Негізгі бөлім
Сандар ұғымы өте ерте заманда туған. Бұл ұғым ғасырлар бойы кеңейтіліп әрі жалпылана түскен. Мысалы, о баста бес күндік апта, бертін келе 7 күндік апта болған
«Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор. Біздің заманымызға дейін ІV ғасырда ол өз жақтастарымен мектеп ашқан болатын. Пифагоршылар сандардың мистикалық өміріне сенді. Әрбір нәрсенің артында белгілі бір сан тұрады деп ойлады. Сандар өздерімен бірге қайырымдылық пен зұлымдылық, бақыт пен бақытсыздық ала келеді деп сенді. Бізге тек бұл сандардың не әкелетінін білу керек деп ойлады. Пифагоршылар барлық сандардан 1 санын, бірлікті жоғары қойды. Себебі бүкіл әлем 1 санынан басталады. Бірлік – бүкіл әлемнің бастауы. Екілік өзімен бірге махаббат ала келеді, сонымен бірге тұрақсыздық әкеледі. Үштік қарапайым емес сан, себебі ол жоғарыдағы екі санның қосындысынан шықты. Ал, алты саны таңғажайып сан болып есептеледі. Себебі ол бұған дейінгі сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. Алтылық 1, 2, 3 сандарына бөлінеді. Жеті саны киелі де, қасиетті де сан болып есептеледі.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзді талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. «Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған»
Жай сандардың құпия қасиеттері жайында алғаш пікір айтып, нумерология ғылымының негізін қалаған Платон, Аристотель болды. Кейіннен неміс дәрігері, философ Генрих Корнелий Агриппа Неттесгеймский, Н.Л.Гильбрайт, австралиялық нумеролог Дэвида Филлипс, А.Ф.Александров, т.б зерттеу еңбектерін жазған. Ал киелі сандардың қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттеуші-ғалымдар І.Кеңесбавтың, сонымен бірге Ә.Хасенов, Ә.Қайдар, Н.Уәлиұлы, Т.Жанұзақов, Е.Қойшыбаев, Н.Оралбаева,Т.Сайрамбаефв, Ж.Байзақов, А.Машанов, А.Елешева, Қ.Ғабитханұлы, Г.Шаһарман, Қ.Тажиев, Қ.Дүсіпбаеваның еңбектеріне қарастырылған.
1.2 Сандар сыр шертеді
Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады. Мысалы:
1 саны – батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады.
2 саны - сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән.
3 саны- ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны.
4 саны - жұмбақ сан.
5 саны - тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны.
6 саны - әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағымдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес.
7 саны - әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал.
8 саны - басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар.
9 саны – қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан.
Сан құдіретіне қатысты мына жайды да айта кетуге тура келеді. Қазақтың жаңа жылы Наурыз айынан басталады. Наурыз көжеде 7 түрлі тағам бар. Сондай-ақ 13 жас бірінші мүшел, 25 жас екінші мүшел, 40 жасы кемел жас деп есептелінеді. Ертегілерде «Қырық уәзір» айтылады, оның үстіне «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Қырық кісі бір жақ – қыңыр кісі бір жақ», «Қырқында- қыры кеткен» деген аталы сөздер бар.
Әр санда өзіндік бір ұғым, мағына болатындығын, сан атаулының мақсаты мен мағынасы болатынын сезініп, түйісе білгендіктен, белгілі бір сан атауларына байланысты мақал-мәтелдерді, ұғымдарға теңеп отырған. әлемдік көзқарас бойынша да сан атаулының әрқайсысында адам баласының дүниетанымы, көзғарасы жатыр. Осы саланы зерттейтін ғылым бар, ол- нумерология деп аталады.
Ойлап қарап отырсаңыз, тарихи тұлғалардың көбісі өздерінің ұлылығы мен данышпандығын, таңғажайып батырлығын, дүниені дүр сілкіндірген жаңалығы мен жетістігін 17, 21, 25 жасында-ақ танытып үлгірген. Сенбейсіз бе, онда тыңдаңыз: Француздың ұлы ғалымы Блез «Паскаль теоремасы» атты атақты еңбегін он жеті жасында жазса, Венгр халқының атақты ақыны Шандар Петефи небәрі жиырма алты-ақ жыл өмір сүріп, өзінің барлық шығармаларын осы жасқа дейін өмірге әкелді, «Тынық Дон» роман -эпопеясының 1-2 кітабын жазғанда М.Шолохов небәрі 23 жаста болды. Француз математигі Эварист Галуа 21 жас, Шоқан Уәлиханов 30 жас, Саттар Ерубаев 23 жас қана өмір сүрді. Әрине, тарихта мұндай 17-30 жас аралығында-ақ атақ-даңққа бөленгендер аз емес. Сонда 17, 21, 23 , 30 жастың қандай құдірет күші бар, жалпы сандардың адам өміріне қатысы қаншалықты шындық?! Бұл жөнінде халықтың наным-сенім, ырымында болжам көп...
Біз енді адамтану мәселесімен айналысушылардың әр пенденің маңдайына жазылған ғұмырдың 3 кезеңінің оған «тиесілі» 3 санын қалай анықтайтынына, ол жөнінде қандай пайымдаулар айтатынына тоқталайық.
Ғұмырдың 3 кезеңі Бірінші кезең. Ол – 28 жасқа дейінгі ғұмыр. Бұл кезде адамның балалық, бозбалалық шағы артта қалып, ол салиқалы шаққа аяқ басады.
«Өмірдің бұл бөлігін қалай өткеретініңізді көрсететін сан, қаңтардан қыркүйекке дейін туғандар үшін сол айлардың реттік саны (қаңтар – 1, ақпан – 2, наурыз – 3 ай дегендей есеппен 9 - айға – қыркүйекке дейін кете береді) болып табылады. Қазаннан желтоқсанға дейін туғандардың мұндай саны екі қатар санның бірін-біріне қосу арқылы шығады (қазан - 10-ай: 1+0=1, қараша - 11-ай; 1+1=2: желтоқсан - 12-ай: 1+2=3).
Достарыңызбен бөлісу: |