Жоғарыда келтірілген сұлба шинаға жалғанған әрбір модульге екі басқарушы сызықтарды қажет етеді. Сондықтан, m модульдер кезінде шинаның n сызықтарына 2m басқарушы сызықтары қосылады. Әрбір модульге сәйкес келетіндей идентифицирлейтін осы модуль кодты қойып, сызықтар санын азайтуға болады. Модулі m болған кезде кодтың берілуі үшін биттердің минимал саны k минимал мәніне тең, ол кезде 2k >m. Осы кезде басқарушы модуль ұқсас кодтарды тапсыра отырып, жөнелткіш пен қабылдағышты таңдай алады.
12.4- суретте схема келтірілген, ол жерде екі адрестік шиналар қолданылған, біреуі жөнелткішті таңдау үшін, ал екіншісі – қабылдағышты. Адрестік шиналарда басқарушы модульдерден барлық басқа модульдерге келетін k сызықтары болады. Біреуі басқарушы модульден қосымша сызық, стробтайтын сызық, ол ақпарат берілу моментін анықтайды. Модульдер арасында ақпарат тасымалданатын шиналарды адрестік шиналарға қарағанда деректер шинасы деп атаймыз.
Адрестік шиналарда “өзіндік” ұқсастыратын кодын тану әрбір модульдің қызметіне жатады. Бұл 12.4-суретте көрсетілгендей, әрбір адрестік шинаға біреу бойынша әр модульде екі және вентильдердің көмегімен орындалады. Адрестік сызықтарға вентильдер кірістері не тікелей, не ұқсастырушы модуль кодында биттердің мәндерінен тәуелділікте терістеуіш арқылы жалғанады. Сондықтан, соған сәйкес “қабылдауыш таңдауы” және “жөнелткіш таңдауы” ретінде белгіленген вентильдер шығыстарында сәйкес адрестік құрға берілген модульдің ұқсастырушы коды берілгенде логикалық 1- лер пайда болады.
12.4-суретте көрсетілгендей “жөнелткіш таңдауы” сигналы үш орнықты қалыптастырғышты басқарады, олар арқылы модуль регистрінің шығыс сызықтары деректер құрына қосылады. Сонда, деректер шинасы әр уақытта тапсырушы ретінде басқарушы модульмен көрсетілген регистр жағдайын бақылайды. Басқаша айтқанда, “қабылдағыш таңдауы” сигналы стробтайтын сызықтағы сигналмен бірге регистрге деректердің қабылдануы үшін қолданылады. Ал негізінен әр модульде және вентилінде “қабылдағыш таңдауы” және стробтайтын сигналдардан “қабылдаудың шешу” сигналы қалыптасады. Осылайша, деректер шинасы жағдайы стробтайтын сигналмен анықтайтын моментінде басқарушы модульмен қабылдауыш ретінде көрсетілген регистрге беріледі.
Екі модуль арасындағы сөздің тасмалдануы кезінде 12.4- суреттегі схема бойынша басқарушы модульдің логикалық жұмысын қорытындылайық:
112.4.сурет. Жеке адрестік шиналары бар параллель шиналар жүйесі.
Ең алдымен жөнелткіш пен қабылдағыштың ұқсастырушы кодтары сәйкес адрестік шиналарды орналастырылады. Бұл тапсырушы регистр құрамы деректер құрларында орналасуына алып келеді.
Кейіннен қысқа уақытта стробтайтын сызыққа логикалық 1 беріледі. Бұл қабылдағыш регистрге деректер шиналар құрамының берілуіне әкеледі.