Әдебиеттер: 3 нег. /443-480/, 4 нег. /545-580/, 7 қос. /61-68/ Бақылау сұрақтары: 1. Дербес компьютер архитектурасы қызметі?
2. Дербес компьютер дегеніміз не?
3. Процессордың разрядтылығы дегеніміз не?
4.Дербес компьютердің магистралдық жүйесін не жатады?
5. ЭЕМ-ң жалпы негізгі принциптерін ата?
6. Интегралдық схема дегеніміз не?
7. Шеткері құрылғылардың құрамын ата?
Дәріс 12-13. Тақырыбы: Шиналар буферизациялау. Жүйелік магистральдарды басқару. Сыртқы құрылғы адаптерлері. Чипсеттер. Алмасу процестерін басқару. Жоспар
Шина түсінігі, орналасуы ортасы
Шиналардың түрлері
Чипсеттер туралы түсінік
Шиналар Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысады. Шиналардың негізгі үш түрі бар: адрестік, мәліметтер және командалық шина.
Микропроцессордың жеке блоктары бір-бірімен құрлар көмегімен байланысқан. Шиналар деп жолдар жиынтығын айтамыз, олар арқылы бірнеше көздердің кез- келген бірнеше қабылдағыштардың кез- келгеніне ақпарат беріледі. Микрокомпьютерлерде кең тараған шина құрамының бірі 12.1-суретте көрсетілген.