«Cауат ашу және жазуға үйрету әдістемесі» пәнінің мақсаттары мен мазмұны


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама



бет2/2
Дата26.09.2022
өлшемі36,5 Kb.
#150720
1   2
Байланысты:
Cауат ашу

2.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.
Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері – азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:

  • білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру;

  • нәтижесін дұрыс мөлшерлеу;

  • білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандарттарының ережелерін бұзбау;

  • жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету;

  • білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету;

  • оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің білім мазмұнын көрсету;

  • мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу;

  • тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету.

Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады. Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік стандартында вариативті оқу жоспары үшін мынадай сағаттар қарастырылған:

  • таңдаған сабағы бойынша: бірінші сынаптар үшін аптасына 2 сағат және екінші-төртінші сыныптар үшін аптасына 3 сағат;

  • факультативтер: 5-9 сыныптар үшін аптасына 5 сағат;

  • кәсіби пәндер: 10-11 сыныптар үшін аптасына 8 сағат;

  • қолөнер курстары: 10-11 сыныптарға аптасына 4 сағат;

  • таңдауы бойынша курстар: 10-11 сыныптарда аптасына 5 сағат.

Білім мазмұны оқушы жастардың алуға тиісті білімі, дағдылары оқу бағдарламасында көрсетілген оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқу бағдарламасында әрбір пәннің мақсаты мен міндеттері; пәннің сипаты мен құрылысы және пәнаралық байланысы; оның мазмұнының бірізділігі көрсетіледі. Оқу бағдарламаларының құрымы негізінен екі түрге бөлінеді. Бағдарламада әр жылдарда оқу пәндерінің кейбір бөлімдерін қайталап оқу көзделеді.
Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту концепциясы маңызды нормативтік құжат болып табылады. Онда білім беру саласының жағдайына сыни тұрғыда баға берілген. Концепция білім берудің басты үш мақсатын (шығармашылық, дүниеге көзқарас, терең білім) алуға қояды және мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсатын айқындайды. Қазақстан мектептерінің қызметіндегі басты бағыт оқушылардың білім, білік, дағдыларын біртіндеп қалыптастыру және олардың талдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Осыған байланысты концепция білім берудің әрбір кезеңінің негізгі мақсаттарын анықтайды:

  • мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие: мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына орай білім алуда балалардың тең дәрежелі мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету;

  • жалпы орта білім: азаматтардың міндетті жалпы орта білім алуына және оның сапалы болуына конституциялық құқықпен қамтамасыз ету;

  • бастауыш және орта кәсіптік білім: бастауыш орта кәсіптік білім беру орындарын бітірушілердің еңбек рыногында бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, сонымен бірге үлкендерді кәсіби даярлау мен қайта даярлаудан өткізу;

  • жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім: орта мектепті, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді кәсіби дайындауға, жоғары оқу орындарын бітірушілерді қайта даярлауға жағдай жасау.

Концепция еліміздегі білім беру жүйесінің одан әрі дамуын қарастырады. Бұл қадамдағы бағытты 2000 жылдың қыркүйегінде еліміздің Презинденті бекіткен мемлекеттік «Білім» бағдарламасы көрсетеді. Бағдарлама жалпы орта білім саласында мынадай негізгі міндеттерді көрсетеді:

  • мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту;

  • мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттарын жүзеге асыру;

  • оқыту әдістері мен мазмұнын жақсарту арқылы мектептердегі білім сапасын арттыру;

  • педагогтар мен оқушы жастардың денсаулығын сақтау шараларымен қамтамасыз ету.

Бағдарламада тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің мақсаттары анықталған: тәрбиеленушілердің бойында қазақстандық патриотизм, адамгершілік және жалпы азаматтық құндылықтарды қалыптастыру. Бұл орайда төмендегідей міндеттер айқындалды:

  • оқу орындарында оқушы жастарды этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеудің тиімді жүйесін құру және еңгізу;

  • балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарын дамытуды қолдау;

  • қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдардың жүйесін сақтау және одан әрі дамыту;

  • тәрбие ісімен айналысатын басқару орындарының қызметкерлерін, академиялық топтардың жетекшілерін, сынып жетекшілерін қайта тәрбиелеу;

  • балалардың бақылаусыз жүруі және қылмысына, құқық бұзуына қарсы шара қолдану істерін жүзеге асыру.

Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы оны жүзеге асырудың жолдарын анықтайды: білім мазмұнының демократиялық және гуманистік бағытта жаңаруын, оқушы жастардың сапалы білім алуға ұмтылуын; оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды жетілдіру; білім беру саласының қызметкерлері мен оқушы жастарды әлеуметтік қорғауды күшейту; мұғалімдердің жалақасын көтеру арқылы әлеуметтік рөлі мен беделін жоғарлату.
Жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттарда тілдерді үйрену мәселесі маңызды орын алады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңда елімізде мемлекеттік тіл — қазақ тілі, ұлтаралық тіл – орыс тілі деп көрсетілген. Тілдер туралы заңды дұрыс жүзеге асыру үшін: халыққа мектептер мен оқыту тілін таңдауға кең құқық берілуі; Республиканың барлық мектептері мен мектепке дейінгі оқыту орындарында мемлекеттік тілдің пән ретінде тереңдетіліп жүргізілуі; орыс тілін жан-жақты оқытуға қажетті жағдай жасау; мектептер қос тілді меңгерген мұғалімдермен қамтамасыз ету керек.
 3. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын талдау ( ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы)
1. «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, ол оқулық жазуда басшылыққа алынады:

  1. дыбыспен жаттығу;

  2. әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;

  3. оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;

  4. білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.

3. Әріп таныту реті А.Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
4. «Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету.
5. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді:
1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
3) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға үйрету;
4) әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
5) дыбысты әріппен таңбалап, жазуға дағдыландыру;
6) сөзді буындап оқуға, тұтас оқуға, мәтінді түсініп оқуға машықтандыру;
7) жазу дағдысын (қатесіз, көркем жазу) қалыптастыру;
8) сөздік қорын байыту;
9) коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру;
10) тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажырату, салыстыру, топтастыру, талдауға үйрету;
11) тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу;
12) танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту;
13) ана тіліне, Отанына, туған еліне, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;
14) жеке тұлғалық қасиеті мен әлеуетін ашу;
15) тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру;
16) физиологиялық ерекшеліктерін ескеру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет