4 саны. Өмірінің 3 кезеңінің бірі бұл санға сәйкес келетін адамға тән ерекшелік – еңбекқорлық. Бұл сан иелері жоғары қызмет атқармаса да өзінің қабілеті, іскерлігі бар екенін танытып, өзін сол арқылы бақытты сезіне алады. Олардың есінде сақтауға тиісті жағдай: жаңаны жатсынып, ескіге бүйрегі бұратын кертартпалықтан (консерваторлықтан) ешкім атақ-абыройға ие бола алмайды, сол себепті ондай сезім бар болса, одан арылуға тиісті.
5 саны. Адам ғұмырының бұл санға тұспа-тұс келетін кезеңі иесінің халыққа қалаулы болуымен ерекшеленеді. Бірақта Сіз «мен осындай санның иесімін. Яғни, жұлдызым жанып тұр», – деп дандайсымаңыз, ойланбай ешнәрсені де жасамаңыз. Бұл ақыл-кеңеске құлақ аспасаңыз, бармағыңызды тістеп, өкініп қалуыңыз мүмкін.
6 саны. Зерттеушілердің пайымдауынша, «бұл кезеңнің «билігіндегі» уақыт жұптасуға, топтасуға қолайлы». Егерде сіз осы уақытқа дейін жалғыз жүрсеңіз, енді қасыңызда жанашыр жан пайда болады. Сіз жанашырыңызбен ақылдасып, пікірлесіңіз. Сонда бұл өмірдің мән-маңызы мен оның Жаратқан Иеміз сыйға тартқан таңғажайып тіршілік екенін терең түсіне бастайсыз.
7 саны. Өз өмірінің бір белесінде бұл санға «ие» болғандар өзін-өзі жетілдіруге, жан-дүниесін байытуға барлық күш-қайратын жұмсайды. Олар өткен өмір жолына үңіліп, өзіне-өзі есеп береді, келешекке жоспар құрып, осыған дейін жіберген қателігін енді қайталамауға бет бұрады. Ой-өрісі кеңейіп, тереңдейді, дүниеге көзқарасы жұмбақтанып, құпиялана түседі. Оның өмір бойы жинаған тәжірибесі шығармашылық жұмыспен айналысса, оң нәтижесін береді. Қай мәселені де талдап, талғамдай алатын қасиетінің қай істе де көмегі мол.
8 саны. Егерде Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі бұл санға тұспа-тұс келсе, өзіңізді өзгелерге билік жасау, басқару ісі күтіп тұр деп ойлай беріңіз. Мүмкін ел басқармассыз. Алайда бұл кезеңде Сіздің үй-ішіне, туған-туыстарыңызға билігіңіз, сөзіңіз жүреді. Оған кәміл сеніңіз.
9 саны. Бұл санға «ие» болсаңыз, ауқымды ой-жоспарлардың, жанқияр батылдықтың кезеңі келді деп білі-ңіз. Бұл кезеңде бойыңыздағы күш-қайрат тас қопарып, тау бұзуға жетеді. Жалғыз-ақ, армандап, қиялдана білсеңіз болғаны. Осы кезеңде өзіңізді үлкен маңызды істердің күтіп тұрғанын ұмытпаңыз. Тағы да қайталап айтамыз, зерттеушілердің бұл болжамдарына сену, сенбеу өз еркіңізде. Алайда осынау қорытындылардың тектен-текке өмірге келмегені, онда халықтың мол іс-тәжірибесі жатқаны есіңізде болсын.
Қазақтар 7 санын қасиетті санап, мүшел жасты өмірдің қиын, қауіп-қатерге толы кезеңі деп түсініп, сейсенбіде сапарға шықпауға тырысқанымен, ешбір санды жамандамайды. Біздер үшін Аллаһ Тағаланың барлық күні сәтті. Тек, ниетің оң, ісің адал болсын. Оның бір сыры: кезінде император Наполеон, мұнай алпауыты Поль Гетти, АҚШ президенттері Герберт Гувер мен Франклин Делано Рузвельт 13 санын қатерлі санаса, Диана ханшайым мінген автокөлік Париждің жер асты жолындағы он үшінші бағанға барып соқтығысқан. 13 санын қатерлі көргендіктен, ағылшын теңізшілері әлі күнге дейін айдың он үшінші жұлдызында кемеге мінбейді, американдық кейбір авиакомпаниялар мұндай күні өз кестелерінен ұшуды алып тастаған. Тіпті, «Оксфорд юниверсити пресс» шығарған анықтамалықта 13 күні жұмыстан артына қарамай кетуді, ұйықтар алдында айнаға қарамауды, қандай жағдайда да «шошқа» деп айтпауды ұсынады. Ал, енді еуропалықтардың түсінігінше айдың 13-і жұмаға сәйкес келсе, ол күн «қара жұма» деп саналады. Жалпы, «қара жұма» он бір жылда бір-ақ рет қайталанатын көрінеді. Американдықтардың есептеуінше, «қара жұма» елге 750 миллион доллар шығын әкеледі екен. Сонда 13 саны сәтсіз, қатерлі болғаны ма? Біздіңше, бұл наным-сенім қазақтар үшін емес. Өйткені, қазақта алғашқы мүшел – 13 жаста, сол себепті халқымыз: «Он үште отау иесі», - деп ұлын ардақ тұтады.
2 ТАРАУ. НУМЕРОЛОГИЯНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
2.1 Нумерология ғылымының дамуы
«Ғылымның былайғы көпшілікке беймәлім салалары аз емес. Солардың бірі ретінде нумерология ғылымын айтуға болады»
Қытай ғалымдары нумерологиядағы өз болжамдарын былай дейді: 1 саны – ар мен ұтыс, 2 – жеңілдік, 3 – өсу, 4 – өлім, 5 – жоқтық, 6 – байлық, 7 – белгісіздік, 8 – өркендеу, 9 – көп жасау.
Мәселен олар 28 - нөмерлі үйге ақша жеңіл жолмен келеді десе, 58 өркендеу- дің, алға жылжудың жоқтығын білдіреді дейді. Олар 4 санынан өлердей қорқады екен, бірақ 48 - ге жуық деген құрметтері ерекше, шамасы «өлердей ақша» дегенді білдіретіндіктен болар. Тіпті 2828 нөмерлі үйдің құны қанша шарықтап тұрса да оны сатып алушылардың санында шек болмайды.
Егер сіздің үйдің нөмері 2457 болса, онда өміріңіз шат - шадыман (2), дегенмен шектелу де бола қоймайды (4). Өзгеріс көп болғанымен (5), білімділігіңіз, даналығыңыз сізді биіктетіп тұрады (7).