Cандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютердің даму кезеңдері


Дәріс–8. Тақырыбы: Перифериялық құралдары. Перифериялық құралдарының техникалық мүмкіндіктері, құрылымы, қолданылуы. Ақпаратты енгізу құрылғылары



бет26/55
Дата13.04.2022
өлшемі3,99 Mb.
#139163
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
комп арх лекц 1-15

Дәріс–8. Тақырыбы: Перифериялық құралдары. Перифериялық құралдарының техникалық мүмкіндіктері, құрылымы, қолданылуы. Ақпаратты енгізу құрылғылары.

Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы.(8.1–сурет)



8.1–сурет. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар.

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан (блоктардан) тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды – бұлар монитор, жүйелік блок, тышқан мен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді.


Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:

  • Ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы(сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет);

  • Ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш(принтер), плоттер);

  • Енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш).


8. 2–сурет. Жүйелік қорап

Жүйелік қорапқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өндеуді, электр тогының қосылуын қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді. Жүйелік қораптың ішін көру үшін, оның артқы қақпағын ашу керек, оны конструкциясында жүйелік қорап тың әртүрлі типтері үшін айырмашылықтары бар. Жүйелік қораптың алдынғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт –дискіден оқитын CD-ROM орналастырылған. Кейбір жүйелік қораптың конструкцияларында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады. (8.2–сурет.)



Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Монитор – мәліметтердің бейнесін экранға шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез‑келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады. Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадамы, бейнені жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау класы.
Экранның мөлшері оның диагоналінің мөлшерімен анықталады. Өлшеу бірлігі ретінде дюйм қабылданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14”, 15”, 17”, 19”, 20”, 21”. Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын монитор кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймді мониторларды пайдаланған тиімді
Пернетақта – дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік‑цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларына жатады.
Пернетақтаның құрылысы. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден тұрады. Олар бірнеше функционалдық топтарға бөлінген.
Алфавиттік‑цифрлық пернелер тобы символдардан тұратын ақпаратты енгізуге арналған.
Функционал пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан он екі перне кіреді (F1-F12). Бұндағы әрбір перне қандай да бір функционалдық қызмет атқарады. Қызметтік пернелер алфавиттік‑цифрлық пернелер тобының маңайында орналасқан.
Тышқан – графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.

Монитор мен тышқан бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі – графиктік интерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет