Касперскийантивирусы Интернет адресі: http://www.kav.ru Антивирустардан ең танымалы әрі қуаттысы болып осы антивирус жоғары бағаланады. KAV Personal Pro версиясы бірнеше маңызды модулдардан тұрады. Scanner, сіздің қатты дискіңіздегі вирустармен залалдаған заттарды тексеруші. Касперскийдің антивирусы барлық файлдарды ретімен тексеретін кезде толық іздестіреді. Үлкен сенімділік үшін сондай-ақ архивтелген файлдарды тексеру режиміне қосуға да болады. Расында, мұндай процедура соншалықты көп уақытты алады.
Мәселен, егер сіз файлдардың белгіленген типінде ғана вирустардың мөлшерін сканерлегіңіз келсе, онда тексерудің тағы бір режимін – “Маска бойынша” (“маска” ретінді тексерілетін файлдардың типін жүргізіндер. Мысалы, *.doc, *.xls) пайдалануыңызға да болады. Вирустар табылғаннан соң бағдарлама сізге бірнеше варианттарды таңдауды ұсынады: “жұқпалыны” файлдан тазарту, өзі залалдаған файлды алып тастау немесе арнайы папкіге орналастыру. Сонымен бірге мүлде емдеу режимін тоқтатып тастауға болады, сонда антивирусыңыз вирустардың табылғаны туралы тек қана дабыл қағады.
Екінші құрастырылатын пакет – Monitor. Бұл бағдарлама автоматты түрде Windows қосу кезінде загрузка жүреді, тапсырма панелінің сол жақ бөлігіндегі икон арқылы жол ашылады.
Монитор автоматты түрде сіздің компьютеріңізге де жіберілген барлық файлдарды тексереді және де ашылатын құжаттар вирустартың шабуыл жағдайында дабыл белгісін береді. Одан басқа көптеген жағдайларда Monitor оның орындалу процесін тежей келе, залалданған файлдың қосылып кетуіне еш мүмкіндік бермейді. Бағдарламаның бұл қызметі кімде-кім көптеген жаңа файлдармен үнемі іс болып тұрғандықтан өте пайдалы мәселен Интернет бойынша белсенді “жүргіштермен”. KAV-ды барлық секіріп шыққан файлдарды тексеру үшін әрбір бес минут сайын жіберіп тұру мүмкін емес. Мұндай жағдайда монитордың қалғымайтын қарашығына ғана енуге болады...
Инспектор – тіпті белгісіз вирустарды тауып алуға мүмкіндік беретін модуль. Инспектор жұмыста Сканер және Мониторға қарағанда, мүлде басқа тәсіл қолданады, атап айтқанда файлдардың көлемін өзгертуді бақылау тәсілі. Файлға ене отырып, вирус шамадан тыс оның “сыйымдылығын” ұлғайтады және оның көлемін өзгертуге шақырады – сонымен-ақ өзін бас етіп ұсынады.
Mail Checker – электронды почтадағы мәліметтердің “ұшып шығуын” тексеруге жауап беретін модуль.
Script Checker – вирустың және трояндық скрипталардың аулаушысы.
Office Guard – Microsoft Office жүктелетін құжаттының әрбірін тексеруге арналған аналогиялық модуль.
Басқару Орталығы – Касперский антивирусының барлық бағдарламалық кешенінің “басқару пульті”. Бұл бағдарламаның ең маңызды қызметі – белгіленген бір уақытқа пайдаланушының қатысуынсыз автоматты режимде жедел тексеруді (егер қажет болса және емдеу жүйесіне де) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін – құралған Тапсырманың Жоспарлаушысы. Personal версиясындағы Checker және Office Guard модулдері қатыспайды, ал үйде пайдаланушыларға есептелген ең қарапайым версия Lite бар болғаны базалық модулді әрі автоматтың жаңарту бағдарламасын Касперский антивирусында лайықты жайлары – басқарудың қолайлығы, жаңартуды шығарудың қалыптылығы мен жиілігі (вирустар базасы әзер әр күн сайын толығады), сондай-ақ түрлі операциялық жүйелерде арналған версияның үлкен мөлшері. Бәлкім, міне сондықтанда Касперский Антивирусы корпарацияның рынокта көш басында келеді – көптеген фирмалар өздерінің локальдық желілерін қорғау үшін дәл осы өнімді пайдаланады.
Алайда “Касперскийді” үйге арналған идеалды антивирус деп атауға оның ауырлығы мен шапшаңдылығы кедергі келтіреді. KAV аппараттық ресурстарға өте талапты. Оның үстіне KAV жаңа версияның құнына (кейбір жағдайда, үлкен версияларға) төмен деп атаудың өзі де қиын. Бағдарлама авторларын түсінуге де болады – 100 пайыздың қарақшылық тәжірибелік жағдайда былайша ешқандай да бола қоймайды.
Dr.Web Интернеттегі адресі: http://www.drweb.ru Бұған 6-7жыл кейін, DOS дәуірінде Dr.Web россиялық антивирустардың ішіндегі біріншісі және ең жақсысы, деп толық құқықта санауға болар еді: алайда Windows версиясына өтуіндегі кешігумен өкінішті роль атқарды: Dr.Web-тің атағы қарқынды түрде кеми бастады. Бар болғаны жақында дерлік “барша халықтың сүйіктісі” AVP-тың (сол уақытқа дейін KAV-дың атауын ауыстырған) қымбаттауға байланысты Игорь Даниловтың жасап шығарғанына қызығушылық қайтадан артты. Бір қарағанда осынау “мәңгілік екінші” өнім көптеген жағдайда оның “Касперскийдегі” әріптесіне қарағанда қорғаудың нашар деңгейін ұсынуы мүмкін. Dr.Web антивирустың базасы KAV-ға қарағанда (кітапты жазу кезінде – 30 мыңға жуық жазба жүргізді) тіпті екі есе кіші. Әйтсе де жасаушылар сендіріп отырғандай, тестілеу нәтижесіне бұл ештеңе жасай алмайды. Қаншалықты Dr.Web оның антивирустық әріптесіне қарағанда принципті басқа қатынаста шығарылған: бағдарламаға эвристикалық анализатор модулі құралған, ол тек қана енді белгілі бағдарламаны және мәліметтер базасына ендірілгендерді ғана емес сондай-ақ, жаңаларын, әлі танылмаған вирустарды залалсыздандыруға мүмкіндік береді. Кез келген жағдайда кіші мөлшер және салыстырмалы үлкен емес база көлемі Dr.Web-тің антивирустың “чемпионаттар” мен салыстырмалы тестілеулерде күнделікті жүлделі орын алуға кедергі келтірмейді. Ең бастысы Dr.Web өзінің ауыр бәсекелестерінен айтарлықтай тез жұмыс істейді, ал кейбір жағдайда тіпті сыпайылау. Дәл осы Dr.Web отандық антивирустардың біріншісі болып Windows XP-ымен достасты, мұның өзі оған пайдаланушылардың назарын аударуға әкеліп соқты.
KAV сияқты Dr.Web-те модулдық принципке құрылған: дискіні сканирлеумен базалық бағдарлама айналысады, ол жіберілген бағдарламалар әрі құжаттарды бақылаумен – модуль Spider айналысады. Файлдардың барлық категориялары тексеріледі, өйткені орындалушы файлдар, Microsoft Word құжаттары, барлық танымал форматтардың архивтері (AR], ZIP, RAR, TAR және тағы басқа). VBS скрипталары және көптеген басқалары залалдануы да мүмкін.