Жүректің қағуы кезіндегі мейірбикенің кірісулері Ауру адамның жүрегінің дұрсілі күшейіп, дұмпуі жиілейді. Ол жүрек қызметін реттейтін нерв жүйесінің жоғарғы дәрежеде қозуына байланысты болады. Жүрек дұрсілінің күшеюі миокардит, миокард инфаркті, жүрек ақауы және басқа аурулар кезіндегі жүрек бұлшық еті зақымдануының белгісі болып табылады. Сонымен қатар ол басқа ағзалар зақымданғанда да рефлекторлы түрде қызба, анемия, невроз, гипертиреоз, кейбір дәрілік заттар қабылдағаннан кейін (атропин, сульфален және т. б.) байқалуы мүмкін. Жүрек дұрсілінің күшеюі қатты физикалық күш түскен кезде сау адамдарда да кездеседі.
Кейде жұгіргенде, тіпті кофе ішкенде де пайда болуы мүмкін. Жүрек ауруларының ауыр түрімен ауыратын адамдарда әрдайым жүрек дұрсілі байқалады, ол әсіресе пароксизмалды тахикардия кезінде ұстамалы түрде білінеді. Кейде науқас кісілер жүректің ауытқуын, оның тоқтап қалғаны сияқты сезеді, сұрастыру кезінде мұндай жағдай қай кезде байқалатынын анықтау керек.