Реферат Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Орындаған: Айдаулет Б. Е


Ұлттық құндылықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі28,2 Kb.
#84382
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат. Сыбайлас
без ответов, Есепке бағалау парағы, Есепке бағалау парағы, 3-топ
Ұлттық құндылықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі.

Ұлттық негіздер адамдардың рационалды, иррационалды, құн- дылықты, әлеуметтік тәртібінің санаттары туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады. Ұлттық негіздер әртүрлі халықтардың осы белгілері қалай сезілуі мен іске асырылуынан көрінеді. Бұл айырмашылықтар әр халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіндегі айырмашылықтарды
болжайды, себебі қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен дәстүрлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ауысады. Л. В. Савинов атап көрсеткендей, «осында [әртүрлі этностық топтар] өзге нысандары ғана емес, сонымен қатар өзге түсінік пен сыбайлас жемқорлықты өзгеше қабылдау бар.
Халық дәстүрінде көп уақыт өтуіне және осы практиканың күнделікті қайталануына байланысты иррационалдық деңгейде жаңғыратын, ұтымды тәртіп нысандары орныққан. Олардағы рационалды өзекті анықтауға тырысу қоғамның материалдық және рухани мәдениеті негіздеріне тереңдеп ену қажеттігіне әкеледі. Әрине, еңбек, білім, теңдік пен толеранттылық құндылықтары бейәлеуметтік, жағымсыз тәртіп, біз оған сыбайлас жемқорлықты жатқызатын, нысандарына қарсы тұрады.
Бұрын көмегін көрсеткен адамға көмек көрсету бірқатар дәстүрлі мінез-құлық нормаларына жатқызылады – «асар» және басқалар, олар достық немесе туысқандық қатынастар негізінде өзара қолдау мен көмекті көрсетеді. Бұл – жеке бас пайдасы үшін емес, қиын жағдайда көмектесу негізделген адамның мінез-құлқының әлеуметтік құндылығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Мысалы, әртүрлі этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген теріс көзқарасы көрінеді:
«Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры»,
«Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың»,
«Ұрымен дос болсаң, ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың»,
«Ұры ұрлық жасауын қойса да, «ұры» атауы оның қыр соңынан қалмайды»,
«Арамдықпен еңбек ету, тамақты ұрлықпен тапқанға тең»,
«Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды»,
«Қайыршының қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары);
«Арам жолмен келген игілік, пайдалы болмас» (күрд мақалы);
«Қасқырды көк бөрі болғаны үшін емес, қойды жегені үшін соғады» (орыс мақалы).
Бұл ретте «ұрлық» тура және жанама мағынасында да түсініледі. «Ұрлық жасау» осы байлықтың шынайы иесіне айтпастан еңбек етпей баю дегенді білдірмей ме?
Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары. Әлеуметтік тіршілік иесі мен саналы адам оны айналасындағылар қалай қабылдайды деп ойланады. Оның тәртібі қоғам белгілейтін және оның тәртібін бақылау функциясын атқаратын әлеуметтік нормалармен реттеледі. Қоғам мен адамның мұндай рухани байланысы ар-намыс пен абырой ұғымдарында білінеді.
Ар-намыс пен абыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке сананың әрдайым ерекше бақылауында болды. Ар-намыс пен адами абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні. Бұл қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпаққа беріліп, осы күнге дейін өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді.
Мысалы,
«Ар-намыс құлы және күш-жігердің қожайыны бол»,
«Су бәрін жуады, бірақ жан кірін жуа алмайды» (әзірбайжан мақалы);
«Кінәлі адам ұйықтай алмайды» (башқұрт мақалы);
«Кедей болсаң да, арың таза болсын»,
«Түйені жүгі, адамды ар-намысы қинайды» (қарақалпақ мақалдары);
«Байлық мақсат емес, кедейшілік масқара емес» (қырғыз мақалы);
«Өмірде бір күн өмір сүрсең де нағыз адам бол»,
«Адамның байлығы жарты бола берсін, абырой толық болса болғаны» (күрд мақалы);
«Көйлекті жаңадан, арыңды жас кезіңнен сақта», «Абыройсыздық өлімнен де бетер», рақымды сый-құрмет байлықтан қымбат» (орыс мақалдары).
Ар, намыс, ұят – честь, достоинство, совесть – қазақ жігіттері мен қыздарының жақсы қасиеттері болды. Қаншалықты бағалы екені халық нақылында көрінеді: «байлықты өмір үшін, өмірді абырой үшін құрбан етемін». Осы қарама-қарсы қою жас ұрпақты және халықтың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дәнін егеді.
«Орталық Азия мен Қазақстан жағдайындағы еңбек ең алдымен, мал шаруашылығымен, мақта өсірумен, жер өңдеу, бақша өсіру, жібек шаруашылығы, халық қолөнеріне байланысты. Атақты егінші, ВАСХНИЛ құрметті академигі Т. С. Мальцев «тұрмыстық мәдениет, халықтың рухани өмір салты мыңдаған жылдардың жер өңдеу өркениетінен туындаған. Барлық адамгершілік канондары, моральдық ұғымдар, тіпті тұтас дәуірдің көркем талғамы адамның жер анаға – қара жерге деген қатынасына негізделген. Егінші мен малшының қиын еңбегі, нанға құдайындай қарау, мақта мен малға ұлттық мақтаныш нысаны ретіндегі қатынас – осының бәрі балалардың бойында еңбекке және еңбек адамдарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиеледі» деп әділ атап өткен.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет