Венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюі – тері астында көрінетін, ісінген, кедір-бұдырланған және ұлғайған веналар. Көбінесе, олар қызыл немесе көк түсті болады. Олар әдетте, аяқта пайда болады, бірақ, дененің басқа бөліктерінде де пайда болады.
Себептері
Аяқтың сау веналарында қанды ұстап тұратын және оның жүрекке қарай жоғары жылжуына ықпал ететін қақпақшалары болады. Қақпақшалар дұрыс жұмыс істемесе, қан венада іркіледі. Олар жиналған қаннан ісініп, венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюі пайда болады. Тері үстінде көруге болатын венаның (көктамырдың ) аздаған варикоздық кеңеюі «тамырлық жұлдызшалар» аталады.
Венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюі кең таралған ауру және ерлерге қарағанда, әйелдерде жиі пайда болады. Әдетте, ауру көпшілік адамдарда көп мәселе туындатпайды. Дегенмен, кейбір адамдарда аяқтағы ісіну және ауырсыну, тромбы түзілуі және терінің өзгеру секілді күрделі симптомдардың дамуына апаруы мүмкін.
Венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюі – беткі веналардың қақпақшаларының дұрыс қызмет етпеуіне байланысты ұлғаюы, ауырсынуы, кедір-бұдырлануы. Венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюі әдетте, аяқта болады, бірақ, басқа жерде де болуы ықтимал. Бұл кең таралған ауру, көбінесе, әйелдерде кездеседі.
Аурудың даму қаупінің факторлары:
Егде жас
Әйел жынысы (жыныстық жетілуде, жүктілікте, етеккір тоқтау шағында пайда болатын гормондық өзгерістер венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюіне апаруы мүмкін). Ұрықтануға қарсы дәрілерді немесе гормондарды қабылдау да қауіпті арттырады.
Вена қақпақшаларының туа біткен ақауы
семіздік
жүктілік
бұрын аяқ венасында тромб түзілуінің болуы
ұзақ уақыт бойы тұру немесе отыру
Венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюінің отбасылық тарихының болуы.
Симптомдары
Аяқта ауырлық, жарылатындай сезімнің, кейде ауырсынудың болуы.
Көрінетін, ісінген веналар
Аяқтың немесе тобықтың жеңіл ісінуі
Қышу
Аурудың ауыр түрінің симптомдары:
Аяқтың ісінуі
Аяқтың немесе сирақтың ауырсынуы – ұзақ тұрғанда немесе ұзақ отырғанда
Аяқ немесе тобық терісінің түсін өзгертуі
Құрғақ, тітіркенген, қабыршақтанған тері, жеңіл сызаттанып, жарылады
Ұзаққа созылатын, жазылмайтын терінің ойық жаралары
Аяқ пен тобықтағы терінің қалыңдауы және нығыздауы (бұл ұзақ уақыт бойы орын алуы мүмкін).
Диагностика
Дәрігер аяқтан ісіну, терінің түсінің өзгеруін, ойықжараны табу үшін ға қарайды, сондай-ақ, дәрігер тексереді: Веналардағы қан ағынын Аяқтың басқа мәселелерін ескеру (мысалы, тромб түзілуін).
Емдеу
Венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюінің симптомдарының көрінісін азаайту үшін келесі қадамдарды ұсынады:
Ісінуді азайту үшін компрессиялық шұлық кию. Олар аяқты аздап қысып, аяқта қанның жылжуына ықпал етеді.
Ұзақ уақыт бойы тұрмау немесе ұзақ отырмау. Аяқты аздап қозғалтудың өзі қан ағынын жақсартады.
Аяқты күніне 3-4 рет, әр жолы 15 минуттен, жүрек деңгейінен жоғары көтеріп қою.
Ашық жаралар немесе инфекциялар болса, оларға мұқият күтім жасау.
Артық салмақтан арылу.
Дене жаттығуларының санын арттыру. Бұл салмақтан арылуға және аяқта қан ағымын жақсартуға көмектеседі. Жүру және жүзу дене белсенділігінің жақсы үлгілері.
Егер аяғыңыздың терісі құрғақ және жарылған болса, ылғалдандыру.
Аурудың ауыр өтуінде емдеудің келесі нұсқалары ұсынылады:
Лазермен емдеу. Жарық сәулесі шағын варикозды веналарға бағытталады, олар кейіннен көрінбейтін болады.
Склеротерапия. Тұзды суды немесе химиялық ерітіндіні венаға енгізеді. Вена қатаяды және көрінбейтін болады.
Абляция. Венаны жауып, көрінбеуі үшін жылу қолданылады. Вена кейіннен көрінбейтін болады.
Веналарды тазалау (ісінуін жою): аяқта, зақымданған вена тұсында шағын хирургиялық тіліктер жасалады. Вена бір тілік арқылы тазартылады.
Қақпақшаны қалпына келтіру: аяқта шағын тілік жасалады және зақымданған қақпақша қалпына келтіріледі.
Шунтирлеу: бұл тежелген вена маңындағы қан ағымын қайта бағыттау үшін жасалатын хирургиялық операция. Түтік немесе денеден алынған қантамыры зақымданған вена маңында қан ағымының айналып өту жолын жасау үшін қолданылады.
Ангиопластика және стенттеу. Бұл процедура тарылған немесе бітелген венаның саңылауын ашады. Ангиопластика кезінде тежелген венаның саңылауын кеңейту үшін шағын медициналық баллон қолданылады. Баллон венаның ішкі қабырғасына жабысып, оның қан ағымын жақсартады. Шағын металл түтік (стент) вена ішіне қойылады, оның қайтадан тарылуын болдырмас үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |