Глоссарий орындаған: Аманова Айдана, м-017, 102-топ Қабылдаған: Дәулетбекова Ж. Т. п.ғ. д., ассоциативтік профессор № Термин



Дата19.02.2022
өлшемі126,67 Kb.
#132461
Байланысты:
Глоссарий


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Филология және көптілді білім беру институты
Пән мазмұнына қатысты педагогикалық, психологиялық тірек терминдермен
ГЛОССАРИЙ
Орындаған: Аманова Айдана, М-017, 102-топ
Қабылдаған: Дәулетбекова Ж.Т. п.ғ.д., ассоциативтік профессор



Термин

Мағынасы

Мысалы

1

Тіл

1. Қарым-қатынас құралы.
2. Тіл білімінің негізгі зерттеу объектісі.
3. Адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Қадыр Мырза Әли

2

Тілдік қатынас

Адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлес т.б әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс.

Оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым

3

Мәтін

(лат. Textum – қосылу, бірігу) орыс.текст – тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланысы негізінде түзілген жүйелі тізбесі.

Мәтін туралы алғаш peт қазақ тіл білімінің ғылыми негізін салушылар - А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов еңбектерінде айтылған болатын. А.Байтұрсынұлы мәтінді «шығарма сөз» деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады.
Калимухашева Б.Д., Қадырқұлова А.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы, 2020

4

Сөйлем

Предикаттық қатынас негізінде құрылып, біршама аяқталған ойды білдіретін синтаксистік тұтастық.

Қыс.
Атаулы сөйлем.

5

Оқылым

Графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу.

Оқылым, біріншіден, ой мен мидың жұмысына байланысты болса, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің ролі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушырманның қажетіне жарайды.
Тіл әлемі. Ф.Ш. Оразбаева.

6

Айтылым

Адамдар арасындағы тілмен түсінісуді жүзеге асыратын сөйлесім эрекетінің бір түрі.

Миға шабуыл
Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру

7

Тыңдалым

Ақпаратты құлақпен есту арқылы қабылдау.

Терме тыңдалым
Таныстық тыңдалым
Мұқият тыңдалым

8

Жазылым

1. «Жазылым» термині «жазу» (жазудың түрлері, әріптін жеке т.б.) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа Біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» Шеңді білдіреіп.
2. Жазылым — тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс.
3. Жазылым — тілдік тұлғалардын графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік матералының мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.

Себеп-салдарлық.
Аналитико-синтетикалық.
Орындалымдық.

9

Мотив

Адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш.

Мотив – пробуждение к деятельности, связанные с удовлетворением потребностей субъекта; совокупность внешних и внутренних условии, вызывающих активность субъекта, определяющих ее направленность.
Ж.Т.Дәулетбекова, Ж.И.Исаева, А.Ш.Ермекбаева «Тілді оқыту мотивациясы». Алматы-2018, 9-бет

10

Танымдық мотив

Теориялық және шығармашылық ойлаудың әдістеріне деген қызығушылық ретінде іске асатын мотив түрі.

қызықтырған білімді өз еркімен игеру, студенттерді өздігінен білім алуға итермелеу, өздігінен білім алуға бағыттылығы.

11

Әлеуметтік мотив

Студенттердің қоғамның әртүрлі өкілдермен қарым-қатынас жасауы; басқа адамдармен қарым-қатынас жасай отырып қоғамда өз орнын табу және қоғамның беделді мүшесі болуы.

ЖОО дағы әртүрлі студенттік ұйымдар. КБТУ: Art house, Unit, B-kesh, Парасат

12

Мотивация

(ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым.

Ешқашан құламаған адам ұлы емес, құлағаннан кейін қайта тұра білген адам ұлы.



13

Парадигма

Бастапқы тұғырлы үлгі

Антропоцентристік парадигма

14

Психолингвистика

Адамның ішкі табиғаты мен сөйлеу қасиетіне байланысты көптеген мәселелерді анықтай келіп, тілдік қарым-қатынасты іске асыратын құралдарды, олардың ерекшеліктері мен қызметін қарастыратын сала.

Психолингвистика тіл білімімен, оның әдістемесімен бірлесе отырып, тілді үйретуге, оны сапалы оқытуға көмектеседі.
Фаузия Оразбаева, «Тілдік қатынас»

15

Трансмиссия

Хабар беру

Баяншы

16

Рецепция

Хабарды қабылдау

Қабылдаушы

17

Тұлға

Жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі.

Индивид, азамат, адам

18

Әдіс

Зат. Қоғам өмірі мен табиғат құбылыстарын зерттеудің, танып білудің методы, жолы.

Әр түрлі амал, жол
Сипаттама, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, структуралық, математикалық әдістер

19

Тәсіл

Зат. Белгілі бір істі орындап шығу үшін қолданылатын әдіс, амал, айла. Зерттеу әдістерінің әдіс.

Амал, айла

20

Амалдар

Зат. Тәсіл, айла, жол, әдіс.

«Ер тоқым, атымен, қарумен, Ер шеркешті әкелген амалым бар.» (Абай)

21

Метод

Зат. Бір нәрсені зерттеу мен тексерудің әдісі, айласы, тәсілі.

Метод дегеніміз – объективтік дүниенің құбылыстарын білудің, зерттеудің әдісі. (Марксистік филос.)

22

Методика

Зат. Пед. Белгілі бір пәнді оқыту әдістерінің жиынтығы.

Педагогикалық институтты бітіретін жігіт не қыз өз мамандығының методикасын егжей-тегжейлі үйренеді. (Лен.жас)

23

Методист

Зат. Қандай болса да пәнді оқыту методикасы саласындағы маман.

Жанат Тұрарбекқызы

24

Методология

Зат. Ғылыми зерттеу методы туралы ілім.

XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. («Қазақстан Энциклопедиясы» жобасы)

25

Коммуникация

(лат.communicatio байланысамын, қатынасамын) (қатысым) адамдардың танымдық-еңбек процесінде қатынас жасау, пікір алмасу, ой бөлісу – олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы.

Партизан отрядтары жаудың коммуникацияларында күшті әрекет жасаумен болды. Ұлы Отанс соғысы жылдарында Әскери-Теңіз флоты жачу әскерге көмек жасап, олардың жағалаудағы және өзінің соғыс-теңіз базалары мен коммуникацияларын қорғады.
Қасым Аманжолов. Қасиетті борыш/180, 1980, 65/

26

Активті сөздік қор

(лат.activus әрекетті, әрекетшіл) орыс активный словарь – белгілі бір ортадағы күнделікті тілдік қарым-қатынаста жиі қолданылатын сөздер.

Студенттерге активті сөздік қорды меңгерту контекст, мәтін, диалог, жаттығу арқылы орындала келіп, оқылым, тыңдалым, тілдесім, жазылым әрекеттерін түгел қамтиды.

27

Пассивті сөздік қор

Сирек қолданылатын немесе кең тарамаған сөздер.

Мауыты, дүрия, шайы, бастаңғы, өлтірі, асадал

28

Субъект

1. Ойдың иесі, соған қарап предикат анықталады.
2. Грамматикалық бастауыш
3. Болмысты тану мен өзгертудің қайнары ретіндегі индивид немесе топ; белсенділікті жеткізуші




29

Предикат

(лат. predіcatum — баяндау) — пікір түрінде қасиет пен ерекшеліктерді білдіретін пікір баяндауышы. Предикат белгілі бір нәрседе әлдебір қасиеттің (белгінің) барын не жоғын бейнелейді

“Бүркіт — жыртқыш құс” деген пайымда предикат “жыртқыш құс” сөздерімен айтылып тұр. Предикат заттарға (субъектіге) ерекшелік пен қасиеттердің тән немесе тән емес екенін белгілейді.

30

Интеграция

Тілдердің бірігу, бірігу процесінде олардың айырмашылықтарының жойылуы.






Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Тілдік қатынас, Оразбаева Ф.Ш.

  2. Тілдік қатынас (Мәтін), Оразбаева Ф.Ш.

  3. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі, Оразбаева Ф.Ш.

  4. Тілді оқыту мотивациясы, Ж.Т.Дәулетбекова, Ж.И.Исаева, А.Ш.Ермекбаева

  5. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, Қалиев Ғ.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет