Жүрек қан тамырлар ауруларындағы мейірбикелік үрдіс



бет1/18
Дата09.02.2022
өлшемі28,08 Kb.
#131155
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
14 тақырып электив


Жүрек қан тамырлар ауруларындағы мейірбикелік үрдіс.
Қан айналым жүйесі жүрек пен қан айналымының үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Қан айналымның үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан – қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларға одан әрі капилярларға (қылтамырларға) жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тіндерге, ал ондағы көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериялық қан вена қанына айналады. Вена қаны капилярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғарғы және төменгі венаға жетеді де, сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады.
Қан айналымының кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындағы қан көмірқышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе көпіршіктеріне қарай артериялар арқылы ағып отырып өкпе капиллярларға жетеді, осы сәтте қандағы көмірқышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан әр өкпеден екі – екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып сол жүрекшеге құйылады.
Үлкен және кіші қан айналым шеңберінің бұзылуынан әр түрлі патологиялық өзгерістер дамиды. Осыдан басқа жүректің жиырылу орамының патологиясыда әсер етеді.
Шағымдары:
1) ентігу
2) тұншығу
3) жүрек маңайының ауырсынуы
4) жүректің қағуы (үнемі,үзілісті,күш түсуімен байланысты)
5)ісіктер
6) қан түкіру
7)басының ауруы, айналуы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет