«Сандардың адам өміріне әсері. Сиқырлы сандар құпиясы.» Ақмола облысы,Жақсы ауданы, Жақсы ауылы 2016-2017 оқу жылы Авторы: Байдусенова Жансая
Жетекшісі: Кенжебаева Айгерим
Ғылыми жобаның мақсаты: Балаларға сандар құпиясы мен сандардың адам өміріндегі орнын тереңірек түсіндіре білу. Бұл үшін мынадай нақтылы міндеттерді орындаймыз:
- Сандардың шығу тарихын терең білу;
- Халықтық ұғымдарды саралап, сәйкестендіре білу;
- Сандар арқылы сан түрлі қызықты есептер құрастырып, шығару;
- Сандардың адам өмірімен тікелей байланыстылығын ашу.
Кіріспе Қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 4» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым-тыйымдарымыздан, нақыл-сөздерімізден мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерін пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан-жағымызға қарасақ сандар тек қана математикада емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда да маңызы зор. Қарап отырсақ осы керекті 10 сан болмаса , біз телефон да соға алмаймыз.
Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы о баста 5 күндік апта, бертін келе 7 күндік апта болған.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады. Әр санның өз қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелегін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған.
Зерттеулердің бірінде мынадай тұжырымдар жасалған:
-1, 2, 3, 4, 7 сан атауларының символдық мәні ғаламдық модель туралы көне мифологиядан бастау алады;
-7, 9, 40 сан атауларының символдық қасиеті магия өнерінің туумен бірге қалыптасқан;
-Сандар алғашында ерекше қолданылып, соның барысында, кейіннен сиқырлы сандар ретінде семантикалық жағынан дамыған;
-Сандық символдар жүйесінде қалыптасып, философиялық, логикалық, психологиялық т.б негіздермен сабақтасып, сандар арқылы көрнектеген этномәдени, рухани ескіліктердің күрделі де кешенді мазмұны – тілдік сананың түп негіздері;
-Сандар жүйесінде қалыптасқан қазақ ескіліктерінің пайда болуы ұлттық танымға сай о бастағы сандарға тағылған ерекше қасиет пен жұмбақ ұғымдарға байланысты;