C D және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. (9.3–сурет). CD және DVD дискілер ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7 Гб ақпарат сыяды.
Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және
CD,DVD диск. DVD-RW) болады.
9.3.–сурет. USB – портына тікелей қосылатын USB – диск немесе флеш–карта жатады. Флеш–карталар өте ықшам, қазіргі таңда оларға 128 Мбайттан 4 Гбайтқа дейін ақпарат сыяды.
Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті, ететін сондай-ақ оны компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік беретін бірнеше құрылғылар түрі бар. Б ұл құрылғылар құрамдас та, қосымша да
9.4–сурет. USB – диск. . болады, қосымша болған жағдайда олар кеңею слоттарына
орнатылады. (9.4.–сурет) Дыбыстық тақташакомпьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. (9.5.-сурет). Дыбыстық тақташа ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.
9.5.-сурет. Дыбыстық тақташа.