымның ТЕҚ бірнеше функциялардың жүзеге асуы болып табылады( олардың саны ТЕҚ сөз ұзындығымен анықталады), олардың әрқайсында минтерлер қосындысы түрінде болады. Сондықтан, ТЕҚ –да кез келген комбинациялық функция немесе функциялар жиынтығын жүзеге асыруға болады.

5.2.- сурет бос қатынау ТЕҚ құрылымы.

Жалпы айтқанда, ТЕҚ модулі сол не басқа, таңдама сызықтары және НЕМЕСЕ вентилдерінің арасында модулді қажетті ақпаратпен толтыратындай етіп қосылуларды орнатады. Ақпаратты ТЕҚ – ға жіберу процесін жиі ТЕҚ бағдарламалау деп атайды. өндірілетін жартылай өткізгішті ТЕҚ бағдарламалау тәсілі бойынша келесі үш негізгі түрге бөлінеді:



  1. Дайындау процесінде бағдарламаланатын.

  2. Тапсырушыда бір еселі бағдарламаланатын.

  3. Өшіру және қайта бағдарламалау мүмкіндігімен тапсырушыда бағдарламаланатын.

Үш аталған типтердің кез келгенінің жады бағдарламалаудағы кейбір коммутацияланатын элементтердің немесе қатар таңдама сызығын НЕМЕСЕ вентилінің кірісімен байланыстыратын “мойнақты” шешу немесе орнататын кейбір жерлерді алдын ала анықтайды. Коммутация ТЕҚ құрамымен анықталады, ал “мойнақтың” нақты жүзеге асырылуы мен бағдарламалау тәсілі ТЕҚ- нан тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет