Миокард инфаркті - тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы. Миокард инфарктісімен сырқаттанатын науқастардың саны 1000 адамға шаққанда 2,87 – 3,08% - ын құрайды. ЖИА –ның бұл түрі көбіне 40-тан асқан шақта дамиды және 50-56 жас аралығында бұл аурумен сырқаттану едәуір жиілейді. Ер адамдар әйелдерден 5-2 есе жиі ауырады. Соңғы кезде миокард инфарктісінің жиілігі екі есе көбеюге жақындаған.
Біріншілік анамнезінде МИ бұрын ауырған жəне аспапты тексерулерде МИ белгілерінің болмауымен анықталады.
2. Қайталамалы МИ тек мына жағдайда, науқаста бұрын МИ ауырған туралы құжаттық мəлімет болса жəне айқын жаңа некроз ошақтарыны пайда болғанда анықталады.
3. Рецидивті МИ клинико-зертханалық жəне аспапты зерттеу белгілердің, МИ дамығаннан кейін мерзімі 72 сағаттан (3 тəулік) 28 күнге дейін жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен жəне оның негізгі үрдістерінің тыртықтануымен аяқталуы.
Емі
Инфарктінің алғашқы симптомдарын пайда болған жағдайда жылдам жедел-жәрдемді шақыру керек!
Жедел жәрдем келгенше науқасқа келесі көмекті жедел көрсетілуі шарт!
Науқасты өзіне ыңғайлы етіп жатқызу не отырғызу керек. Қысып тұрған киімінің кеуде тұсын ағытытып, бөлмеге таза ауа кіргізу керек.
Науқасқа келесі дәрі-дәрмектерді беру керек:
Нитроглицерин дәрісін тілдің астына салу, қажет болса 2 данадан.