Сервистік программалар – әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы болып табылады.
Сервистік бағдарламалар операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оларды кейде утилиттер деп атайды, яғни белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар. Утилиттердің мүмкіндіктері:
магниттік дискінің бір бөлігінде сақталған оналтылық санау жүйесіндегі мәліметтерді тексереді;
Утилиттер жиі белгілі комплекстерді (Norton Utilities, PC Tools Deluxe және Mace Utilities) беріктереді. ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кешенді программа болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.
Сонымен қатар, Windows стандарттық утилиттерден басқа мониторинг пен компьютерді қамтамасыз ететін қызметтік бағдарламалардан тұрады. Оларды іске қосу: Іске қосу (Пуск)→Программалар→Стандарттық→ Қызметтік. (1-сурет)
13.1-сурет. Қызметтік бағдарламаларды іске қосудың жалпы түрі.