Бағдарламасының мақсаты В. «Бизнестің жол карталары 2020» бағдарламасының міндеттері С. «Бизнестің жол карталары 2020»



Дата19.03.2022
өлшемі117 Kb.
#136106
түріБағдарламасы
Байланысты:
тест
Analysis of an essay, Essay for analysis 5

«Кәсіпкерлік» пәнінен тест сұрақтары

1.Экономикалық шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету,сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру:


А. «Бизнестің жол карталары 2020» бағдарламасының мақсаты
В. «Бизнестің жол карталары 2020» бағдарламасының міндеттері
С. «Бизнестің жол карталары 2020» бағдарламасының басымдықтары
Д. «Бизнестің жол карталары 2020» бағдарламасының индикаторы
Е. «Бизнестің жол карталары 2020» бағдарламасын іске асыру бағыттары

2.Кәсіпкерлік қызметті тоқтату келесі түрде жүзеге асырылады:


А.Ерікті және мәжбүрлі
В.Еріксіз және сот шешімімен
С.Жергілікті және ортадлық мемлекеттік органдардың шешімімен
Д.ҚР үкіметі және мәжілістің шешімімен
Е.ҚР Президентінің жарлығымен

3.Бұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына байланыссыз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер мен нормалар және қағидалар.



  1. Әмбебап этика

  2. Норма

  3. Ереже

  4. Тәртіп

  5. қағида

4.Қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топ-тар немесе қоғам арасындағы күрес; бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасындағы бақталастық



  1. Бәсеке

  2. Баға

  3. Сұраныс

  4. Өтініш

  5. жоспар

5.Жоспарланған істің (жобаның) нақты іске асатын-дығын көрсететін экономикалық негізделген аналитикалық құжат.



  1. Бизнес жоспар

  2. Міндет

  3. Жарғы

  4. Акция

  5. жоспар

6.Азаматтардың немесе жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асырылатын табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.



  1. Дара кәсіпкерлік

  2. Серіктестік

  3. Ұжымдық кәсіпкерлік

  4. Инновациялық кәсіпкерлік

  5. Қаржы кәсіпкерлік

8. Бір немесе бірнеші адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік.



  1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  2. Дара серіктестік

  3. Коммерциялық серіктестік

  4. Пул

  5. Концерн

9. Азаматтар мен заңды тұлғалардың сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі.



  1. Кәсіпкерлік

  2. Бизнес

  3. Сауда

  4. Қауымдастық

  5. бірлестік

10. Жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат.



  1. Коммерциялық құпия

  2. Ақпараттық құпия

  3. Жеке құпия

  4. Сауда құпиясы

  5. Сұлулық құпиясы

11.Субъектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.



  1. Кәсіпкерлік мәдениет

  2. Кәсіби мәдениет

  3. Саяси мәдениет

  4. Сауда мәдениеті

  5. норма

12. Кәсіпкердің мінез-құлық нормалары және оның жұмыс стилі мен заманауи мәдени қоғамның талаптарына сәйкестігі.



  1. Кәсіпкерлік этика

  2. Эстетика

  3. Саяси мәдениет

  4. Мамандық этикасы

  5. талап

13.Табыстың шығынана тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру жіне өткізу үрдісінің болуына жағдай жасайды.



  1. Қаржылық тұрақтылық

  2. Саяси тұрақтылық

  3. Экономикалық тұрақтылық

  4. Экологиялық тұрақтылық

  5. Аймақтық тұрақтылық

14. Әрбір адамның өзінің іс-әрекеті мен шешім қабылдау кезінде басшылыққа алуы тиіс қағидалар, ережелер, нормалар жиынтығы.



  1. Этика

  2. Білімділік

  3. Адамгершілік

  4. Ереже

  5. кодекс

15. Тәуекел факторларын бейтараптандыру (нейтрализациялау) мен талдау әдістерінің жиынтығы:



  1. Тәуекелді басқару

  2. Тәуекелді бағалау

  3. Тәуекелді талдау

  4. Тәуекелдің экономикалық үлгісі

  5. Тәуекелді әртараптандыру

16. Жоспарланған істің (жобаның) нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық түрде негізделген аналитикалық құжат:



    1. бизнес-жоспар

    2. бизнес идея

    3. инновациялық жоба

    4. ғылыми жоба

    5. ресми құжат

17. Инвесторларға кәсіпорынның белгіленген мерзімде белгілі бір сапада және қажетті көлемде өнім өндіре алатындығын көрсететін бизнес-жоспардың бөлімі:



    1. өндірістік жоспар

    2. қаржылық жоспар

    3. ұйымдастырушылық жоспар

    4. маркетингтік жоспар

    5. резюме

18. Ұсынылып отырған бизнес жобаның тиімділігін анықтауға арналған бизнес-жоспардың бөлімі:



    1. қаржылық жоспар

    2. ұйымдастырушылық жоспар

    3. маркетингтік жоспар

    4. өндірістік жоспар

    5. нарықты талдау бөлімі

19. Еңбекке жарамды жастағы адамдарға жатқызылады:


A) 16 жастан 63 жасқа дейінгі ерлер және 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер
B) 18 жастан 63 жасқа дейінгі ерлер және 18 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер
C) зейнеткерлер мен мүгедектерден басқа барлық әрекет қабілеттіадамдар
D) кәмелеттік жасқа толған адамдар
E) жұмыс жасайтын зейнеткерлер, студенттер мен мектеп оқушылары

20.Жұмыскерлерге төленетін сыйақы(төлем ақы )нақты орындаоған жұмыс уақытына байланысты болатын еңбек ақы нысаны;



  1. мерзімді еңбек ақы

  2. кесімді еңбек ақы

  3. лауазымды еңбек ақы

  4. аккордты еңбек ақы

  5. 5тарифсіз еңбек ақы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет