Бейнебейімдеуіш немесе бейнетақшаның кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар. (9.6.-сурет).
«Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (Video RAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.
9.6.-сурет.Бейнебейімдеуіш.
9.7.-сурет. Порттар. Сыртқы(тасымалданатын) қатты диск Қазіргі уақытта сыртқы құрылғыларды қосуда бірнеше шешімдер қолдануда. Біріншіден, USB-портына қосылған қатты дискілер, олар көбінесе цифрлік камера, басқа да ұялы құрылғылармен ақпарат алмасу үшін қолданылады.
Ақпараттарды сақтау жүйесінің басқа бағыты ол магнитті-оптикалық дискілер. Магнитті оптикалық (MO) дискілерге жазу лазер мен магниттік бүркеншік көмегімен атқарылады. Лазер сәулесі магниттің жазылуға тиісті микроскопиялық облысы, Кюри нүктесіне, дейін жылытады да, әрекеттесу зонасынан шыққан кезде салқындайды, осы жерде магнитті өріс тұрақталады. Осының нәтижесінде дискіге жазылған мәліметтер үлкен магнитті өрістерден және температуралық өзгертулерге шыдайды. Дискілердің барлық функционалдық қасиеттері -20-дан+50 градус Цельсий аралығындағы диапозонда сақталады.
Иілгіш магнитті дискілердегі жинақтауыш
Иілгіш магнитті дискілердегі жинақтаушылар немесе дисковод жүйелік блокқа енгізіліп жазылады. Иілгіш жинақтауыштар да, көбінесе, дискеталар түрінде жасалады.
Жинақтауыш - бұл жоғары жағында жылжымалы ысырмасы бар, қорғаушы конвертте орналастырылған ферромагнитті қабаты бар диск. Дискеталар, көбінесе, бір компьютерден екінші компьютерге кіші көлемді ақпараттарды жедел түрде тасымалдау үшін қолданылады.
Қатты дискідегідей бұнда да тағыда секторларға бөлінеді. Секторлар мен жолдар дискеталарды форматтау кезінде пайда болады. Дискетаның негізгі параметрлері технологиялық мөлшері (дюйммен есептеледі), жазудың тығыздығы және толық сыйымдылығы.Жазу тығыздығы қарапайым SD(Single Density), екілік DD (Double Denstry) және жоғары HD (High Denstry) болады. Қазіргі таңда стандартты дискеталар 3.5 дюйм, жоғары тығыздықты HD, 1.44 Мбайт сыйымдылығы бар.
Оптикалық дискілердегі жинақтауыш
CD-ROM жинақтауыш
Соңғы уақыттағы компьютерлердің негізгі конфугурациясына CD-ROM дискжетек енгізген болатын. CD-ROM-ның (Compact Disk Only Memory) абервиатурасы компакт-дискілер негізіндегі тұрақты еске сақтаушы құрылғы деп аударылады. Осы құрылғының әрекетінің принципі диск бетінде орналасқан лазерлік сәулелер арқылы цифрлік мәліметтерді оқу болып табылады. Ақпараттарды тасымалдаушы ретінде қарапайым компакт-дискіні қарастыруға болады. Компакт-дискідегі цифрлік жазу өте жоғары тығыздығы бар магниттік дискілерден ерекшеленеді, сол себептен стандартты CD 650-700 Мбайтты сыйдыра алады. CD-дің диаметрі 120 мм және қалыңдығы 1.2 мм болатын пластиктен жасалады.
Пластикалық бетке алюминий немесе алтын қабаты жағылады. Дискіге ақпаратты жазу жолдардың бетіне басып жазу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ақпаратты екі ретті жазуға мүмкіндік туғызады. Тереңдету пит (pit), ал оның беті лэнд land деп аталады. Логикалық бірлік питтен өту кезінде кодталады. Компакт-дискінің ортасынан шетіне дейін спираль түріндегі бір жолдар болады. Диск беті 3 облысқа бөлінеді. Бастапқы (Lead-In) дискінің ортасында орналасады. Және бірінші оқылады. Онда диск мазмұны жазылады, барлық жазулардың адрестерінің кестесі, дискі белгісі және т.б. көмекші ақпарат. Ортаңғы облыс дискідегі үлкен орын алатын негізгі ақпараттары бар. Соңғы облыс (Lead-Out) дискінің соңғы белгісі болады.
CD-ROM жинақтауышы дискіні айналдыратын электродвигателі болады; лазерлік сәуле шашушы, оптикалық линза диск бетінен оқуға арналған датчиктер мен линзалардан құралған оптикалық жүйесі; әкелу механикасын басқаратын микропроцессорлардан құралады.
CD-ROM-ның негізгі сипаттамалары: мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы-150 Кбайт/сек; компьютердің жедел жадысына мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының сипаттамалары; 2 жылдамдықты CD-ROM (2х), 50 жылдамдықты /50х CD-ROM/; қолдану уақыты, яғни дискідегі ақпаратты іздестіру үшін миллисекундамен есептейді.
Бір ретті жазу CD-R және CD-RW құрылғылары болады.
CD-R(CD-Recortdable) жанақтауышы
Сырт жағынан ол CD-ROM-ға ұқсас және дискілер көлемі мен жазу форматы жағынан бір-біріне тіркесуші болып келеді. Ол бір реттік жазуды орындауға мүмкіндік береді және оны бірнеше рет оқуға болады. Мәліметтерді жазу арнайы программалық жабдықтау көмегімен жүзеге асырылады. CD-R жинақтауышындағы жазу жылдамдығы 4х-52х-ті құрап отыр.
CD-RW (CD-ReWritable) жинақтауышы
Бұл көпмәтіндік мәліметтерді жазуға мүмкіндік береді және бұл жерде ақпараттарды бос кеңістікке жазып, сонымен қатар жаңа ақпараттарды толықтай қайта жазуға мүмкіндік бар /алдыңғы мәліметтер өшіріліп қалады/ CD-RW жылдамдығы 4х-52х, ал қайта жазу жылдамдығы -24х.
DVD (Digital Video Disk) жинақтауышы
Бұл цифрлік жазуларды оқу құрылғысы. Сырт жағынан DVD-диск кәдімгі CD-ROM-ға /диаметрі -120 см, қалыңдығы-1,2 мм/ ұқсайды. Бірақ оның ерекшелігі DVD-дискінің бір жағына 4,7 Гбайтқа дейін жететін мәліметтерді жазуға болады. Егер 2 қабатты жазу үрдісін қолдаңсаңыз, онда дискінің бір жағына 8.4 Гбайт ақпаратты жазуға болады. DVD-дискілері ақпараттарды қайта жазу мүмкіндігіне ие.
Жазу әдістері: Track-at- Once, Disc-at-Once Packet Writing
Track-at- Once тәртібінде әр жолдар жазылғаннан кейін лазер қосылады. Осы тәртіпте жазылған жолдар аралықтармен бөлінеді (gaps). Егер музыкалды жолдардан кейін мәліметтері бар жолдары келетін болса, онда аралық 2 немесе 3 секундтты құрайды. Ал музыкалық жолдар арасындағы аралық әдетте 2 секунд.
Disc-at-Once тәртібінде жазуда бір немесе одан да көп жолдар лазердің өшпеуінсіз жүзеге асырылады және бұл жерде диск жабылады. Disc-at-Once-та жазу үшін жаңа диск қажет және ол multisession дисктер үшін мүмкін емес.
Packet Writing. CD-ға жазудың жаңа әдісі. Бұл жерде мәліметтер кіші позициялармен жазылады және бұл көптеген шектеулерді шешеді. Adaptec Direct CD программасы стандартты UDF спецификасына сәйкес тәртібінде жасалады. Бірақ барлық CD –рекодерлерде Packet Writing мүмкіндігі бол бермейді.