6.1-сурет Жедел жады программаларды, бастапқы мәліметтерді, аралық және қорытынды нәтижелерді жазуға, сақтауға және оқуға арналған. Жадының ұяшықтары 8 биттен топтастырылған – оны 1 байт деп атаймыз. Әрбір байттың өзінің адресі бар, осы адрес бойынша онда информация жазылады және оқылады.
Жадының көлемі компьютердің жылдамдығын арттыратын және жұмыс қабілетін арттыратын негізгі сипаттамасы болып табылады. Жадының кемшілдігінен кейбір программалар орындалмауы да мүмкін.
Жедел жадының бейне жадысы (видеопамять) деп аталатын бөлігі бейне тақтасында орналасады да, ол экранға шығарылатын информацияны уақытша сақтау үшін қолданылады. Өзгертуді қажет етпейтін информация сақталатын жады тұрақты жады деп аталады. Тұрақты еске сақтау құрылғысының (ТЕСҚ→ ПЗУ) информация схемаға “тігінен” жасалған, яғни микросхема түрінде дайындалған.
ЕСҚ –да көбінесе мынадай программалар орналасады:
компьютерді қосқан кезде оның құрылғыларын тестен өткізіп, жұмысын тексеретін программалар.
операциялық жүйенің жүйелік файлдарының жүктемелік дискідегі сақталған орнын көрсететін мәліметтер.
ТЕСҚ-дағы информация тек оқуға арналған.
Жады.Кез келген компьютердің ең негізгі құрамдас бөлігі ол-жады. Жоғарғы қабат орталық процессордың ішкі регистрлерінен құралады. Олар процессор жасалған материалдардан жасалады және олар процессор сияқты өте жылдам жұмыс істейді. Ішкі регистрлер 32- разрядтық процессорда 23х23 битті сақтауға, ал 64- разрядты процессорда 64х64 битті сақтауға мүмкіндік бар. Программалар аппаратурасының қатысуынсыз регистрлерді басқаруға алады.
Келесі қабатта құрал-жабдықтармен байланысатын кэш-жады орналасқан. Оперативті жады кэш-жолдарға бөлінген, әдетте ол 64 байт болады, ал адресация мен нөлдік жолда 0-ден 63-ке дейін, ал бірінші жолда 64-тен 127-ге дейін және т.б. Кэштің көп қолданылатын жолдары орталық процессорлардың ішінде немесе оған өте жақын орналасқан жоғары жылдамдықты кэш-жадыда сақталады. Программаға жадыдан бір сөзді оқу керек болатын болса, онда кэш-микроүрдіс, кэшта осындай жол бар ма, әлде ондай жол жоқ па екендігін тексереді. Егер осындай болатын болса, онда кэш-жадыға тиімді хабарласу болады, берілген сұранысымыз кэштан түгелімен қанағаттандырылады. Кэшке тиімді хабарласу 2 такт уақытты алады, ал тиімді емес хабарласу кезінде уақыт көп жұмсалады. Кэш-жадының көлемі өте шектеулі, сол себептен оның бағасы өте жоғары болады. Кейбір машиналарда кэштің 2 немесе 3 деңгейі бар, әдетте олардың кейінгілері алдыңғылардан баяу және үлкендеу болып келеді.
Негізгі жады
Негізгі жады – бұл ақпараттарды сақтау құрылғысы. Ол оперативті және тұрақты еске сақтап отыратын құрылғылардан құралады. Оперативті еске сақтайтын құрылғы (орысша баламасы ОЗУ) , белгілі бір уақытта орындалатын программаларды дискіден көшіріп отырады. Оны көбінесе оперативті жады деп те атайды.
Тұрақты еске сақтайтын құрылғы (ТЕСҚ)- ол компьютерді құрастырған кезде жазылатын тұрақты ақпараттар сақталуының жері. Тұрақты жады (ROM, Read Only Memory-тек оқуға ғана арналған жады)-энергияға тәуелсіз жады, бұл өзгертулерді қажет етпейтін мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. ТЕСҚ-ны тек оқуға ғана болады.
Циклді оқу уақытында кіріс порты берілген шинаға сигнал беруін қамтамасыз етуі керек. “ІOR” сигналы алдында.