Ентігу кезіндегі мейірбикенің тәуелсіз кірісулері: -төсекке ынғайлап отырғызыңыз;
- қысып тұрған киімдерін шешіңіз;
- бөлмені желдетіңіз;
- дәрігерді шақырыңыз;
- оксигенотерапия жүргізіңіз;
- дәрігердің нұсқауын орындаңыз;
-ортопноэ жағдай жасаңыз;
-дәрігер келгенше керекті дәрілерді дайындаңыз; 2,4% - эуфиллин ертіндісін; жүрек гликозидтерін т. б.;
-пациенттің жалпы жағдайын, қадағалап отырыңыз;
-нұсқау қағазына пациенттің демін, қан қысымын, тамыр соғысын белгілеңіз.
Ентігу кезінде тұншығу пайда болуы мұмкін, мүны журек демікпесі деп те атайды. Бүл үстама тыныштық кезде де, физикалық және эмоционалдық күш түскеннен кейін де пайда болады, сол сияқты ол ұйықтаған кезде де болуы мүмкін. Бүл кезде кейде көбінесе қан аралас көбікті қақырық түскені байқалады.