Осы формула негізінде интеграцияның бірінші дәрежесі ретінде 10 компанетқа дейінгі микросхемалар.
Екінші дәрежеге 11- ден 100-ге дейінгі.
Үшіншіге 101-1000-ға дейінгі және тағы басқа қабылданған. Үлкен интегралды схемалардың пайда болуы интегралды компаненттерден элекронды құрылғылар өндірісімен нақты бірігуі басталады. Үлкен интегралды схема сандық құрылғылардың есептегіш, тіркеуші, дешифраторлы тағы басқа құрылғылары бір қатар типтік түйіндермен тізбектерін көрсетеді. Олардың негізінде блоктар және де бүтіндей электронды құрылғылар іске асырылады.
Микропроцессор- үлкен интегралды тізбек технологиясы негізінде жасалған бағдарламаланатын саналық құрылғы.
Микропроцессор құрылымында үлкен иірімділік орнатылған. Өздігімен ол қандай да бір нақты мәселені шеше алмайды. Мәселені шешу үшін оны программалап, басқа құрылғылармен байланыстыру керек. Оның құрамына негізінен есте сақтау және енгізу- шығару құрылғылары кіреді. Микрокомпьютер немемсе микропроцессорлық жүйе деген, ол жалпы алғанда қандайда бір нақты қызметті атқаруға көзделген бір-бірімен байланысқан микропроцессор есте сақтау, енгізу- шығару жүйелік құрылғылардың үйлесімділігі.
Микрокомпьютерлер қарапайым электронды есептеу машина қасиеттерінен олардың басты айырмашылығы, оның құнының арзандылығы және өте кішкентай өлшемі. Осы қасиеттеріне байланысты олар кең қолдануда.