Қуанышбаева Гүлнар, А. Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектептің қазақ-тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: 7 сыныпта өткен Құнанбаевтың шығармаларына қайталау.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік Оқушыларды Ұлы ойшылдың даналық дариясына
бойлату, терең ойлармен сусындату, дүниетанымдық көзқарасын айқындауды
Абайша дүниеге сыншыл көзқараспен қарауға үйрету. Абай өлеңдерін терең
меңгерту, өлеңді мәнерлеп жатқа айту мен әдеби терең талдауға бейімдеу.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін
дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Б) Тәрбиелік: Жалпы тіршілік атаулының тұтастығын түсіндіре отырып, туған жерге
деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға,
имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденушілік, қорытынды сабақ.
Сабақтың әдістері: Топтастыру, баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, пікір айту, жүйелеу,
салыстыру. Венн диаграммасы, талдау.
Пәнаралық байланыс: Ән, тарих, қазақ тілі.
Көрнекіліктер: Абай портреті, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сәлемдесу
2) Оқушыларды түгендеу
3) Сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалімнің кіріспе сөзі және сабақтың эпиграфы:
«Абайды тани алмаған қазақ дүниені де танып жарытпайды.»
-деп, Н.Ә. Назарбаев айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызда ізденушілік, қорытындылау сабақ ретінде.
Абай лебі - заманының тынысы,
Абай үні –ғасырлардың өрісі - деп сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, Абайды біз кім деп танимыз?
Абай өмірінен мәлімет.
1. Абай – ұлы ақын.
Абай өлеңі сезімінің жемісі, буырқанушы, шабыттанған сезімнен туған лирикалары оның адам жанын тебірентетіні де сондықтан. Ендеше, Абай өлеңдеріне шолу жасайық.
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
«Мен жазбаймын өлеңі ермек үшін»
«Ғылым таппай мақтанба»
«Қалың елім, қазағым қайран жұртым»
«Оспанға»
«Ұлы Абайға»
« Сегізаяқ»
2. Абайдың поэмалары
3. Абайдың лирикасы:
«Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі»
а) Табиғат лирикасына шолу
ә) Махаббат лирикасы.
«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? » дегендей Абайдың махаббат, ғашықтық тақырыптағы өлеңдеріне шолу жасайық.
Жас әнші, термешінің орындауында «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін тыңдайық.
4. Абай шебер аудармашы.
Ойы – терең, түрі көркем , өзінше айтсақ, «іші алтын, сырты күміс» сөз жақсысын жаза білген Абай – қазаққа ғана емес, туысқан елдердің көптеген талантты ақындарына ұстаз. Ол Гетенің, Пушкиннің, Лермантовтың, Крыловтың шығармаларын қазақшаға аударып, шебер аудармашы атанды.
«Қараңғы түнде тау қалғып» әнін хормен айту.
5. Абай – сазгер.
Қазақ халқының мәдени мұрасында Абай шығармашылығы маңызды орын алады. Қазақ халқы Абайды тек данышпан ақын, әрі ағартушы ретінде және көптеген халық әндерінің авторы болғандықтан оны сазгер деп таниды.
Енді сол әндерінен үзінді тыңдап көрейік.
«Желсіз түнде жарық - ай» ұлдар тобының орындауында.
6. Абай – жазушы, философ.
- Ақын адамдарды құлшына алға басуға жігерлендіріп, әділетті, ақиқатты сөз ететін, тәрбиелік мәні күшті қара сөздер жазды, - дей келе қара сөздеріне шолу (слайд арқылы).
7. Сабағымызды қорытындылай келе, оқушылар шығармашылығына тоқталу.
Абай туралы менің өз ойым.
7. Бес жол өлең.
1). Зат есім. (1 сөз) Абай
2). Сын есім. (2 сөз) Кемеңгер ойшыл.
3). Етістік (3 сөз) Өлең шығарады, ел басқарды, мектеп ашты.
4). Пысықтауыш. (4 сөз тіркесі) Семейде оқыды. Жастарды тәрбиеледі. Надандықпен айқасты. Білім-ғылымға үндеді.
5). Түйін сөз. (5 сөзден құралған түйін сөз) Ол елін сүйген кеменгер ақын.
8. Толықтыру тесті.
1) Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
............................................................
............................................................
2) Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
.........................................
.........................................
3) Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан,
..........................................
..........................................
4) Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
...............................................................
...............................................................
9. Венн диаграмасы
№
|
Ақындар
|
Ұқсастықтары
|
Ерекшеліктері
|
1
|
Дулат
|
|
|
2
|
Абай
|
10. Тест
1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;*
С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 7жасында;
В) 8жасында;
С) 9жасында;
Д) 10жасында;*
Е) 11жасында.
3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі;*
В) Араб, парсы, иран;
С) Араб, парсы, түркімен;
Д) Араб, парсы, өзбек;
Е) Араб, парсы, орыс.
4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 10жаста;
В) 11жаста;
С) 13жаста;*
Д) 15жаста;
Е) 16жаста.
қымбат», «Көлеңке басын ұзартып».
5. Абай өлеңін ата.
А) «Маса»;
В) «Әсемпаз болма әрнеге»;*
С) «Батыр Баян»;
Д) «Жәңгірханға айтқаны»;
Е) «Аягөз».
6. Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Алтыншы сөзінде;
В) Отыз үшінші сөзінде;
С) Он сегізінші сөзінде;*
Д) Жиырма бесінші сөзінде;
Е) Он тоғызыншы сөзінде.
7. Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады».
А) Жетінші;*
В) Он сегізінші;
С) Он тоғызыншы;
Д) Отыз бірінші;
Е) Отыз сегізінші.
8. Халық арасына ән болып тараған аудармалары?
А) «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»;*
В) «Сегіз аяқ»;
С) «Көзімнің қарасы»;
Д) «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, қалам қас»;
Е) «Қор болды жаным».
11. Оқушылардың шығармашылығынан.
1) Жас жүрек соғар Абай деп.
(Өлеңдер оқу)
2) Абай әндерін тыңдау.
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай
12. Үйге тапсырма:
«Мен Абайды қаншалықты білдім?» - эссе жазу.
13. Оқушылардың білімін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |