Cандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютердің даму кезеңдері



бет46/55
Дата13.04.2022
өлшемі3,99 Mb.
#139163
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Байланысты:
комп арх лекц 1-15

Тапсырмалар диспетчері.
Тапсырмалар диспетчері бұл компьютерлердің тез жүктелуін қамтамасыз етеді. Ол программалар мен процесстердің компьютерде орындалуын көрсетеді. Программалардың жұмыс жасау барысында ақау болған жағдайда программаның жағдайын көрсетеді және жұмысты аяқтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнда компьютер жүйеден ажыратылған кезде, оның жағдайын және жұмыс істеу параметрін көрсетеді. Windows – та тапсырмалар диспетчерін шақыру үшін Ctrl+Alt+Del пернелер комбинациясын бірге басу керек. Содан кейін программаның терезесі шығады. (2-сурет)




13.2-сурет. Тапсырмалар диспетчері терезесі.

Терезенің жоғарғы жағында бас меню қатарының төменгі жағында мына командалар: Приложения, Процессы, Быстродействие, Сеть және Пользователи орналасқан.


Приложения командасы компьютердегі программаның орындалу жағдайын қарастырады.
Процесстер командасында программалардың іске қосылуы ғана көрсетілмей, жүйелік тапсырмалар мен процесстердің терезелері де көрініп тұрады.

13.3-сурет. Быстродействие командасының орындалу терезесі.

Сеть командасы қарапайым график түріндегі жүйелерді көрсетеді. Бұл команда жүйелік адаптерлі компьютерлерде көрсетіледі.


Ал, Пользователи командасында компьютердегі қолданушылардың аты және олардың жағдайы туралы мәлімет береді.
Дискіде зиянды әрекеттерді болдырмау мақсатында дискілерді тексеру (ScanDisk) қолданылады. Бұл программаны: Бас меню→ Программалар→ Стандарттар→ Қызмет ету программалары→Дискіні тексеру командалар тізбегін орындау арқылы іске қосамыз. ScanDisk программасы көрсетілген дискіні тексереді де, барлық қателерді автоматты түрде тексеруге тырысады.

13.4-сурет. Дискіні тексеру терезесі.


Дискіні дефрагментациялау.
Дискінің бөліктерге бөлініп сақталған файлдармен жұмыс істеу жылдамдығын арттыру үшін «Дискіні дефрагментациялау» програмасы қолданылады. Оның мақсаты файлдардың мазмұнын өзгертпей, олардың кластерлері бірінен кейін бірі орналасатындай етіп жазу. Бұл әрекет оңай көрінгенмен оған тиісті көңіл бөлінуі қажет. өйткені оның әрбір пайдаланушыға тигізетін көмегі көп.
Бұл программаны іске қосу үшін: Бас меню→Программалар→ Стандарттар→ Қызмет ету программалары→Дискіні дефрагментациялау қатарларын таңдаймыз.
Дефрагментациялау әрекетінің ұзақтығы бірнеше факторларға, мысалы дискінің көлеміне, оның жүктелу дәрежесіне тәуелді. Кез келген жағдайда бұл әрекет бірнеше сағатқа дейін созылады және бұл уақытта мүмкіндігінше компьютерді пайдаланбаған дұрыс.

13.5-сурет. Дискіні дефрагментациялау терезесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет