Cандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютердің даму кезеңдері



бет16/55
Дата13.04.2022
өлшемі3,99 Mb.
#139163
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Байланысты:
комп арх лекц 1-15

Дәріс–5. Тақырыбы: Жады элементтері, қолданылуы. Үзіліс жүйесі. Енгізу-шығару жүйелері. Аналық плата. Аналық платада орналасқан жүйелер. Аналық тақтаның BIOS-ын жаңарту.
Жоспар

    • Жады элементтеріне түсініктеме

    • Енгізу-шығару жүйелері

    • Аналық плата туралы түсінік

    • Аналық тақтаның BIOS-ын жаңарту.

Есте сақтау элементінде сөздің бір битінің сақталуы үшін асинхронды RS-триггер қолданылады. Триггерден басқа, әрбір есте сақтау элементі триггер мен деректердің ішкі сызықтары арасынан ақпараттың тасымалдануы үшін вентильдерден тұрады.


Оқу немесе жазу, екі операциялардың бірі. Бір “қатардың” барлық элементтері үшін бір уақытта орындалады. Әрбір “қатар” сөзді сақтау үшін ұяшықтан тұрады және оның өз адресі болады. “2n ден 1” дешифраторы берілген адрес бойынша ұяшықтың таңдалуы үшін қызмет етеді. Негізінен оларға керекті ұяшық адресі беріледі. Дешифратордың 2n шығыс сызықтары сөз таңдама сызықтары деп аталады. Дешифратор кірісіне берілген комбинациясынан тәуелділікте сөз таңдамасының қандайда бір сызығы логикалық 1 мәнін алады, ал қалған барлығы – логикалық 0. сөз таңдама сызықтарының әр қайсысы қатарлардың барлық элементтерінде оқу немесе жазу операцияларын шешетін сызық ретінде қолданылады.

Әрбір бағанда екі ішкі сызықтар болады: біреуі – жадыда деректердің берілісі үшін (кіріс), ал екіншісі – жадыдан (шығыс). “Шығыс” сызығының жағдайы таңдалған қатардағы есте сақтау элементімен анықталады. Ол үшін әрбір элементте триггер шығысы логикалық түрде “сөз таңдамасы” сигналына көбейтіледі, ал барлық нәтижелердің логикалық қосындысы шығым сызығына келеді. Осылайша, жадыдан сөздің оқылуы дешифратор кірісіне қапсетті сөз адресінің берілуімен және “шығыс” сызығында жағдайды қадағалаумен орындалады.


Әрбір бағанның “кіріс” сызығы жазу оперциясы орындалу кезінде таңдалған қатарлардың есте сақтау элементіне ақпараттың берілуі үшін қолданылады. Бұл әрбір есте сақтау элементіне екі және вентильтердің көмегімен жүзеге асырылады. Олар “сөз таңдауы” және “жазу” сигналдарының бар болуы кезінде “кіріс” сызығынан S триггер кірісіне сигналды тасымалдайды, ал оның қосымшасын – R кірісіне береді. Осылайша, жадыға сөздің жазылуы дешифратор кірісінде қажетті ұяшықтың адресін тапсырумен орындалады, ал жазылатын сөздің – “кіріс” сызығында және кейіннен – “жазу” басқару сызығында логикалық 1.
Жоғарыда келтірілген түсініктемеде жады модулі үшін ішкі болып табылатын “жазу”, “кіріс” және “шығыс” сызықтарында сигналдар бейнеленді. Бұл сигналдар модульге қатысы бойынша сыртқы сигналдармен сәйкес келетін вентильдер мен буферлік схемалардың көмегімен байланысқан. Мұндай байланыс модульдің керекті сыртқы сипаттамаларынан тәуелділікте түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.
Мысалы, 1(а)-суреттегі модульдің сыртқы сипаттамаларын 3-суреттегі схемалар көмегімен алуға болады. Ол жерде үш сыртық сызық: “жазу”, “модуль таңдауы” және “деректер”. Ішкі “жазу” сигналы сыртқы “жазу” және “модуль таңдамасы” сигналдарынан ЖӘНЕ ретінде алынады. Суретте көрсетілгендей, сыртқы “деректер кірісі” және “жазу” сызықтары сөздей әр бит үшін “деректер ” сыртқы сызығымен ішкі буферлік схемасы және үшорнықты шығыс құрушысы арқылы қосылады. Үш орнықты құрушысы “модуль таңдамасы” сигналынан және “жазу” сигналының терісінен ЖӘНЕ сигналымен басқарылады. Осылайша, деректердің сыртқы сызығы жазу кезінде деректердің кіріс сызығына ақпаратты беріп және оқу кезінде деректердің шығыс сызығынан ақпаратты қабылдай отырып, екі бағытты түрінде жұмыс жасайды.



5.1.-сурет. Жады модулінде сыртқы және ішкі сигналдар арасында байланыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет