Дәріс–7. Тақырыбы: Интерфейс қолданылуы. Компьютердің негізгі интерфейсі. Тізбектелген, параллель интерфейс. Жоспар
Интерфейс. Программалық, аппараттық жабдықтар;
Информацияны тасымалдау тәсілдері;
Интерфейс түрлері;
Параллель және тізбекті интерфейстер. Интерфейстің сипаттары.
Интерфейс – бұл құрылғылар ман программалардың өзара немесе пайдаланушымен және өзара қатынасты іске асыратын құралдармен арасындағы іс-әрекеттердің ережелерінің жиынтығы. Интерфейс ұғымына аппараттық құралдармен бірге программалық жабдықтар да жатады.
Программалық жабдық – программаның өзі, және программаның сыртқы көрінісі, дизайны (менюлер, батырмалар, т.б.), олар программамен жұмыс істеуді жеңілдетеді.
Информацияны тасымалдау тәсіліне қарай интерфейс параллель және тізбекті болып бөлінеді. Параллель интерфейсте мәліметтер бірнеше сымдармен бірмезгілде тасымалданады. Негізінде бір байт информация сегіз өткізгішпен өтетіндіктен өткізгіштердің саны сегізге еселі болады. IBM - үйлесімді компьютерде Centronics интерфейсі (LPT ажыратқысы түрінде, жүйелі блоктың артқы панелінде орналасады). Тізбектелген интерфейсі әр байттың барлық биттері кезегімен бір өткізгіш арқылы жіберіліп отырады. IBM – үйлесімді компьютерде көбіне RS -232 C (жүйелі блоктың артқы панелінде орналасқан COM ажыратқысы түрінде) стандартты тізбекті қазіргі заманғы компьютерде USB (Unibersal Serial Bus) тізбекті интерфейсінің кең тарағаны байқалып отыр. Бұл интерфейстің өткізгіштік қабілеті RC –232 C интерфейсінен жоғары жоғары. Кез келген интерфейстің ең маңызды сипаты оның өткізгіштік қабілеті. Параллель интерфейстің өткізгіштік қабілеті тізбекті интерфейстің өткізгіштік қабілетінен әлдеқайда жоғары. Сондықтан да RS -232 C жылдамдықты аса қажет етпейтін (мысалы тышқан) құрылғыларды қосуға пайдаланылады.
Интерфейске қолданылатын кабельдердің толқындық қасиеті төмендігінен интерфейс жылдамдығын тактілік жиілік есебінен арттырудың мағынасы жоқ..
Параллель интерфейстің жылдамдығын тежейтін факторлар: әртүрлі өткізгіштер арқылы келетін сигналдардың мезгілдерінің әркелкі болуы – яғни сигналды жіберуші мен қабылдаушылардың аралығындағы өткізгіштермен сигналдар әртүрлі уақытта өтеді, бірі ерте, бірі кеш. Мәліметтер алмасуының сенімділігін арттыру үшін алмасу электрондық схемаларын сигналдардың өту уақыттарының әркелкілігін ескеріп жасайтындықтан параллель интерфейстің өткізгіштік қабілеті кеми түседі.
Екі құрылғыны жалғайтын кез келген интерфейстің үш жұмыс режимі болады - дуплекстік, жартылай дуплекстік және симплекстік. Дуплекстік режим байланыс аркасымен (каналымен) кезегімен екі жаққа да сигнал жіберуге мүмкіндік береді. Алдымен бір бағытқа кейін қарсы бағытта.
Жартылай дуплексті интерфейстің міндетті түрде каналмен сигнал жіберу бағытын ауыстырып тұратын электрондық схемасы болады.
Симплекстік режимде информация тек бір бағытта тасымалданады. Интерфейстің маңызды параметрінің бірі жалғанатын құрылғылардың өшірілу (жоғалу) мүмкіндігі. Ол параметр жалғастырушы кабелдер мен интерфейстің кедергіге қарсы қорғанысымен шектеледі.
Қызығы интерфейстегі қатар орналасқан өткізгіштер бір-біріне кедергі туғызады. Осы кемшілікті болдырмау үшін әр жалғасуда жұп сым пайдалануға тура келеді.
Әдебиет: 3 нег. /22-23/, 7 қос. /12-23/
Бақылау сұрақтары: 1. Интерфейс дегеніміз не?
2. Программалық жабдықтар дегеніміз не?
3. Аппараттық жабдықтар дегеніміз не?
4. Қандай информацияны тасымалдау тәсілдерін білесіз?
5. Қандай интерфейс түрлері бар?
6. Параллель және тізбекті интерфейстердің айырмашылықтары қандай?
7. Интерфейстің қандай сипаттары бар?
8. Қандай тізбекті интерфейсті білесіз?
9. Қандай параллель интерфейсті білесіз?
10. Интерфейстің өткізгіштік қасиеті дегеніміз не?
11.Параллель интерфейстің жылдамдығын тежейтін қандай факторлар бар?
12. Симплекстік режим дегеніміз не?
13. Дуплекстік режим дегеніміз не?