Cандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютердің даму кезеңдері


Позициялық санау жүйелерінде бүтін сандар қалай туындайды?



бет4/55
Дата13.04.2022
өлшемі3,99 Mb.
#139163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
комп арх лекц 1-15
Аралық сұрақтары жауабы

2. Позициялық санау жүйелерінде бүтін сандар қалай туындайды?


Кез келген санау жүйесінде цифрлар мәндеріне сәйкес реттеліп орналасады: 1 цифры 0-ден кейін, 2 цифры1-ден кейін, т.с.с.

Цифрды жылжыту деп оны өсу реті бойынша келесі мәнмен алмастыруды айтады.

1 цифрын жылжыту оны 2-мен алмастыру, ал 2 цифрын жылжыту оны 3-пен алмастыру, т.с.с. Ең үлкен цифрды жылжыту (мысалы, ондық жүйедегі 9 цифры) оны 0-мен алмастыру дегенді білдіреді. Екі ғана цифры – 0 мен 1 ғана бар екілік санау жүйесінде 0-ді жылжыту 1-ді береді, ал 1-ді жылжыту 0-ді береді.
Кез келген санау жүйесіндегі бүтін сандар былай туындайды:

Кез келген бүтін саннан кейінгі бүтін санды табу үшін сол санның ең оң жақ шеткі цифрын жылжыту керек; егер бір цифр жылжытылғаннан кейін нөл боп шықса, оның сол жағында тұрған цифрды жылжыту керек.

Осы ережеге сәйкес жоғарыда келтірілген санау жүйелері үшін алғашқы 10 санды жазып шығайық:

  • екілік жүйеде: 0, 1, 10, 11, 100, 101, 110, 111, 1000, 1001;

  • үштік жүйеде: 0, 1, 2, 10, 11, 12, 20, 21, 22, 100;

  • бестік жүйеде: 0, 1, 2, 3, 4, 10, 11, 12, 13, 14;

  • сегіздік жүйеде: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 10, 11.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет