Қатты диск - компьютермен жұмыс барысында қолданылатын ақпараттарды сақтап отыру құрылғысы. Қатты магнит дискілерінің жинақтаушысы бір немесе одан да көп магнитті қабаты бар пластиналардан, бүркеншіктен, позиционерлейтін құрылғысынан, корпус және контроллерден құрастырылады.
Пластиналар - жинақтаушының негізгі элементі, оларда ақпараттар орналасады. Бүркеншік пластинадағы ақпараттарды оқу немесе жазу үшін орналасады. Позиционерлейтін құрылғысы пластиналар бойымен бүркеншіктердің керекті жеріне орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Корпус конструкциялардың қалған элементтерін бекітеді және пластиналар мен бүркеншіктердің механикалық зақымдануынан, шаңнан қорғайды. Контроллер жинақтаушының барлық электрлік және электромеханикалық түйіндерін басқарады және компьютерден керісінше, ақпараттардың берілуін қамтамасыз етеді.
Әдебиет: 1 нег. /377-440/,3 нег. /18-19/
Бақылау сұрақтары: 1. Еске сақтау құрылғыларының қандай түрлері бар?
2. Негізгі жады дегеніміз не?
3. Жедел жады дегеніміз не?
4. Жадының ұяшықтары қанша биттен тұрады?
5. Жадының ең кіші адрестік бөлігі қандай?
7. ТЕСҚ дегеніміз не?