ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ» КАФЕДРАСЫ
Реферат
Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Орындаған: Айдаулет Б.Е.
Тобы: ИП-19-3к2
Қабылдаған: Бердібеков С.О.
Шымкент
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі тетіктері.
Ұлттық құндылықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі.
Абай еңбектерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиедегі маңызы.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Сыбайлас жемқорлықты феномен ретінде қоғамдық санадан, оның белгілі бір әлеуметтік жағдайларда қалыптасуы мен өзгеру динамикасынан бөліп қарастыруға болмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту – мамандардың ісі, бірақ осы жұмыстың нәтижелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдің туындау себептеріне қатысты еліміздің әрбір азаматының өзіндік жеке пікірі болуы тиіс. Ол өзінің жеке бағдарларын, адамгершілік ұстанымдарын, діни идеяларын басшылыққа алуы тиіс, сондықтан оның сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері туралы түсінігі нормативтік және ғылыми дефинициялардан ерекшеленуі мүмкін.
Қоғамдық өмірдің жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық қоғамдық айыптауды туындатады, алайда әртүрлі әлеуметтік топтарда оларға төзімділік дәрежесі бірдей емес. Өмірінде сыбайлас жемқорлық фактілерімен ұшырасқан әрбір адам оны азамат пен мемлекет өкілі арасындағы өзара қарым-қатынаста, азаматтардың өз арасында және бизнес саласында орын алмауы тиіс қоғамдық зұлымдық ретінде бағалайды.
Моральдық нормалар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлі. Адамзат өркениеті тарихында діни ілімге негізделген мораль нормалары тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Адамның моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас жемқорлыққа деген қатынасы бойынша ұстанымына байланысты. Ол оны кез келген мемлекеттік құрылыстың мәңгі жолсерігі немесе нақты қарсы тұра алатын және қарсы тұру қажет жағымсыз қоғамдық құбылыс ретінде қабылдайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |