Санау жүйелері, екілік арифметика, арифметикалық амалдар тақырыптары бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру, бекіту.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Оқушыларда cанау жүйелері туралы түсінік қалыптасады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Теорияда алған білімдерін cабақта қолдана біледі
Кейбір оқушылар:
Санау жүйесін толық игеріп, оқушы ойланып зерттеу жасайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
Санау жүйесінің анықтамасын және қосымша сұрақтарға жауап бере алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер
Санау жүйесі,
екілік арифметика,
арифметикалық амалдар
Сыныптағы диолог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Санау жүйесі деген не ?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Компьютерде тәжірибелік жұмыс
(Деңгейлік тапсырмалар)
Алдыңғы тақырып
Екілік арифметика, арифметикалық амалдар.
Жоспар
Сабақ кезеңдері
Уақыты
Жоспарланған жаттығулар мен тапсырмалар
Ресурстар/
Оқу үшін бағалау
Басталуы 15 мин
2 мин
Ынтымақтастыру сәті.
Тренинг: «Жақсы лебіз» ойыны
Оқушылар орындарында тұрып, шаттық шеңберін жасап, бір-біріне жақсы тілекті айтып, қолдарын жоғары көтеріп, 3 рет шапалақ ұрып сабақты бастаймыз.
10 мин
Үй тапсырмасын тексеру Топқа бөлу
Әдісі: «Мина»
Оқушыларға сұрақтар жазылған қызыл, көк қағаздарды умаждалып тасталынады. Аяғы тиген сұрақтарға жауап беріледі.
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
1. Санау жүйесі деген не ?
- Белгілі алфавиттердің көмегімен және сандардың ережесіне сәйкес сандарды жазу тәсілі.
2. Позициялық санау жүйесі деген не?
-Сандағы цифрлардың мәндері оның орнына (позициясына) тәуелді санау жүйелерін позициялық деп атайды.
3. Позициялық емес санау жүйесі деген не?
-Сандағы цифрлардың мәндері оның орналасуына тәуелсіз болатын санау жүйелерін позициялық емес деп атайды.
4. Негізі деген не?
-Позициялық санау жүйесіндегі цифрлар санын негізі деп атайды.
5.Екілік санау жүйесі деген не?
-Екілік санау жүйесі дегеніміз- ол негізі 2 болатын санау жүйесі.
6. Санды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне аудару ережесін айтып бер?
-Ондық санау жүйесіндегі санды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлінді екіден кіші болғанша бөлінеді де, қалған қалдықты кері бағытта жазу керек.
7. Санды екілік санау жүйесінен сегіздік және он алтылық санау жүйесіне аудару ережесін айтып бер?
-Сандарды екілік санау жүйесінен сегіздік және он алтылық санау жүйесіне аудару үшін оларды үтірден оң және сол жаққа үштағандарға (сегіздік сандарға үш цифр) және тетрадаға (он алтылық сандарға төрт цифр) бөлу қажет. Содан кейін әрбір осындай топтарды сегіздік (он алтылық) сандарға
ауыстыру керек.
8. Санау жүйесінің түрлерін ата ?
-екілік, сегіздік, ондық, он алтылық
9.Позициялық санау жүйесі позициялық емес санау жүйесінен қалай ерекшеленеді?
-Ондық санау жүйесі- позициялық, ал римдік- позициялық емес.
10. Екілік санау жүйесінде қандай амалдар орындалады?
-Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар (қосу, азайту, көбейту) ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады.
Топтар өздерін бағалап, жауабын толықтырып отырады
20 мин
Тақтамен жұмыс: "Түймедақгүлі" Оқушыларға себетке салынған түймедақ гүлі беріледі. Артында бірнеше тапсырмалар жазылған. Екі топтан оқушылар тақтаға орындайды. Екі топқа табыс критерийін алдын ала беріп қоямын.
«Бағдаршам»Әдісі оқушыларды ынталандыру мақсатында бағдаршам түстері арқылы бағалау жүргізіледі
Маған түсінікті -
Менің сұрағым бар –
Мен түсінбедім -
Аяқталуы 15 мин
10 мин
Сынақ
1. Сандардың аталу және жазылу әдістерінне деп атаймыз?
А) Бит
Ә) Байт
Б) Дәреже
В) Санау жүйесі
2. Санау жүйесі неше түрге бөлінеді?
А) 1
Ә) 2
Б) 3
В) 4
3. Санның цифрына бөлінетін
позицияны не деп атайды?
А) Бит
Ә) Байт
Б) Дәреже
Б) Цифр
4. 11102 мен 10012 екілік сандарының қосындысын табыңдар?
А) 101112
Ә) 11102
Б) 111112
В) 110002
5. 11112 мен 01012 екілік сандарының азайтындысын табыңдар?
А) 00012
Ә) 01102
Б) 10102
В) 10002
6. 1112 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар?
А) 5
Ә) 13
Б) 10
В) 12
Жауаптары:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
В
В
Б
А
Б
Ә
Смайликтер арқылы бағалау
5 мин
Сәйкестендіру кестесі
Санау жүйесі
-екілік, сегіздік, ондық, он алтылық
Екілік санау жүйесі деген не?
Ондық санау жүйесіндегі санды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлінді екіден кіші болғанша бөлінеді де, қалған қалдықты кері бағытта жазу керек.
Санды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне аудару ережесін айтып бер?
Белгілі алфавиттердің көмегімен және сандардың ережесіне сәйкес сандарды жазу тәсілі.
Позициялық санау жүйесі
Сандағы цифрлардың мәндері оның орналасуына тәуелсіз болатын санау жүйелерін позициялық емес деп атайды.
Санау жүйесінің түрлерін ата ?
-Екілік санау жүйесі дегеніміз- ол негізі 2 болатын санау жүйесі.
Позициялық емес санау жүйесі
Сандағы цифрлардың мәндері оның орнына (позициясына) тәуелді санау жүйелерін позициялық деп атайды.
Тапсырма барысында оқушылардың әрекетіне сәйкес "бармақ арқылы" формативті бағалау жүргізіледі