Cандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютердің даму кезеңдері



бет28/55
Дата13.04.2022
өлшемі3,99 Mb.
#139163
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55
Байланысты:
комп арх лекц 1-15
Аралық сұрақтары жауабы

Жинақтауыштардың қосылуы


Ұзақ сақталатын, өзгеріп тұратын және ток көзіне тәуелсіз информацияларды жинақтауыштарды сақтайды.
Жинақтауыштарда сақталатын информацияның көлемі жедел жадының көлемінен әлдеқайда үлкен болады және оларды ауыстыру мүмкіндігі де бар.
Жинақтауыштарды ондаған өндіруші компьютерлер шығарады. Олар бірін–бірі ауыстыра алатындай болу үшін сипаттамаларына, өлшемдеріне стандарттар жасалған. Қазіргі заманғы кең тараған стандарттар EIDE және SCSI.

Қатты диск геометриясы


Жинақтаушының пластиналары металдан немесе әйнектен жасалады және екі жағынан да ақпараттарды жазуға болатын магнитті қабаттан құралады. Магнитті беттері өңделеді және ферромагнитті қабықпен қапталады. Өңдеу материалдары және оның көлемі әр жинақтаушыда әр түрлі болады.Әр жұмыс бетіне бір бүркеншік сай келеді. Пластина беті өте жіңішке концептрлік сақиналы зонаға бөлінеді, ол дорожка деп аталады.Ал әр дорожка бірнеше сектор деп аталатын учаскелерге бөлінеді. Секторды екі облысқа бөлуге болады. Мәліметтер облысы және көмекші ақпараттар облысы. Көмекші ақпараттар өндіруші зауытта пластина бетіне бір рет қана жазылады да, әрмен қарай оны түзетуге болмайды.
Көмекші аймақ жинақтаушының сектордың уникалды адресі болады, ол арқылы контролер жазу кезінде немесе ақпараттарды оқу кезінде оны тез таниды. Мәліметтер облысы жинақтаушыға жазылған пайдалы ақпараттарды сақтайды. Бұл облыс қолдану уақытының барысында өзгертулерге ұшырауы мүмкін.Сектордың мәліметтер облысы түгелімен ғана жаңартылады. Барлық бүркеншщіктер синхронды түрде орындарын ауыстырады және бұл процесс біраз уақытты талап етеді. Бүркеншіктердің өзгермейтін кезіндегі дорожкалардың жиынтығы цилиндр деп аталады.Дискілік жүйенің өндіргіштігінің көзқарасы жағынан бірінен кейін бірі мәліметтерді бір цилиндр шеңберінде орналастырылғаны дұрыс.
Қатты дискінің негізгі мінездемелері

Қатты дискінің көлемі оның қолданушылары үшін ең негізгі мінездемесі болып табылады. Ол қатты дискінің корпусындағы пластиналар санына және бір пластинаға жазылатын информация тығыздығына тікелей байланысты. Пластина жазылатын ақпараттардың тығыздығы қатты дискілердің бағасын төмендетуге алып келеді. Қазіргі заманғы пластиналар алюминийден немесе әйнектен де жасалады. Жылдамдық. Қатты дискінің 2 негізгі параметрі- ол ақпараттарды оқу, жазу жылдамдығы (Transfer Rate).Ол біріншіден дискідегі пластиналардың айналым жылдамдығына жоғарыдағы қарастырылып кеткен жазылудың тығыздығы да әсер етеді.
Қол жеткізу уақыты. Бұл ақпаратқа қол жеткізу уақыты(Access Time). Бұл дискідегі дорожкаларды іздеу мерзімі болып табылады. Ол негізінен дискінің айналу жиіліген тығыз байланысты. Интерфейстер. Дискілердің интерфейстерінің дамуы 2 түрлі жолмен жүріп отырады: арзан және қымбат. Бұл дискімен тікелей жұмыс істейтін тақшада винчестерді орнату. Осының нәтижесі ретінде SCSI интерфейсі пайда болады, бұл серверлер нарығында үлкен жетістіктерге жеткен болатын. Оның басты ерекшелігі, ол компьютерге бірнеше құрылғылардың бірден құрылуы.Ал екінші жасалған интерфейстің түрі IDE. Оған сәйкес стандарттар ATA/33, ATA/666ATA/100 ATA/133 деп аталады. Қазіргі уақытта Parallel ATA-ның Serial ATA-ға ауыстырылу процесі жүзеге асырылуда.Интерфейстің өткізгіштік қабілеті 1.5 Гбит/сек-ті құраса, ал қуаттылық 5-тен 3.3 В-қа дейін төмендейді.
Диск жетектері – бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері ішкі жүйелік қорапқа қоса салынған немесе сыртқы болады және кабель не өткізгішсіз жалғастыру арқылы компьютерге қосылады.
Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. (9.1–сурет). Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дискілермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әр түрлі мәліметтер сақталады.

9 .1.–сурет. Тұрғылықты диск.
Алмалы дискілерге арналған диск жетегі 3,5-дюймдік дискеттерді оқиды. (7–сурет). Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушы болып саналады, олардың сыйымдылығы 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларды (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде алмалы дискілерде арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді .


9.2–сурет. Алмалы диск.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет