Cандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютердің даму кезеңдері



бет27/55
Дата13.04.2022
өлшемі3,99 Mb.
#139163
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
комп арх лекц 1-15
Аралық сұрақтары жауабы
Шығару құрылғысына: принтер, дисплей мен графиксалғыш жатады.
Принтерлер - Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде қолданылады және құжаттардың көшірмесін қағаз бетінде алуға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік кестелік, графикалық, ақпараттарды шығаруға болады.Принтерге ақпараттың кескінін қалауымыз бойынша ақ-қара немесе түрлі-түсті шығаруға болады.

Принтердің бірнеше түрі:

  • Матрицалық;

  • сия бүріккіш;

  • Лазерлік ;

  • Сублимационалдық;

  • жарық диодты;

Осылардың ішінде сапасы жағынан ең жақсысы лазерлік принтер болып табылады.
Матрицалық принтерлер- бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болатын баспа - таңбалар түрінде шығарылады.
Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояу тамшыларының қағазға түсу нәтижесінде пайда болған дақтардан қалыптасады. Бояудың микротамшылары басу бастиегіндегі қысыммен шығарылады. Басу сапасы лазерлік принтерлерге қарағанда біршама төмен және ол тамшының көлеміне, оның пішініне, бояғыштың қоюлығына және қағаз сапасына тәуелді. Сия бүріккіш принтерлер түрлі түсті баспада кеңінен қолданылады.
Лазерлік принтерлердің сапасы полиграфиялық баспадан кем емес. Олардың жылдамдығы минутына баспаға шығарған бет санымен өлшенеді.
Сублимационалдық принтерлер арнайы қағазға термобалқу технологиясы негізінде жасалған. Ол фотосурет басып шығаруда жиі қолданылады.
Жарықдиодты принтерлер. Жарықдиодты принтерлердің жұмыс істеу принципі лазерлік принтерлер принципіне ұқсайды. Мұнда жарық көзі лазерлі бастиек емес, басатын қағаздың бүкіл ені бойы орналасқан жарықдиодтар сызғышы болып табылады. Көлденең қашуды қалыптастыру механизмінің керегі жоқ және бұл конструкция қарапайым, сенімді, арзан болады.
Әдебиет: 4 нег. /40-43/, 5 қос /30-43/
Бақылау сұрақтары:
1. Монитор қызметі және түрлері?
2. Принтер қызметі және түрлері?
3. Жүйелік блок қызметі және онда қандай порттар орналасқан?
4. Тышқанның қызметі және түрлері?
5. Пернетақтаның қызметі қандай?
6. Контроллер дегеніміз не?
Дәріс–9. Тақырыбы: Ақпаратты бейнелеу құралдары. Видеомонитор. Принтер. Қолданылуы, жұмыс істеу принципі. Техникалық мінездемесі. Ақпаратты енгізу құрылғысы.
Жоспар

  • Информацияны сақтайтын құрылғылар және информацияның көлемі.

  • Жинақтауыштардың сипаттамалары, стандарттар. EIDE және SCSI стандарттары.

  • Қатты диск геометриясы, дискінің негізгі мінездемелері, оқу және жазу жылдамдығы. Интерфейстер.

  • Сыртқы тасымалданатын қатты дискілер. Иілгіш магнитті дискілердегі жинақтауыштар, оптикалық дискілердегі жинақтауыш. CD-ROM жинақтауыштар. Жазу әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет